214
бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді
қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты
- құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты
азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен
құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін
жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға,
мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық
сананы қалыптастырады.
9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық
және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,
Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде
құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ
қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: