219
әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020
жылғы
22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.
9. «Құқық негіздері» пәні мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелік
әлеуетін арттыру
«Құқық негіздері» бойынша сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру
барысында білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін,
құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының
құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген
құрметті, «толық адам»
қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуға
бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және
жалпыадамзаттық
құндылықтар.2022-2023
оқу
жылында
білім
беру
ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:
✓ «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
✓ «Дебат» қозғалысы;
✓ «Оқуға құштар мектеп»;
✓ «Отбасы – мектеп»;
✓ «Құқықтық сана – қауымға пана»;
✓ «Еңбек – елдің мұраты»;
Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының сайтында орналастырылған
https://uba.edu.kz/
.
Тәрбие бағытының бірі – білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу.
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық
сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға
бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи
әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды
өткізу жоспарлануда.
Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу
критерийлері:
негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау,
құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше
және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы
келмейтін мінез-құлық,
құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген
түрін қабылдамау, академиялық адалдық.
Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік
нормаларымен таныстыру қажет. Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ
Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы
туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы» және
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»
ҚР Заңдарын білулері тиіс.
Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез-
құлқы мәселелерін зерттеуге назар аудару ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: