4.3. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ
ПАРТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарыдан жүргізіліп жатқан шаралар қоғамның қолдауынсыз тек ішінара нәтижелерге ғана жеткізбек.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды бағыты тиімді партиялық және қоғамдық бақылау болып табылады.
Бұл үшін
партия барлық әлеуетін, бірінші кезекте, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық
қоғамдық кеңес пен
партиялық бақылау Комитетін пайдаланады.
4.3.1. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР МЕН МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ
АШЫҚТЫҒЫН, АЙҚЫНДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІН АРТТЫРУ
Партия мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдында «мемлекеттің қоғамға қызмет етуі»
қағидатымен
ашықтығын, айқындылығын және есептілігін арттыруға дәйекті түрде қол жеткізуге ұмтылады.
Сондықтан да партия мыналарды қамтамасыз ету қажет деп санайды:
– Парламент және мәслихаттар депутаттарының – партия мүшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланып,
сонымен қатар бұл жұмысқа
азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, бюджеттің және квазимемлекеттік
сектордың әр теңгесінің
жұмсалуының айқын болуы;
– мемлекеттік органдардың жыл сайынғы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде
жоспарланған көрсеткішіне қол жеткізуі жөніндегі есебінің жариялануы;
– жемқорлық құқық бұзушылықтарға
қоғам назарын аударту, сыбайлас жемқорлықтың нақты деректерін әшкерелеу бойынша, ең
алдымен, партияның өз медиа-ресурстарын пайдалана отырып, белсенді түрде журналистік зерттеулер жүргізу;
– мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне тұрақты түрде мониторингті жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: