2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет121/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   170
 
 
«Дене шынықтыру» пәні, 5-9-сыныптар 
2022-2023 оқу жылында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 


224 
сайтында 
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу керек.
«Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға 
уәждемесін (мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық 
(спорттық-спецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне, дене қабілеттерін 
дамытуға бағытталған. 
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша 
білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы спорттық 
біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атап 
айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда 
нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, 
моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған. 
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың 
бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 
Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша 
өзгеруі мүмкін. 
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты 
оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 
«Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары 
мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен 
қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат 
беруге мүмкіндік береді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда 
«Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу 
жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. 
«Дене шынықтыру» пәнінің бағдарламасы мектепте дененің шынығуы мен 
адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың 
барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық 
оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір 
үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және 
қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне 
бағытталған. 
«Дене шынықтыру» 
оқу
 пәні, 10-11-сыныптар 
2022-2023 оқу жылында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 


225 
сайтында 
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу керек.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Дене 
шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын 
келесі 
сайттан 
жүктеуге 
болады 
(қоғамдық-гуманитарлық 
бағыт, 
жаратылыстану-математикалық бағыт). 
Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін 
ұйымдастырудың негізгі түрлері: 
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-
шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар
4) спорттық үйірмелер; 
5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің 
мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып 
табылады. 
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім 
алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 
 
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
«Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сағаттарды бөлу» тақырыптық 
жоспары 19.4-кестеде келтірілген.
19.4-кесте. Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық 
сағаттар санын тоқсандарға бөлу»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет