2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ



бет32/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
НХ-2023-2024-о у-жылы-ЖОБА

Балл

Сипаттамасы

1 балл

оқу тапсырмаларының 10% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта енжар, мұғаліммен кері байланыс қорытындысы бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік көрсетпейді, өткен материалды білмейді

2 балл

оқу тапсырмаларының 20% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік көрсетпейді

3 балл

оқу тапсырмаларының 30% - на дейін орындады, қателер жіберілді, жіберген қателерін түзетуге тырысады, кейде сабақта белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің / ата-ананың / құрдастарының қолдауына мұқтаж

4 балл

оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателер жіберді, қателерді түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады

5 балл

оқу тапсырмаларының 50% - на дейін орындады, 5-ке дейін қате жіберді, мұғалімнің көмегін қажет етеді, сабақта үнемі белсенді бола бермейді, кейде орындалатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады

6 балл

оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4-ке дейін қателер жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ұқыптылықты танытады, қиындығы орташа тапсырмаларды өз бетінше орындай алады

7 балл

оқу тапсырмаларының 70% - на дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, қателерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады

8 балл

оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателерін өз бетінше түзетеді, белсенді, тәуелсіз

9 балл

оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктер жасады, қателермен жұмыс істейді, белсенді, тәуелсіз

10 балл

100% оқу тапсырмаларын орындады, қателсіз орындады, белсенді, тәуелсіз, түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады

БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан көп емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20 балдан аспайды.
ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық / қағаз журналдарда қойылады. ФБ нәтижелері қағаз форматта басып шығаруды және сақтауды талап етпейді, ал ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары мектепте осы оқу жылының соңына дейін сақталады.
Педагог «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының мынадай ережелерін ескеруі қажет[1]:

  1. БЖБ өткізер алдында педагогтар тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігін, тапсырмалар көлемін, тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды, орындалу уақытын талқылайды;

  2. БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балды қою кезінде оқу тапсырмалары мен міндеттерінің шарттарын белгілеу және ресімдеу ескерілмейді, мінез-құлық үшін балл төмендетілмейді;

  3. БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсандағы төрт немесе одан да көп бөлімдерді /ортақ тақырыптарды оқу кезінде тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі;

  4. оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болғанда, БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдықта қойылады. Жартыжылдықтағы баға ФБ және БЖБ нәтижелері бойынша қойылады;

  5. оқу пәндерінің қиындық деңгейін ескере отырып, бір күнде үштен аспайтын БЖБ өткізіледі. Тоқсанның соңғы күні ТЖБ өткізілмейді. Бір күнде бір оқу пәні бойынша БЖБ және ТЖБ бір мезгілде өткізілмейді;

  6. «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық», «Зайырлылық және дінтану негіздері» және бастауыш сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ өткізілмейді және бастауыш сыныптағы тоқсан/семестр және оқу жылының қорытындысы бойынша «сынақ» («сынақтан өтпеген»);

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұны және оқу жүктемесін қысқарту бойынша) сәйкес 2-11 сыныптарда формативті бағалау қорытындылары бойынша әрбір тоқсанның соңында және «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жылының соңында «есептеледі»/ «есептелінген жоқ» қойылады.

  1. вариативтік компонент есебінен таңдалған 5-11 сынып оқушыларының оқу пәндері үшін, жиынтық бағалау жүргізілмейді, оқу жылының соңында «сынақ» («сынақтан өтпеген»);

  2. медициналық себептермен үйде оқитын оқушыларға, ерекше білім беруді талап ететін оқушыларға, мұғалім оқу жүктемесін және олармен оқытылатын оқу материалын ескере отырып, жеке тапсырмаларды әзірлейді.

  3. білім алушының жиынтық бағалауының нәтижелері, балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және ұпайларды өзгерту шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады (10-кесте).

10-кесте. Балды бағамен белгілену шкаласы

Балдардың пайызы 2-11 сыныптарда (12) (%)

Баға

0 – 39

қанағаттанарлықсыз – «2»

40 – 64

қанағаттанарлық – «3»

65 – 84

жақсы – «4»

85 – 100

Өте жақсы – «5»

2-11 (12)-сынып оқушылары үшін оқу пәндері бойынша жылдық баға тоқсандық бағалар қосындысының бүтін санға дейін дөңгелектенген орта арифметикалық мәні ретінде белгіленеді және қорытынды баға болып табылады.
Бір немесе екі пәннен «2» бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11)-сынып білім алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу жылындағы материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына ұйымдастырылады.
Қорытынды баға жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні және оқу жылының жиынтық бағалау бағасы ретінде бүтін санға дейін дөңгелектенеді.
Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға жол берілмейді.

Модерация


«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес оқу пәндері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, оқу нәтижелерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету, ТЖБ жазбаша түрде алынған кезде, педагогикалық кеңестің шешімімен, ТЖБ үшін балл қоюға дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей уақытылы модерация жүргізіледі.
Модерация кезінде ұпайлары өзгеріске сай оқушының тоқсандағы жиынтық жұмыстары қайта тексеріледі. Модерация нәтижелері бойынша ТЖБ ұпайы жоғары да, төмен де болуы мүмкін.

Кері байланыс


Кері байланыс – критериалды бағалаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Сындарлы кері байланысты ұйымдастыру үшін, мұғалім мұғалімге оқудың қай сатысында тұрғаны, нәтижеге қалай жететіні және кемшіліктерді түзету үшін немен жұмыс істеу керектігі туралы ақпарат беруі қажет. Білім алушыға жіберген қателері туралы хабарлау кезінде, қатенің орнын және түрін, сондай-ақ оны түзету үшін қажетті әрекеттерді көрсету ұсынылады.
Кері байланыстың ең көп тараған түрлері:

  1. ауызша бағалау (мұғалімнің ауызша кері байланысы)

  2. жазбаша пікірлер (мұғалімнің жазбаша кері байланысы) 3) портфолио, журналдар, айдарлар

4) оқушылармен жеке әңгімелесу және т.б.
Кеңейтілген кері байланысты қамтамасыз етуде маңызды. Рубрикаторлар – бағалау критерийлеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерінің толық сипаттамасы (бұл критерийлердің әрқайсысы үшін балдар беріледі). Рубрикаторлар кестелер түрінде ұсынылған, мұнда әрбір критерий бойынша көрсеткіштер ұсынылады, оған сәйкес критерийлерді көрсетуге болады.
Кері байланыс тиімділігі:

  • кері байланыс оқушының жеке басына емес, жұмыстың нәтижесіне байланысты болса, сындарлы болады; нақты фактілер мен деректерге негізделген пайдалы ақпаратты қамтиды; қызметтің жағымды жақтарын сипаттаудан басталады; белгілі бір әрекет үшін берілген.

  • кері байланыс конструктивті емес, егер ол әрекетке тек теріс баға берсе (мысалы: «дұрыс емес!»), сондай-ақ біржақтылық, субъективтілік элементтері болса (11-кесте).

11-кесте. Дұрыс және бұрыс кері байланыс мысалдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет