2023ж оқушы коды «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі67,79 Kb.
#76349
  1   2   3

« » 2023ж оқушы коды


«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

[10]
Тапсырма


Мәтінді тыңдап шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
Мінез-жанның айнасы
Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса, ол қай ортада болмасын өз орнын таба біледі. Жақсы мінез – тазалық, жинақылық, ұқыптылық, сыпайылық барлығы мәдениеттің негізі. Бойымызға ең жақсы қасиетті жинап, басқаларға нұрдай шашып, жүру қандай керемет! Одан өзің де, өзгелер де ерекше көңіл-күй алары айдан анық.
«Мінез – жанның айнасы»,-демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз қолыңда. Жинақы киімің, әдемі мінезің мәдениеттің алғашқы сатысының бірі деуге болады. Сондықтан да жақсы адам екендігіңді көрсететін – мінезің. Мінезді бір қалыпты ұстау – мәдениет.
Көркем мінез
Көркем мінез-адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы.
Адам өмірге пәк, ештеңеден хабары жоқ, ақ қағаздай таза болып келеді. Өсе келе адам мінез-құлық, іс-әрекеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.
Адам бойында тек жақсы мінез-құлықтар ғана болмайды, ақ-қара, күн-түн, тәтті-ащы сияқты қарама-қайшы жаман мінез-құлық та болады.
Мінезің жаман болса, сол мінезің арқылы айналаңдағы адамдарды өзіңнен алыстатасың. Ал мінезің жақсы болса, қандай адаммен болсын тіл табыса аласың.
Мінезі көркем адаммен дос болу, барлық адамның қалауы. Ал досы көпті дау алмасы анық . Басыңа күн түскенде шынайы достар ғана табылады.
. Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

балл

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды ерекшеліктеріне сай өте жақсы қолданады.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда болмашы қателерді жібереді.



Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды.
Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.




7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды ерекшеліктеріне сай жақсы қолданады.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады.




5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды ерекшеліктеріне сай орташа қолданады.

Мәтінде көтерілген мәселенің негізгі тараптарын анықтайды. Дегенмен күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде, қолдауды қажет етеді.




3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды ерекшеліктеріне сай аздап қолданады.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете
а лмайды.




1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды ерекшеліктеріне сай өте аз қолданады.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет