Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің іске асуы мен негізгі міндеттері білім алушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу принциптері Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен негізделеді. ✓
Педагог - психолог қызметінің мазмұны, оның дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, педагог - психологтың кәсіби құзыреттіліктері туралы жалпы түсінікті қамтамасыз ету, білім беру үдерісіне қатысушыларды және қоғамның мүдделі тараптарын ақпараттандыру мәселелері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31149 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығында қамтылған. ✓
Баланы қорлаудың (буллинг) алдын алу тәртібі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31180 болып тіркелген, https://adilet.zan.kz/rus сайтында орналастырылған, Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында бекітілген