208
стандартты деңгей қарастырылған.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу
процесін ұйымдастыруда Ы.
Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім
академиясының ресми сайтында
https://uba.edu.kz/
орналастырылған Үлгілік
оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері
Пәнді оқу барысында педагог:
-
әлем халықтарының материалдық және рухани мұрасын зерделеуге;
-
білім
алушылардың
бойында
азаматтық-құқықтық
сананың
қалыптастыра отырып, патриотизмге тәрбиелеу;
-
білім алушылардың бойына
ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды қалыптастыруға
ерекше назар аудару ұсынылады.
Тарихты оқытуда келесілерге көңіл бөлу ұсынылады:
Пән бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарының бірі білім
алушыларда тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Әлемнің
тарихи дамуы барысында бізге жеткен жалпыадамзаттық құндылықтарды
дарытуға ықпал ететін материалдарды зерттеуге
ерекше назар аудару
ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда,
тарихи деректерден, басылымдар мен электронды құралдардағы ақпараттарды
қолдана отырып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға өз ойын ауызша және
жазбаша түрде анық білдіру дағдыларын дамытуды қамтиды. Сондықтан сабақта
білім алушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу,
жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-
келген құбылысын
сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі
тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау
қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа
қатысты білім мен түсінікке негізделген
өзіндік дәлелді ұстанымды
қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп
кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, «Дүниежүзі
Достарыңызбен бөлісу: