2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет144/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   170
Пәнді оқытудың басты мақсаты – адамзат қоғамының өркендеуі үшін 
ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген, 
ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білетін, зерттеу 
және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі қарым-қатынастық 
қабілеттілігі дамыған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін тілдің 
ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы 
меңгерту, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану 
әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға 
төселдіру.
Пәнді оқытудың міндеттері: тілдің функционалдық қасиеттерін 
меңгерту; тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту; тілдің 
қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануға баулу; тілдің кумилятивтік 
қызметін мәтін арқылы негіздеу; танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін 
меңгерту; ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру; зерттеу және 
шығармашылық әдістерді тиімді қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; 
сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай 
қолдана білуге жеткізу. 


264 
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас 
мамандар 
мектебі, 
педагогикалық 
шеберлігін 
жетілдіру 
мектебі, 
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі 
мәселелерін қарау ұсынылады:
1. Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері; 
2. Онлайн сабақтарды жоспарлау және бақылау. 
3. Оқушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары; 
4. Оқу мақсаттарымен жұмыс жасау тәсілдері; 
5. Формативті бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 
шешу жолдары; 
7. Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі;
8. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы 
оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері; 
9. Қазақ әдебиеті сабағы арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау; 
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. 
Грамматикалық 
тақырыптарды 
лексикалық 
тақырыптармен 
сабақтастырудағы шеберлік; 
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. Эссе жазу дағдысын жетілдіру; 
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 
15. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс -
тәсілдері;
16.Әр сыныпта қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері арасындағы 
тақырыптық сабақтастықтың жүйеленуі; 
17. Абайтану пәні бойынша Абай шығармаларының тілдік қабатын
(лексикалық, образдық, танымдық мәнін) игерту.
27.7 Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
Қазақ әдебиетін оқытуда ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени-
тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, 
оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелігі мен үздіксіздігі, 
сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты және пәнаралық, пәнішілік 
байланыс ұстанымдарды негізге алынады. 
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса 
ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 
«Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» 
қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады. 
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:
«Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі 
бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы арқылы 


265 
тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны 
көздің қарашығындай қорғауға;
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан 
халқы Ассамблеясы тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі пен 
этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді 
білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге; 
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен 
жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба 
аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға; 
«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша 
ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет 
көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға; 
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты 
білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа 
насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың 
кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге; 
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша 
білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты 
орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды 
меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады. 
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық 
жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Оқыту процесіндегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
үшін «Оқуға құштар мектеп», «Тарих тағылымы», «Қазақ мәдениетінің 
антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті рухани 
құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын, «Тәуелсіздік бәрінен 
қымбат» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың мақаласын іске асыруды жалғастыру ұсынылады. 
Білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында «Кітап әуесқойы», 
«Өзің оқып, өзгеге ұсын», «Оқы және өзгеге сыйла» және т.б. акциялар өткізу 
ұсынылады. Шараны ұйымдастыру жастардың кітап оқуға қызығушылығын 
арттыруға, өзі оқыған көркем шығармаларымен бөлісіп, оны насихаттауға, 
оқырмандарды кітап оқу өнеріне баулуға, дүниетанымын кеңейтуге, оқыған 
кітаптарының, көркем шығармалардың құдіретін сезінуге, оқығандарын дұрыс 
бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты дұрыс пайдалануға баулуды 
үйретеді. 
Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету 
келесі материалдарда: 
Қазақстан 
Республикасында 
өлкетануды 
дамытудың 
Тұжырымдамалық негіздерінде; 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім 
беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік 
ұсынымдарда;


266 
«Өлкетану»: 
мәдени-генетикалық 
кодтың 
негізі» 
(мәдени 
мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша 
әдістемелік ұсынымдарда;
«Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарында білім 
алушылардың 
қазақстандық 
патриотизмін 
қалыптастыру 
бойынша 
әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет