2023 жылы 28 сәуір №6312-23-00-3/3938 Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі



Pdf көрінісі
Дата23.09.2023
өлшемі134,6 Kb.
#109890
түріҚұрамы


ҚАУЛЫ 
2023 жылы 28 сәуір №6312-23-00-3/3938 Өскемен қаласы 
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі 
мамандандырылған сотының құрамында 
судья Н.Л.Бепеева төрағалық етуімен, 
сот отырысының хатшысы В.Топчеева 
прокурор Р.Токтасынов,
өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған 
А.Бахыттың қатысуымен 
ашық сот отырысында қазақ тілінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс 
қаралды, әкімшілік құқық бұзушы: 
Бахыт Амантай 
Туған жылы: 1982 жылы 22 мамырда туған
Тіркелген және тұрғылықты жері: Өскемен қаласы Әл-Фараби даңғылы 6-
85 
Жұмыс орны: Аумақтық басқару орталығы КММ басшы, 
Жеке басын куәландыратын құжат: 2020 жылғы 8 маусымда 048017110 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, 
ЖСН 820522302184, 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша, құқық бұзушылық жасаған үшін 
(бұдан әрі - ӘҚБтК), 
 
АНЫҚТАЛҒАН: 
 
А.Бахыт, 
2023 жылғы 24 сәуірде сағат 22.57 -де Өскемен қаласы Әл-
Фараби даңғылы 6 үйдің маңында көлік құралын алкогольдік масаң күйде 
басқарған.
Сот отырысында полиция қызметкері М.Советқан хаттаманы қолдап, 
А.Бахыт, 
2023 жылғы 24 сәуірде сағат 22.57 -де Өскемен қаласы Әл-
Фараби даңғылы 6 үйдің маңында көлік құралын алкогольдік масаң күйде 
басқарғанын көрсетті. 
Сот отырысында 
А.Бахыт
кінәсін мойындап, масаң күйде көлік 
құралын басқарғанын көрсетті, көлік жүргізу құқығынан айырмауды 
сұрады. 
Әкімшілік іс жүргізудің қатысушысын, прокурордың 
А.Бахыт
ты 
ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі ден тану, оны он бес тәулікке 
қамаққа алу, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру 
туралы қорытындысын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот келесі 
тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес жүргізушінің көлік 
құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде 



басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) 
уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру он бес тәулікке 
әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару 
құқығынан айыруға алып келеді. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы 
№1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімінің 4-
тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізушіге масаң күйде 
(алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және 
назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол 
жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде 
көлік құралын басқаруға тыйым салынған.
Алайда жүргізуші 
А.Бахыт
көлік құралын алкогольдік масаң күйінде 
басқарған.
А.Бахыт
тың кінәсі 2023 жылғы 24 сәуірдегі «жеңіл» дәрежелі 
алкогольдік масаң күйде болғаны туралы №2060 медициналық куәландыру 
қорытындысымен бекітілген

Медициналық тексеру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі №504 бұйрығымен бекітілген 
«Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас күйін анықтау 
үшін медициналық куәландыру жүргізу» Қағидасына сәйкес жүргізілген.
А.Бахыттың кінәсі медициналық куәландыру қорытындысымен, 
құжаттарды алып қою хаттамасымен, көлік құралын басқаруын шектеу 
хаттамасымен, бейнежазбамен, анықтамамен бекітілген.
Бұл зерттелген дәлелдемелер іс бойынша дәлелденуге жататын мән-
жайлардың барлығы туралы ақиқатты даусыз анықтайды, iске қатысты 
жол берiледі, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi 
деп танылды.
Әкімшілік 
жауаптылықты 
болдырмайтын 
және 
әкімшілік 
жауапкершілік 
пен 
әкімшілік 
жазадан 
босататын 
мән-жайлар 
анықталмады. 
Әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған, ӘҚБтК-нің 608- 
бабының 1 -бөлігінде қолданылатын жаза түрі тек 15 тәулiк мерзiмге 
әкiмшiлiк қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл 
мерзімге айыру деп көрсетілген, басқа балама жаза түрі жоқ. Сондықтан да 
сот әкімшілік шара ретінде 15 (он бес) тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамауға 
алуды және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру 
түріндегі жазаны қолдану қажет деп санайды.
ӘҚБтК-нің 829-14-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасын, 822 бабын 
басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:



Бахыт Амантай ӘҚБтК-нің
608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген 
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, 15 (он 
бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік 
құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. 
Әкiмшiлiк қамау уақыты әкiмшiлiк ұстау кезiнен есептелсiн. 
Қаулыға ӘҚБтК-нің 744-748 және 753-баптарында көрсетілген 
тұлғалар шағым, прокурор өтінішхатты Өскемен қаласының әкімшілік 
құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты арқылы Шығыс 
Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына 
қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал 
көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулы алған 
күннен бастап бере алады. 
Судья Н.Л.Бепеева 
Көшірмесі дұрыс: 
Судья Н.Л.Бепеева 
Анықтама. Қаулы заңды күшіне енді «____» _______________ 2023 жыл 
Судья Н.Л.Бепеева
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет