2023 оқу жылы Тәрбиесі қиын оқушыларға арналған



бет1/6
Дата06.03.2023
өлшемі45,97 Kb.
#72066
  1   2   3   4   5   6


Маңғыстау облысының білім басқармасының
Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 9 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
9 «А» сынып оқушысы Еділбай Дархан Нұрқожаұлы
тәрбиесі қиын оқушының жұмыс
ЖОСПАРЫ
(2023 оқу жылы)

Тәрбиесі қиын
оқушыларға арналған
жұмыс жоспары


Жұмыстың мақсаты:

  1. Тәрбиесі бойынша оқушылардың тәртібін дұрыстау, сабақ үлгерімін жақсарту.

  2. Қиын оқушылармен ақыл – кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;

  3. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;

  4. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

  5. Жеткіншек дамуындағы дағдарысты түсінуүшін жеткіншектің агрессиялық әрекетіне қарсы тұру.

  6. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;

  7. Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;

  8. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;

  9. Ата – анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл – кеңес беру.



Жұмыс жоспары



Р/с

Жүргізілетін жұмыс

Мерзімі

Жауапты

1

Тәрбиесі қиын оқушы туралы мәлімет алу

Қаңтар

Сынып жетекші

2

Қиын оқушыға арнап күнделік жүргізіп отыру.

Ай сайын

Сынып жетекші

3

Ата - анасымен пікірлесу

Ай сайын

Сынып жетекші

4

Үйірмелерге тарту

Ай сайын

Сынып жетекші

5

Жеке тапсырмалар беру, орындалуын қадағалау, нәтижесін саралау.

Ай сайын

Сынып жетекші

6

Сынып белсенділерінің қатарына қосу

Ай сайын

Сынып жетекші

7

Бос уақытында немен шұғылданатынын бақылау

Ай сайын

Сынып жетекші

8

Бірге жүрген достарының пікірін тыңдау

Ай сайын

Сынып жетекші

9

Қай пәнге ықыласты, ықылассыз екенін бақылау

Ай сайын

Сынып жетекші

10

Оқушыны кітапханамен байланыс жасауға бейімдеу

Ай сайын

Сынып жетекші




Тәрбиесі қиын оқушылар туралы мәлімет



Р/с

Аты-жөні

Қиындық түрі

Бекітілген мұғалімдер, көмекші оқушылар

1

Еділбай Дархан Нұрқожаұлы

Мінезі құбылмалы, ауыр. Оқу үлгерімі төмен. Қызығушылығы аз.
Мұғалімдермен, оқушылармен, ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы, кейде кикілжіңге келіп қалады.



Сынып жетекші: Атаджанова Наргиза



Диагностикалық зерттеу түрлері


Медициналық тексеру:
Барлық дәрігерлік бөлмелерден өткізілді. Медициналық анықтама бойынша, оқушының денсаулығы жақсы. Невропатолог ауытқушылық жоқ деп белгіледі.
Оқушымен жеке жұмыс: Оқушымен жеке әңгіме өткізілді, одан сұрақтар алынды, қызығушылығы анықталды. Мақтау – мадақтау жұмыстары жүргізілді. Ақыл – кеңес берілді.
Ата – анасымен жүргізілген жұмыс: Оқушының ата – анасымен бірнеше рет кездесілді. Әлеуметтік жағдайлары анықталды. Сыныптағы «Отбасы-алтын діңгек» атты ата – аналар сайысына шақырылды. Ақыл – кеңес берілді.
Психологпен жұмыс: Оқушы психологпен кездесті, даму ерекшелігін , оқушыға қандай көмек керектігін анықтады. Темпераменті анықталды (меланхолик) . Оқушыға көп көңіл бөлуді, белсендірек болу үшін адамдармен араластыру ұсынылды. Психологиялық тесттер алынғанда да жеке кеңес керектігін айтты.
Ата – аналары туралы мәлімет





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет