«Электронды партия» болып табылады. Ол халықпен кері байланысты нығайтады, азаматтардың, оның ішінде сыбайлас
жемқорлықпен байланысты арыздары мен шағымдарын жедел, электронды пішімде қарастыруға мүмкіндік береді.
Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Фракциясы мен мәслихат депутаттары – партия мүшелері бюджет қаржысын жұмсау мен
атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаны іске асыруына қоғамдық және партиялық бақылауды ұйымдастырады.
Қоғамдық бақылаудың елеулі құралы –
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік, аумақтық қоғамдық кеңестер. Партиялық бақылау комитетінің Жарғы мен партия тәртібін бұзғандардан партия қатарын тазарту жұмысы белсенді
жүргізілуде. 2014 жылғы бірінші жартыжылдық ішінде ғана партиядан шамамен 25 мың мүше, оның ішінен 200 адам сыбайлас
жемқорлық белгілері бойынша шығарылды. Партия тексерулері тәуекелдер жүйесі негізінде жүргізіледі.
Тәуелсіз журналистік тексерулер жүргіз у арқылы партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту
Нұр-Медиа холдингінің басты
міндеттерінің біріне айналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру
партия жанындағы Құқықтық кеңес арқылы ұсыныстарды дайындау жолымен
жүргізілетін болады.
Мәжілістегі Фракция қажетті заңдарды қабылдау арқылы заң шығару үдерісіндегі партияның идеологиясын ілгерілетеді.
VI. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ МЕН МОНИТОРИНГІ Бағдарлама екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болады:
1.
Бірінші кезең: 2015
– 2020 жылдар;
2.
Екінші кезең: 2021
– 2025 жылдар.
Әр кезеңді іске асыру тиімділігі үшін бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған, шаралар кешені мен
нақты индикаторлары бар
Жол картасы әзірленеді. Жол картасын партияның Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді.
Жол картасының әр кезеңі үшін жыл сайынғы қадамдық іс-шаралар жоспары жасалады.
Партия азаматтық қоғам институттарымен және сарапшылармен бірге жыл сайын бағдарламаны іске асыру мониторингін, сондай-ақ
қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсінуін және онымен күрестегі қабылданған шаралардың тиімділігін көрсететін әлеуметтік
сауалнамалар мен зерттеулер жүргізетін болады.
Бағдарлама мониторингінің нәтижесі бойынша партия