2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«KUNDELIK.KZ», «BILIMAL.KZ», «EDUS ЭЛЕКТРОНДЫ МЕКТЕП»



Pdf көрінісі
бет161/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   170
32. «KUNDELIK.KZ», «BILIMAL.KZ», «EDUS ЭЛЕКТРОНДЫ МЕКТЕП» 
ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН 
БАҒАЛАУ 
ЖӘНЕ 
БІЛІМ 
САПАСЫН 
МОНИТОРИНГІЛЕУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» 
ЖШС «Күнделік» компаниясы оқушылардың үлгерімі сапасының 
деректерін әділетті талдау мақсатында Белсенділік бақылауы базасында Excel 
файлы түрінде тоқсандық есептерді жүктеу мүмкіндігін іске асырды. 
Енді Білім басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің 
басшылары осы есептің көмегімен Сізге қала, аудан немесе облыс бойынша 
үлгерімі үздік, орташа төмен оқушылардың жалпы саны туралы ақпаратты алу 
оңайырақ болады. 
Есеп туралы толығырақ ақпарат 
сілтеме
 бойынша қол жетімді. 
33. 
АУРУХАНА 
ЖАНЫНДАҒЫ 
МЕКТЕПТЕРДЕ 
ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Стационарлық, 
емдеу-профилактикалық, 
оңалту 
орталықтарында, 
кәмелетке толмағандарды бейімдеу және әлеуметтік оңалту орталықтарында 


306 
және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін балалар 
үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру төмендегі заңнамалық актілермен және 
нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 
30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 
2. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы.
3. «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы 
4. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі 
№ 343 Заңы. 
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы. 
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы. Қазақстан Республикасының 
2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы. 
7. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 
жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Білім 
және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен 
енгізілген). 
Медициналық стационар/оңалту орталығы білім беру ұйымының 
құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі. 
Білім беру ұйымдарынан тыс оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 
(медициналық стационарларда, санаторийлерде, диагностикалық орталықтарда 
және кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу және 
әлеуметтік оңалту 
орталықтарында) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (ҚР Білім және ғылым 
министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен өзгерістер 
мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асады. 
Білім беру процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен 
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 
қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. 
Оқу сабақтары балалар стационарға түскен күннен және баланың 
денсаулық жағдайына байланысты емдеуші дәрігердің келісімі бойынша 
басталады. 
Оқушының деректерін стационарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға 
жауапты адам тіркеу журналына алдын ала енгізеді. 
Диагноз қойылғаннан кейін және баланың стационарда болған күндерінің 
шамалас саны анықталғаннан кейін бала туралы мәліметтер сынып журналына 
енгізіледі. 
Аптадағы оқу сағатының саны тиісті Үлгілік оқу жоспарлары негізінде 
жасалған жұмыс оқу жоспарларына сәйкес нақтыланады. Оқу жұмыс жоспары 
медициналық мекеменің бағытымен анықталады.


307 
Кейбір оқу пәндері білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде жағдайлардың 
болмауына байланысты жүргізілмейді. 
Оқу жоспарларындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім 
берудің инвариантты компонентінің 80 пайызын сақтау көзделеді. Оқу жоспары 
сағаттарының 20 пайызын пәндер арасында қайта бөлуге мүмкіндік беріледі. 
Оқыту жалпы білім беретін мектептің немесе арнайы түзету ұйымының 
бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагог-
логопед, педагог-дефектолог, педагог-психолог – медициналық стационардың 
немесе оңалту орталығының мамандары көрсететін арнайы түзету көмегі 
көрсетіледі. 
Білім алушылармен сабақтар топтық немесе жеке оқыту түрінде өткізіледі. 
Оқыту түрін медициналық стационардың/оңалту орталығының меңгерушісі 
бұйрыққа сәйкес балаларды оқытуды ұйымдастыруға жауапты адаммен бірлесіп 
айқындайды. 
Топтық сабақтар бір сыныптың 3-тен 15-ке дейінгі білім алушысы болған 
кезде ұйымдастырылады. Сыныптардың жинақталуы бір сыныптағы 3 және одан 
да көп баланың санынан басталады. Бір сыныпта үштен кем балалар саны болған 
кезде сыныптар мынадай түрде біріктірілуі мүмкін: 1-2-сыныптардың, 3-4-
сыныптардың, 5-6-7-сыныптардың, 8-9-сыныптардың және 10-11(12) - 
сыныптардың оқушылары. 
Жеке оқыту түрінде балаларды оқыту үшін 2 және одан да көп балалардан 
тұратын топқа біріктіруге жол берілмейді. 
Балаларды оқыту медициналық мекеме бекітілген мектеп директоры 
бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады. 
Бір білім алушыға күнделікті оқу жүктемесі 4 оқу сағатынан аспауы тиіс. 
Сабақтың ұзақтығы 1-11 (12) сыныптарда 35 минут, бірінші сыныпта 
бірінші жартыжылдықта 25 минут болып белгіленеді. 
Барлық стационарларда бөлімше/оңалту орталығы меңгерушісінің келісімі 
бойынша балалардың шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін екі ауысымда 
сабақтар ұйымдастырылады: 1-ауысым – 10.00 – 13.00, 2-ауысым – 16.00 – 19.00. 
Сөйлеуді дамыту логопедия сабақтарын толықтыратын медициналық 
ұйымдардың бөлімшелерінде, қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін 
бөлінген сағаттар 1 сағатқа қысқартылып, басқа пәннің сағаттарын жүргізу үшін 
қайта бөлінуі мүмкін. 
ҚР 
Ұлттық 
фтизиопульмонология 
ғылыми 
орталығына 
және 
фтизиопульмонология балаларды оңалту орталығына бекітілген мектептерде 
балалар оқу жылының басынан бастап және стационарларға түсуіне қарай 
қабылданады. Сынып пен топтың толымдылығы 20 баладан артық емес, оқыту 
оқу жартыжылдығынан кем емес толық сауыққанға дейін (сырқаттанушылықты 
есептен шығарғанға дейін) жүргізіледі. Балалардың болу мерзімі медициналық 
көрсеткіштер бойынша 5-10 айға ұзартылуы мүмкін және оны медициналық 
комиссия қарайды. Сабақтың ұзақтығы 1-5 сыныптарда 35 минут, 6-11 
сыныптарда 40 минут. Бұл мектептерде сыныптан сыныпқакөшу емтихандары 
өткізілмейді. 


308 
Медициналық ұйымның психоневрологиялық, онкологиялық және 
инфекциялық бөлімшелерінде оқыту тек жеке түрде жүргізіледі. 
Психо-неврологиялық бөлімшелерде оқыту бастапқы және қайталама 
бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, балалар мен 
жасөспірімдердің оңалтуына, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және қоғамға 
кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған дамытушылық (түзету) оқыту форматында жүзеге асырылады. 
Психоневрологиялық бөлімшелерде оқыту дамытушылық (түзету) оқыту, 
бастапқы және қайталама бұзушылықтарды еңсеруге бағытталған, психикалық 
функцияларды дамыту, компенсаторлық дағдыларды қалыптастыру, оңалтуға 
ықпал ететін, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-еңбекке бейімделуі және 
қоғамға кірігуі форматында жүзеге асырылады. 
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мақсатында жеке дамыту сабақтары 
өткізілген жағдайда оқу жұмыс жоспарының кейбір пәндері қысқартылуы 
мүмкін. 
Балаларды білім беру ұйымынан тыс оқыту барысында оқу пәндері 
бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. 
Медициналық стационардан/оңалту орталығынан шығару кезінде білім 
алушыларға қалыптастырушы бағалаудың ағымдағы балдары (1-ден 10 балға 
дейін) бар анықтама беріледі. 
Білім алушы стационарда/оңалту орталығында тоқсан ішінде болған 
жағдайда, оқу жылы әрбір оқу пәні бойынша ағымдағы немесе тоқсандық 
бағалары бар, мектеп директоры қол қойған және мөрмен расталған оқу туралы 
анықтама беріледі. 
Білім алушылармен өткен сабақтарын есепке алу үшін, талаптарға сәйкес 
сынып журналы жүргізіледі, онда оқытуды жүзеге асыратын педагогтер өткен 
оқу материалының тақырыбын және білім алушылардың алған бағасын жазады. 
Журналға баланың тегі мен аты, келген және кеткен күні жазылады. 
Жеке оқытудың түрінде өткен материалдың тақырыбы журналға осы 
сыныптағы әр баланың оқуы есептеліп отырып жазылады. 
Оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін: оқу жұмыс жоспары, 
жалпы білім беретін және қосалқы оқу бағдарламалары, білім беру ұйымдарынан 
тыс сабақтар кестесі, топтық/жеке оқыту үлгерімінің сынып журналдары, 
балалардың келуін және кетуін тіркеу журналы, мұғалімдердің жұмыс уақытын 
есепке алу журналы қажет. 
Білім алушылардың ұйымнан тыс білім берудің төменгі ресурстарының 
қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет: мерзімді басылымдар, білім беру 
ұйымының оқу жабдықтары.
Мектеп директорларының және балаларды білім беру ұйымынан тыс 
жерде оқытуды ұйымдастыруға жауапты адамдардың іс-қимыл алгоритмі: 
1) қолданыстағы заңнаманы, нормативтік және қаржылық құжаттарды 
зерделеу; 
2) 
медициналық 
стационардың 
немесе 
оңалту 
орталығының 
басшылығымен, оның жұмыс істеу шарттары мен тәртібімен танысу; 
3) тәжірибелі мұғалімдер арасынан кадрларды іріктеу және жұмысқа алу;  


309 
4) стационардағы мектептің педагогикалық құрамын нормативтік 
құжаттармен, емдеу немесе профилактикалық мекеменің жұмыс істеу 
ерекшелігімен таныстыру, нұсқаманы өткізу журналында ресімдеу рәсімін 
ескере отырып, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі бойынша 
нұсқама өткізуді қамтамасыз ету; 
5) медициналық стационар жанындағы құрылымдық бөлімшенің жұмысы 
туралы бұйрық дайындау, нақты адамға (оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына, 
тәжірибелі мұғалімге) емделіп жатқан балаларды оқытуды ұйымдастыруға, 
барлық қажетті құжаттаманы жүргізуге, мұғалімдердің балалармен оқу 
сабақтарын уақтылы өткізуіне жауапкершілік жүктелсін; 
6) Балаларды жеке және топтық оқытуды дұрыс ұйымдастыру мәселесін 
алдын ала зерделей отырып, оқыту түрі (жеке немесе топтық) айқындалатын 
(емдеу мекемесінің атауы) емдеудегі оқушыларды оқытудың шарттары мен 
тәртібі туралы ереже бекітілсін; 
7) Оқу жұмыс жоспарын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу және бекіту 
кезінде психикалық дамуы тежелген, әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар 
оқушыларға арналған жоспарларды енгізу көзделсін. Мұғалімдердің жалпы 
білім беретін және көмекші оқу бағдарламаларын, ҚР БҒМ бекіткен 
бағдарламаларды пайдалануын қамтамасыз ету; 
8) бөлімше меңгерушісі немесе бас дәрігер бекіткен білім беру ұйымына 
бекітілген стационарда емделіп жатқан балалар тізімі негізінде педагог 
кадрлардың тарификациясы жүргізілсін; 
9) Сынып журналдарын, кестеге сәйкес мұғалімдердің стационарға баруын 
тіркеу журналын, балалардың келуін және кетуін есепке алу журналын уақтылы 
жүргізуді формативті бағалау негізінде (1-ден 10 балға дейін) оқыту туралы 
анықтама беруді қамтамасыз ету, жекелеген жағдайларда бағалау осы 
Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жүзеге асырылады; 
10) стационарда емделіп жатқан балаларды оқулықтармен және мектеп 
керек-жарақтарымен, компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету қажет; 
11) стационарлар/орталықтар жанындағы мектептерде жұмыс істейтін 
мұғалімдердің курстық даярлықтан өтуін қамтамасыз ету керек; 
12) педагогикалық кеңестегі стационардағы мектептегі оқу жағдайы 
мәселесін қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет