62
қорқыныштан
арылуға байланысты жаттығуларды қолдануға болады, мысалы,
тірек секіру, гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар және т. б.
Дене шынықтыру педагогтеріне «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу
-
тәрбие
процесін ұйымдастыруда оқу
-
әдістемелік көмек көрсету мақсатында
Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми
-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әзірлеген әдістемелік материалдарды
пайдалану ұсынылады.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар
оқытылатын сыныптардағы дене
шынықтыру сабақтарында олардың дағдыларын, қабілеттерін, денсаулық
жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру қажет, сабақты оқыту
әдістері мен балаларға жүктемені бөле отырып, соған сәйкес жоспарлау және
нысандарды таңдау керек.
Инклюзивті білім беруді іске асыру шеңберінде Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы ұсынған Инклюзивті білім беру жағдайында «Дене
шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік
ұсынымдар пайдалануға ұсынылады. Ы. Алтынсарин
атындағы ҰБА –
Астана,
2023.
Достарыңызбен бөлісу: