Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да көп білім алушы болғанда:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы;
шетел тілдері;
көркем еңбек;
информатика екіге бөлініп оқытылады.
Ескертпе: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде оқытпайтынбарлықсыныптардажүргізіледі.Бұлреттежаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу сақталған. Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс- шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.
Жалпыортабілімберудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сынып 24 оқушымен толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді:
оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2022-23 оқу жылынан бастап сыныпты екі топқа бөлу қалалық және ауылдық мектептерде сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады(бұрынауылдықмектептердебөлусыныптабілімалушыларсаны20адам болған кезде жүзеге асырылған).
«Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндер бойынша бөлу біріктірілген немесе дербес сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып, 16 және одан да көп білім алушы болған жағдайда жүзеге асырылады.