Оқытуорыстіліндежүргізілетін1-сыныптарғаарналғанбастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
«Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады;
«Шет тілі» пәні алынып тасталды;
«Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».
Ұйғыр,өзбек,тәжіктілдеріндеоқытатын1-сыныпқаарналған Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
«Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
«Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері алынып тасталды;
«Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».
Ата-аналардыңқаражатыесебіненоқулықтарменжұмысдәптерлерін(бастауыш сыныптарға арналған жазуларды) сатып алуға жол берілмейді.
ОӘКбюджетқаражатыесебіненғанасатыпалынады.
Бастауыш білім берудіңмемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады:
қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;
шет тіліне;
цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады.