Жалпығаміндеттібілімберустандартындағыоқупәнінебайланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Құқық негіздері» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде жол беріледі.
Үлгілікоқужоспарындағыоқупәнінебайланыстыенгізілгенөзгерістер мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 9-11-cыныпта «Құқық негіздері» оқу пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 2.5-кестеде берілген.
2.5-кесте – 9-11-сыныптарда «Құқық негіздері» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды оқыту үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми
сайтында https://uba.edu.kz/ орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты
- құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық сананы қалыптастырады.
сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.