2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет15/20
Дата24.05.2023
өлшемі38,44 Kb.
#96626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Есеп №14

Ригада тұрып жатқан Серіков жанұясымен бірге Алматыға көшіп келуді ұйғарады. Ол өзінің алыс туысы Қалиевпен келісілген соманың айналасында тұрғын үй сатып алу варианттарын іздестіру жөнінде уәделеседі және сатып алған тұрғын үй құнының 2,5% мөлшерінде сыйақы төлеуді міндетке алады. Біраз уақыт өткен соң Қалиев Келімжанованың тиімді бағамен 3 бөлмелі пәтерін сатып алуға мүмкіндік барын біледі. Осы үй Серіковтың көңілінен шығады деп есептеп, өз қаражаты есебінен Келімжановаға соманың жартысын төлейді. Қалиев дереу Серіковпен хабарласады, бірақ ол жағдайлардың өзгеруіне байланысты Алматыдағы пәтерді керек етпейтінін айтады және оған сыйақы төлеуден, шығындарын өтеуден бас тартады. Қалиев Келімжановаға пәтерді сатып алудан бас тартқанын айтқанда ол кепілпұл ретінде төленген ақшаны қайтарудан бас тартады, себебі жасасқан шарттың кесірінен басқа сатып алушыларға пәтер сатудан бас тартқанын мәлімдейді.

Қалиев Серіковпен және Келімжановамен де қарым-қатынастарындағы өзінің мүліктік құқықтарын қорғау жөнінде заң кеңесшісіне барады. Қалиевке қандай кеңес берілуі тиіс?


Есеп №15

Психикалық ауруға шалдыққан Шөмішбаев галантериялық дүкеннен күн сайын тарақ сатып алып тұрған. Оның үйіне 500-ден астам тарақ жиналғанда, әйелі дүкен директорына барып, тарақтардың бәрін қайта қабылдап алуды және олардың ақысын қайтарып беруді талап етеді. Өз талаптарын ол Шөмішбаевтың өз әрекетінің мәнін түсінбейтінімен және соған байланысты оны әрекетке қабілетсіз деп тану үшін сотқа барғалы жүргенімен дәйектейді. Директор Шөмішбаевтың әйелінің талабын орындаудан бас тартады.

Бұл жағдайда кімдікі дұрыс?
Есеп №16

Ауыр халдегі сырқат Момынов жинақ банкісіндегі өзінің ақша салымын бірнеше жыл бойы іс-жүзіндегі некелік қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы сенімхат береді. Сонда ол куәгерлердің көзінше Нұрланова осы қаражат есебінен оны жерлеуге байланысты барлық шығындарын өтеп, ал қалғанын өз еркімен жұмсасын деген тілегін білдіреді. Осы сенімхатта, Нұрлановаға мұра бойынша автокөліктің және үйдің өтуі туралы өсиетте Момынов емделіп жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәландырылады. Момыновтың өлімінен кейін әкесімен бірнеше жылдар бойы қатыспаған, бірақ заң бойынша жалғыз мұрагері болып табылатын оның ұлы Нұрлановадан жинақ банкідегі ақша салымын беруді талап етеді.

Осы талап арыз қаншалықты негізді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет