59
«Көркем еңбек»
пәні аясында сәндік
-
қолданбалы өнер бөлімінде
«Қазақстанның сәндік
-
қолданбалы өнері», «Аксессуарлар»
,
«Бұйымды
әшекейлеу» тақырыбы бойынша өз жұмыстарын көрсету үшін мультимедиялық
технологияларды, интерактивті тақтаны пайдаланады.
Білім беру сапасын арттыру және теориялық
білімді практикамен
ұштастыру мақсатында еңбекке баулу, бейнелеу өнері, көркем еңбек пәндерінен
кейбір тақырыптық сабақтарды қауіпсіздік ережелерін сақтап,
жергілікті
жағдайларды ескере отырып, «Жасыл мектеп» жылыжайларында,
табиғат
аясында, жануарлар саябақтарында, мұражайлар және көрмелерде өткізу
ұсынылады
.