2023ж оқушы коды «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі67,79 Kb.
#76349
1   2   3
Оқылым
Тапсырма
Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А мәтіні [10]
-Менің атым - Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз-ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
-Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
-Ия, сен үшін, бұл белгінің аты - «Велосипед жүрмейді»
-Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжайда, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?...
Зеленый свет
(Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді)
-Мұны да белгі дейді-ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
-Зуылбек-ау, бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
-А..аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
(Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді)
-Ал, мына белгі не үшін керек?
-Қара, бұл адамдар өтеді.
-Велигім тұрғанда мұны қайтем?
Автоинспектор басын шайқап:
- «Балалар, жолда жүру ережесі мен белгілер туралы Зуылбекке үйретейік»,-деп Зуылбекті ортаға алды.
(https://surak.baribar.kz өңделген)
Мәтін не туралы? [1]
А. Автоинспектордың Зуылбекті ортаға алуы
В. Адам сұлбасы салынған көк нұсқау туралы
С. Балаларды жол белгілерімен таныстыру туралы
Д. Зуылбектің велосипед тебуді жақсы меңгергені туралы
2. Мәтінде қанша жол белгілері туралы мағлұмат берілді? [1]
А. 2
В. 3
С. 4
Д. 5
Ә мәтіні
Алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналған болатын. Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеушісі Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы бі раз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді. 1927 жылы көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршамдар пайда болды. 1928 жылы Йельск университетінде Гарри Хау деген кісі жасап шығарған бағдаршам алғаш Коннектикут штатына қойылды. Одан кейінгі бағдаршамдарды Чарльз Адлер деген өнертапқыш жетілдіре түсті. Мұндай бағдаршамдар қазіргі бағдаршамдай емес, әрине. Алғашқы бағдаршамдардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізуші өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамдардағы арнайы белгі беру будкасынан «жүруге болады» деген рұқсат белгісін күтетін болған.
` (https://ust.kz сайтынан алынған)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет