2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет56/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   170
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне 
байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы


100 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі» (10-11 сыныптар) міндетті оқу пәні 
ретінде оқытылады.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар  
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу 
жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар
2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады. 
Олар:

Үлгілік оқу жоспарлары; 

төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары. 
Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» 
пәнін оқытуға бөлінген жаңартылған мазмұндағы оқу жүктемесінің және 
төмендетілген оқу жүктемесінің көлемі 6.1-кестеде көрсетілген. 
6.1-кесте – 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі 
Сынып Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
Үлгілік оқу жоспары 
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақ тілі

108 

108 

Қазақ тілі

108 

108 

Қазақ тілі

108 

72 

Қазақ тілі

72 

72 
72 
Қазақ тілі

72 

72 
қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
10 
Қазақ тілі

72 

72 
11 
Қазақ тілі

72 

72 
жаратылыстану-математика бағыты 
10
Қазақ тілі

36 

36 
11
Қазақ тілі

36 

36 
Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды 
қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға 
пайдалану ұсынылады. 
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесі 7- сыныпта үлгілік оқу 
бағдарламасында 3 сағат болса, төмендетілген бағдарламада 2 сағат көлемінде 
беріледі, яғни 1 сағатқа қысқарады. Оқу көлемі төмендетілген сыныптар 
вариативті компоненттен сағат алуға мүмкіндік беріледі.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 


101 
сайтында 
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу қажет. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты 
оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада 
еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын 
кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы 
оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ 
халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін 
дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді 
және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқыту: 
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік 
бағытқа негізделіп құрастырылған. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін 
тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы 
түсініктерін кеңейтеді. 
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы білім алушыға қазақ тілін ана тілі 
ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, 
сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай 
мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда 
ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің 
лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді. 
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың 
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, 
сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін 
сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. 
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде 
(тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын 
қалыптастырады; 

тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным 
құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен 
дағдыларды қалыптастырады; 

тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын
басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу; 

мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ 
жасау дағдыларын қалыптастыру. 
«Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен 
сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу 
қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді 
көздейді. 
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және 
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, 
аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары 
мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді. 


102 
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен 
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. 
Тілдік 
бірліктер 
мен 
құрылымдарды, 
яғни 
грамматиканы 
оқыту 
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл 
туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың 
функционалдығына назар аударуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет