2022 жылғы 25 шілдедегі №516 қаулысымен


-міндет. Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата21.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#69761
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
3-міндет. Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық 
дамуына қосатын үлесін арттыру. 
Университеттің ғылыми саясатының негізінде плазма физикасы, жоғары 
молекулалық қосылыстар химиясы, математикалық және компьютерлік 
модельдеу, биотехнология, молекулалық биология және генетика, қоғамдық 
денсаулық сақтау, тарих және археология, психология және т.б. іргелі және 
қолданбалы зерттеулер саласында ғылыми мектептердің зерттеу әлеуеті 
арттырылатын және дамытылатын болады. 
Ғылыми әзірлемелер әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына 
шоғырланады. Мемлекеттік және нақты секторлардан технологиялық 
міндеттерді жинақтау жүзеге асырылады. 
Университеттік 
ғылымның 
басым 
бағыттарын 
айқындауға 
шоғырландырылатын пәнаралық зерттеу топтары құрылады. 
Ғылыми әлеуетті дамыту және ресурстарды ғылыми-техникалық дамудың 
басым бағыттарына шоғырландыру ғылыми зерттеулер нәтижелерінің 
инвестициялық тартымдылығын және технологиялар трансферті мен 
коммерцияландыруды дамытуды қамтамасыз етеді. Ғылыми гранттарға 
өтінімдерді дайындау кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі, технологиялық 
міндеттерді шешу, конструкторлық бюролардың инфрақұрылымын пайдалану 
мүмкіндігі, инкубациялау, акселерациялау және басқалары арқылы нақты 
сектормен байланыс ескерілетін болады. 
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми-инновациялық зертханаларды, ғылымды 
қажет ететін технологиялар мен зерттеулер саласындағы артықшылық 
орталықтарын құру Университеттің басым ғылыми бағыттарының озыңқы 
дамуын қамтамасыз етеді. 


16 
Оқытушылар мен білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін арттыру 
мақсатында 
қазақстандық 
және 
халықаралық 
ұйымдардың 
жетекші 
сарапшыларын тарта отырып, ғылыми зерттеулердің кешенді әдістерін 
пайдалану және ғылыми жарияланымдар мен гранттарға өтінімдер дайындау 
дағдыларына оқыту бойынша тренингтер ұйымдастырылатын болады. 
Ғылыми нәтижелерді ілгерілету бойынша интернет-платформаны құру 
Университеттің зерттеу жобаларының инвестициялық тартымдылығын және 
қажеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Инновациялық белсенділікті ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу 
оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу қызметіне тартылуын 
арттыруға мүмкіндік береді. 
Коммерциялық әлеуеті бар, ғылымды қажет ететін және инновациялық 
жобаларды орындау үшін Университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен 
гранттық қолдау жүйесі енгізіледі. 
Университеттің ғылыми зерттеулері нәтижелерінің елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуына әсерін бағалау тұрақты негізде жүргізіледі. 
Қазақстандық және халықаралық нарықта Университеттің зерттеулері мен 
әзірлемелері үлесінің өсуі қамтамасыз етіледі. Зерттеу әлеуетін күшейту 
мақсатында қазақстандық, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қаржыландыратын 
гранттарды ұлғайту қамтамасыз етілетін болады. 
Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми 
зертханалар мен орталықтарды түбегейлі жаңарту жүзеге асырылады. Озық 
жабдықтармен және цифрлық технологиялармен жабдықтау Университеттің 
ғылыми-зияткерлік ортасын құруға мүмкіндік береді. Ғылыми әзірлемелерді 
коммерцияландыруды қолдау инфрақұрылымын жаңғырту да одан әрі дамитын 
болады. 
Әлемдік деңгейдегі ғылыми жобаларды іске асыру мақсатында 
Университеттің ғылыми-зертханалық базасы ұлттық және халықаралық 
стандарттарға сәйкес сертификаттаудан өтеді. 
Университеттің ғылыми зертханалары мен орталықтарының жабдықтарын 
жаңарту олардың нәтижелілігін бір мезгілде арттыра отырып, озық ғылыми 
жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет