217
9-сыныпта және 10-11-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Құқық
негіздері» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды
баға жартыжылдыққа қойылады.
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына
сәйкес зертттеу жұмыстары
Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық
материалды зерттеу
тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және
жалпылау.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:
1. Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы
2. Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы.
3. Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының
жүзеге асуының кепілдігі
4. Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы.
5. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі
қазіргі заманғы халықаралық
ұйымдар.
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және
мемлекеттік органдар жүйесі.
2. Мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін реттеудегі
жария құқықтың рөлі
3. Жеке меншік құқықты қорғауды қамтамасыз етудегі жеке құқықтың
рөлі.
4. Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтарды қорғау әдістері
5. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде
халықаралық құқық
нормаларын іске асырy.
Сондықтан
қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар көлемінде
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары
жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі
мәселелерді қарастыра алады.
Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған.
Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар
өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас,
ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп
мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір
тоқсанның соңында
берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық
зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:
- зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
- зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;
- зерттеудің мақсаты мен міндеттерін,
болжам жасау,
- зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;
- алынған ақпарат көздерін көрсете отырып,
зерттеу тақырыбы бойынша
теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық
дерек көздері)таңдау және жүйелеу;
– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік-
218
сызбалық немесе графикалық және т. б.;
- зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа
шығаратын қорытынды жасау.
- жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған
теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: