14
бағдарламаларының ұлттық портфелі қалыптастырылып, стейкхолдерлердің
Университет түлектеріне жоғары қанағаттануы қамтамасыз етіледі.
Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттарды ескере отырып әзірленіп,
түлектердің кешенді құзыреттерін қалыптастыруға бағдарланатын болады. Білім
алушылар "disruptive thinking" (серпінді идеялар) дамытуға бағдарланады.
Университетте оқуды ұйымдастыру цифрлық технологияларды кешенді
пайдалану негізінде қамтамасыз етілетін болады. Күрделі
цифрлық білім беру
ресурстарын, оның ішінде виртуалды тренажерларды әзірлеу IT-саламен
бірлесіп жүзеге асырылады. Оқытушылар мен білім алушылар үшін цифрлық
құзыреттер мен жобалық басқару дағдыларын дамыту бағдарламалары
енгізіледі.
Бірлескен халықаралық
бағдарламалардың артуы, оқытушылар мен білім
алушылардың алмасу және коллаборациясы, оның ішінде бюджеттен тыс
қаражат есебінен шетелдік жетекші университеттерге
тағылымдамадан өту
жүйесін дамыту қамтамасыз етіледі. Үздік шетелдік профессорлар мен ғалымдар
ақылы көрсетілетін қызметтер есебінен Университетке ғылыми-зерттеу
профессоры және доцент-зерттеуші лауазымына тартылатын болады.
Жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимыл жасау және еңбек нарығының
ағымдағы және перспективалы қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру
бағдарламаларын әзірлеуге белсенді түрде тарту қамтамасыз етіледі. Білім беру
бағдарламаларына Университеттің оқытушы-профессорлар құрамының, нақты
сектор мен бизнес өкілдерінің бірлесіп оқытуына негізделген практикаға
бағытталған пәндер енгізілетін болады.
Түлектерді жұмысқа орналастыру елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуы
үшін басым салалардағы қазақстандық және халықаралық кәсіпорындарға,
ұйымдар мен компанияларға бағдарланатын болады.
Университеттің білім алушылары мен қызметкерлерінің азаматтық және
кәсіптік белсенділігін арттыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық бірегейлік пен
құндылықтарды нығайту мақсатында жоғары оқу орындары арасында студенттік
дискуссиялық платформалар құрылады.
Университеттің стратегиялық әріптестігі тұрақты жаһандық даму үшін
әлеуетті қалыптастыратын алдыңғы қатарлы шетелдік ЖЖООКБҰ мен ғылыми
орталықтарға шоғырландырылады. QS WUR халықаралық рейтингінің үздік
300-інің қатарына кіретін шетелдік әріптес университеттермен қос диплом
бағдарламалары іске асырылады.
Білім беру қызметтерінің экспортын кеңейту үшін
бюджеттен тыс қаражат
есебінен Университеттің шетелдік филиалдары құрылады.
15
Пандемия мен пандемиядан кейінгі кезеңнің сақталып отырған сын-
қатерлерін ескере отырып, өз қаражаты есебінен онлайн академиялық ұтқырлық
және Эразмус, Mevlana, Orhun, IAESTE, Flagman сияқты халықаралық
бағдарламалар шеңберінде студенттік ынтымақтастық белсенді дамитын
болады.
Болжау және сценарийлік жоспарлау саласында
ұлттық әлеуетті дамытуға
үлес қосу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге
Университеттің қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Көрсетілген шараларды іске асыру елдің адами капиталының сапасын
арттыруға және Университетті ұлттық және халықаралық рейтингтерде одан әрі
ілгерілетуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: