2022-2023 ОҚу жылында



бет9/50
Дата17.09.2022
өлшемі402,94 Kb.
#39332
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
9. ӘНХ Тарих

Мектепішілік бақылау


Мектепішілік бақылау оқу-тәрбие процесін үйлестіруді жалпы мемлекеттік талаптарға (нормативтерге) және оқушы мен педагогтің дамып келе жатқан тұлғаларының сұраныстарына сәйкестігін зерделеу және талдау
мақсатында жүзеге асырылады.
Оқыту процесінің және білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес дайындалады.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).

1-кесте. Мектепішілік бақылау нормативтері





Бақылау нысандары

Нормалар

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау

  • директордың орынбасарлары үшін айына кемінде 8 сабақ;

  • білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ;

  • 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут.

2

Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

3

Электронды сынып журналдарын тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

4

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру

мектептің бекітілген кестесі бойынша

5


Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен
ЦБР қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес



Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспарланбаған қатысуға педагогке оның кәсіби өсуі мен дамуы үшін нақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында ғана жол беріледі.


Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.



  • Сабақтарға қатысу мақсаттары білім беру ұйымының мақсаттарына, міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

  • Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы әзірленеді.

Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:

  • педагогтің сабақты өзіндік талдауы;

  • сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;

  • педагогке ұсыныстар беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет