2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет14/20
Дата24.05.2023
өлшемі38,44 Kb.
#96626
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
АҚ және АІЖҚ мемлекеттік емтихан 2022 жыл

Есеп №10

Бірлестіктің мал шаруашылық кешенімен жасасқан шарты бойынша, соңғысы Бірлестікке 60 бұзау мен 50 торайды өткізуді міндетке алады. Малды жөнелтуден 1 күн бұрын кешен директорының тапсырмасымен торайлар іріктеліп, бөлек тұрған қораға жабылады. Найзағай соққысының нәтижесіде торайлар тұрған қора өртеніп, бүкіл 50 торай мерт болады. Осыған байланысты, мал шаруашылық кешені Бірлестікке тек 60 бұзауды бермекші болады да, ал өздеріндегі торайлар олардың санын өсіру үшін өздеріне қажет дегенге сілтеп, торайларды беруден бас тартады. Бірлестік талап арызбен сотқа барады.

Сот қандай шешім шығаруға тиіс?


Есеп №11

Азаматша Әлібаева мен оның бұрыңғы күйеуі өздерінің арасында жасасқан келісімді куәландыру үшін нотариусқа барады. Ол келісім бойынша ажырасқан ерлі-зайыптылар кішкентай балаларын асырау жөнінде бір-біріне қандай да бір талап қоюдан өзара бас тартады, күйеуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге дәметпейді, ал әйелі балалары кәмелетке жеткенше жаңа некеге тұрмауды өзіне міндет етіп алады. Нотариус бұл мәмілені куәландырудан бас тартады.


Нотариустың әрекеті дұрыс па?



Есеп №12

ХХ ғасырдың басында дүние салған жазушының мұражай-үйін ұйымдастыру комитеті жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қолжазбалар мен құжаттарды, жеке заттарды сыйға беруін немесе сатуын азаматтардан өтініп сұрайды. Басқа заттармен қатар комитет жазушының алыс туыстарынан жазушы ие болған стол мен жазу құралын сатып алады.


Біраз уақыт өткен соң әдебиеттанушы Исаев сатылып алынған заттарды қарап, столдың жазушыға еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді. Ал сатылып алынған жазу құралына келсек, ол шынымен жазушыныкі болған.

Сатушыға қандай талаптар қоюға болады?



Есеп №13

Үсенов өзінің кемтарлығанан-соқыр болу себебінен, пәтер бойынша көршісі Армановты Үсеновтың атынан шартқа қол қоюын сұрайды, ол шарт бойынша Болатбаевтан 10000 теңге қарыз алады. Шартта қарастырылған мерзім өткен соң Болатбаев қарыз сомасын қайтаруды талап етеді. Үсенов жағдайының жоқтығына сілтеп, бұл талапты орындаудан бас тартады.


Сот мәжілісінде Армановтың қойған қолын ешкім куәландырмағаны, ал оның өзі бұл қаладан мүлдем кетіп қалғаны анықталады. Қарыз шартының тәртібі сақталмағанын көрсете отырып, Үсенов талап арызды мойындамайды, бірақ ақшаны алғанынан бас тартпай, оны реті келгенде қайтарып беруге уәде береді.

Сот қандай шешім шығаруы тиіс?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет