2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет136/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   170
 
24. «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 10-11 СЫНЫПТАР 
 
2022-2023 оқу жылында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 
бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясының ресми сайтында 
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік 
оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Үлгілік оқу жоспары бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пән 
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 
инварианттық компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып 
табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім беретін 
мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі 
ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын 
қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда 
болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған. 
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын 
техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген. 


247 
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды 
түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға 
лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға 
бейімделген. 
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес 
тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL (Project 
Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сөзбе сөз бұл термин 
«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне 
белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді, 
бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер 
қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әртүрлі мәселелер бойынша 
сарапшылардың рөлін өз мойнына алып, өздерін сынап көреді. 
Әдістеменің негізгі ұғымы – «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың
11-сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы 
тиіс. Алдымен олар өз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың 
негізін қалаушысы рөлінде өзін елестету керек. Содан кейін олар басшылар, 
маркетологтар, зерттеушілер сияқты өз стартаптарымен жұмыс істейтін болады. 
Оларға өз клиентін зерттеуге, өз өнімінің прототипін жасауға, серіктестерді 
табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді. 
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. 
Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай өніммен айналысу керек, оны жылжыту 
үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың бизнесі үшін кім 
үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді сұрақтарға алдын ала 
қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, мұндай тәсілде 
«дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес, командалық жұмыс, 
команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың көрсеткен күш-жігері 
мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен қисындылығы 
бағаланады. 
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін 
мәселенің көптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы әдістеме 
бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері, шектеулі 
уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез келген 
адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері: 
- пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму 
тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру; 
- өмірлік саналы ұстанымдарды және өз әрекеті бойынша жасаған 
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік 
тәсілдемелерді қолдану; 
- Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер 
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 
Оқыту міндеттері
• оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін 
қалыптастыру


248 
• оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын 
меңгеруі; 
• оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты 
жауапкершілік сезімін қалыптастыру; 
• оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру
мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру; 
• бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды 
кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту; 
• бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін 
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу; 
• зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық 
технологияларды қолдану. 
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған «Кәсіпкерлік 
және бизнес негіздері» оқу пәні басқа бағыттарға басымдықтар бере отырып, 
оқыту процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Академиялық 
білімнің орнына практикалық дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл 
оқушылармен өзара іс-әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді. 
Оқыту процесінің өзі Life-long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) 
тұжырымдамасына жауап беретін тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін 
қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады. 
10-11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу 
жүктемесінің көлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 
сағатты құрайды. Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде 
сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау 
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу 
жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау көрсету 
мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында «есептелді» 
(«есептелген жоқ») қойылады. 
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша 
сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Өзін-өзі 
тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу 
пәндері бойынша сынақ қою талаптары әдістемелік ұсынымдарында келтірілген. 
Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әртүрлі мамандық дипломы бар 
мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» ҚР 
ҰКП-ның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қатысты 
сертификаты бар болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет