Оқытуқазақ/орыстілдеріндежүргізілетін бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізіледі:
«Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.
Негізгіортабілімберудің Үлгілік оқу жоспарында:
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріне, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және
«Әлем әдебиеті» оқу пәндеріне бөлінеді.
«Дүниежүз тарихы» пәнінің атауы «Әлем тарихы» пәні болып өзгереді.
9-сыныпта «География» пәнінің атауы «География. Қазақстан географиясы» пәні болып өзгереді.
2024-2025 оқу жылынан бастап CEFR деңгейлерінің талаптарына сәйкес қазақ және қазақ емес тілдерде оқытатын мектептерде 3-сыныптан бастап
«Шетел тілі» пәні аптасына 3 сағат көлемінде оқытылатын болады.
Бастауыш мектептегі ҮОЖ өзгерістері 2022-2023 оқу жылының 1- сыныбынан білім алатын білім алушыларға қатысты. ҮОЖөзгертулеркезең-кезеңімененгізіледі: 1-сынып–2022-2023оқужылы; 2-сынып–2023-2024оқужылы; 3-сынып–2024-2025оқужылы; 4-сынып – 2025-2026 оқу жылы
2022-2023 оқу жылында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті сағаттарын
жүзегеасырубойыншаұсыныстар Бастауыш білім беру деңгейінің оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарында вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:
1-сыныпта – 1 сағатты; 2-сыныпта – 1 сағатты; 3-сыныпта – 1 сағатты;
4-сыныпта – 1 сағатты құрайды.
1-4 сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын математикалық сауаттылықты, математикалық сөйлеуді дамытуға бағытталған
«Математика» пәнін оқуға, сондай-ақ шахмат пен домбырада ойнау сабақтарына бөлу ұсынылады.
Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады және маңызды жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
5-9 сыныптарда вариативтік компонент сағаттары «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. Домбырада ойнау дағдыларын қалыптастыру білім алушылардың эстетикалық және көркем мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Музыка сабағында домбырада ойнауды үйренуді жалғастыру қажет.