2023 – 2024 оқу жылы Тәрбие сағаты: Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық



Дата27.10.2023
өлшемі90,18 Kb.
#120933
Байланысты:
Білім күніне тәрбие сағат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ
ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ
2023 – 2024 оқу жылы


Тәрбие сағаты:
Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық

Топ тәлімгері:Дихан Диана Бауыржанқызы


Тобы: ПМ 23-9-1




Шымкент 2023ж.

Бекітемін___________________________




Тәрбие сағаты:
Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық


Тәрбие сағатының мақсаты: Биік шыңдарға біліммен, танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, Отаншыл жас ұрпақты тәрбиелеу,өзіне сенімді болуға үйрету. 
Тәрбие сағатының әдісі: тақырыпқа толық шолу жасау,пікір алмасу ,таныстыру,сұрақ–жауап, топтау.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: көрнекілік қағаздар
Тәрбие сағатының барысы: 
1. Ұйымдастыру (студенттермен танысу , «Мен таптым»тренинг әдісі )
2. Кіріспе сөз (Ерекше сурет әдісі арқылы)


3-«Ой сергіту»Отаншылдықты ояту негізінде құрастырылған сауалдар
4 «Отаншылдық-жүректен бастау алып,тілдің машықтығымен дәлелденуі тиіс» Тілді дамыту, ой ширату негізінде ұйымдастырылған жұмбақ сауалдары
5- «Сан сауал» Тақырыпты ашу мақсатында пікір алмасу сұрақтары
6. Қорытынды.
1. Кіріспе сөз. 

Оқысаң – озарсың,


Оқымасаң – тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киім емес, білімі.
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің,білімнің,отансүйгіштіктің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 


Адамның адам болуында шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді
Сіздер саналы, білімді азамат болып өсулеріңіз үшін өздеріңіздің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыздар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
«Ой сергіту» Әр бала бір сұраққа тез жауап береді.
1. Білім күні қай күн?
2. Бес қаруды ата.
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күн?
4. Жеті қазына ата
5. ҚР–ның рәміздерін ата.
6. Желтоқсан құрбандары кімдер?
7. ҚР–ның ата заңы қашан қабылданды?
8. Астананың туған күні?
9. Күн көзі жылына неше рет шығады?

Жауаптары


1. 1 – қыркүйек.
2. Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
3. 1991 ж. 16 желтоқсан
4. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
5. Әнұран, елтаңба, ту.
6. Қайрат, Лаззат, Сабира, Ербол.
7. 1995 ж. 30 тамыз
8. 6 – шілде.
9. 365 – 366.


«Отаншылдық жүректен бастау алып,тілдің машықтығымен дәлелденуі тиіс»
Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар.
1. Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап – книга – book)
2. Жеті қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы (ит – собака – dog)
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз .... болсын. (дос- друг – friend )
4. Тұмсығымен қозғалар. Соңынан аппақ із қалар. (бор –мел – chalk)
5. Тіс жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қаламсап – ручка – pen)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (қоңырау – звонок – bell)

III. «Сан сауал»
1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 
2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбек қорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
3. «Отансүйгіштік» деген ұғым нені білдіреді?
4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?
5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
8 .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
4. Сергіту сәті
Қорытынды.
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет