№21 (8328) 18 наурыз, сәрсенбі, 2015 жыл


Б.ЖАНӘЛІ А.ИБРАГИМҰЛЫ (сурет)



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.02.2017
өлшемі17,32 Mb.
#3448
1   2   3   4

Б.ЖАНӘЛІ

А.ИБРАГИМҰЛЫ (сурет)

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ 

БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Р/с Тегі, аты, әкесінің 

аты

Қызметі

Қабылдау 

күндері

Қабылдау 

уақыты

1

Қазантаев Ғанибек 



Қонысбекұлы

Аудан әкімі

Әр аптаның 

сәрсенбі күні

16.00-ден 

18.00-ге дейін

2

Өмірсерікұлы 



Нұржан

Аудан әкімінің 

орынбасары

Әр аптаның 

жұма күні

15.00-ден 

18.00-ге дейін

3

Әжікенов Ержан 



Ертарғынұлы

Аудан әкімінің 

орынбасары

Әр аптаның 

сейсенбі күні

15.00-ден 

18.00-ге дейін

4

Лекеров Бақытжан 



Зинадинұлы

Аудан әкімінің 

орынбасары

Әр аптаның 

бейсенбі күні

15.00-ден 

18.00-ге дейін

5

Төрәлиев Жеңісбек 



Үсенұлы

Аудан әкімі 

аппараты 

басшысының 

міндетін 

атқарушы


Әр аптаның 

сәрсенбі күні

15.00-ден 

18.00-ге дейін

туылған  5  азамат  соғысқа  аттанса,  солардың 

екеуі (Жұмахмет, Қожахмет) елге оралып, бейбіт еңбекке 

араласыпты.  Ал  қалған  үшеуі  екінші  дүниежүзілік 

соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен. Солардың бірі - 

осы Майлыбай немересі Нуреден Тоқбенбетов. 

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  Нуреденнің  шешесі 

Зейнегүл ұлының елге оралатынынан үмітін үзбеген және 

оған сенген. Соғыс аяқталса да шерлі ана баласының жо-

лын тосумен болған. Тіпті, 1950 жылы оған іздеу салып, 

Мәскеуге хат жолдаған. Жазған хатына оның көзі тірісінде 

жауап  берілмесе  де,  өткен  2014  жылдың  мамыр  айында 

майдангердің мүрдесі табылғандығы жөнінде хабар келген. 

1950 жылғы жолданған хатқа жауап ретінде Бүкілресейлік 

«Іздеу» ұйымынан аудан әкімінің атына хабарлама жетеді. 

Онда  Н.Тоқбенбетовтің  бойтұмары  (жауынгерлік  ме-

дальон)  мен  сүйегін  Ленинград  облысының  Тортолово 

елді-мекені  аумағынан  Санкт-Петербургтық  еріктілерден 

құралған  іздеу  тобының  тапқаны  туралы  мәлімет 

көрсетілген.  Осы  ақпар  бойынша  аудандық  қорғаныс 

істері  жөніндегі  бөлім  басшысы  капитан  Е.Абдуллаев 

жұмыс  жүргізіп,  оның  ағайын-туыстарына  хабар  береді. 

Н.Тоқбенбетовтың 

сүйегінің 

табылғанын 

естіген 

ұрпақтары жол қамына кірісіп, оның мүрдесін туған жер-

ге  жеткізу  үшін  немере  інісі  Ырзахмет  Жұмахметов  Ре-

сей Федерациясына аттанады. Майдангердің сүйегін оның 

әкесімен  бірге  туған  Майлыбаев  Жұмахметтің  үлкен  ба-

ласы  Ырзахмет  өз  қаржысымен  Ленинград  облысының 

Тортолово  елді-мекеніне  барып,  алып  келді.  КСРО 

«Құрмет белгісі» орденінің иегері, 28 жыл авиация сала-

сында  жұмыс  жасаған  ұшқыш,  қазіргі  таңда  Қызылорда 

қаласында  тұратын  зейнеткер  Ы.Жұмахметов  үстіміздегі 

жылдың  15  наурызында  «Москва-Алматы»  пойызынан 

түсіп, жауынгер батырдың сүйегін туған жерге жеткізді.   

Бүгінгі күннің батырын аудандық мәслихат хатшысы 

Б.Маншарипов,  аудандық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

Х.Әбенов, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Т.Болғанбайұлы,  аудандық  қорғаныс  істері  жөніндегі 

бөлім басшысы капитан Е.Абдуллаев, аудандық жұмыспен 

қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал 

актілері  бөлімінің  маманы  П.Әлайдаров,  БАҚ  өкілдері, 

сонымен  қатар  Айдарлы  ауылының  әкімі,  ауылдық  ар-

дагерлер  кеңесінің  төрағасы  және  ауыл  ақсақалдары, 

ағайын-туыстары  қарсы  алды.  Елге  жетісімен  Ырзах-

мет Жұмахметов арқасынан ауыр жүктің түскендігін айт-

ты. Ағасының сүйегінің табылғаны-оның пешенесіне ерте 

ме, кеш пе туған жер топырағының бұйырғандығы екенін 

шүкірші лікпен айтып, майданда мерт болған жауынгердің 

мүрдесі қалай табылғанын айтты. - Алдын ала хабар бер-

геннен  кейін  Бүкілресейлік  «Іздеу»  ұйымының  басшы-

сы Илья Переведенцев Мәскеуден күтіп алып, мұражайға 

апарды.  Сол  жерде  істің  мәнісіне  қанық  болдым.  Өткен 

жылы  Ленинград  облысының  Тортолово  елді-мекені 

аумағындағы  Мәскеу-Ленинград 

темір жолы бойынан 4 жауынгердің 

мүрдесі  табылған.  Өкінішке  орай, 

олардың  кім  екенін  анықтайтын 

жауынгерлік  құжаттары  болмаған. 

Содан кейін еріктілерден құралған 

іздеу  отряды  әкеміздің  сүйегін 

темір  жол  жиегінен  10  метрдей 

жерден  тапқан.  Оның  қасында 

бойтұмары (жауынгерлік медальон) 

болған. Сол арқылы оның Нуреден 

Тоқбенбетов  екендігі,  Сырдария 

ауданынан  әскерге  алынғандығы 

анықталып,  елге  хабар  беріліпті,  - 

деген  Ырзахмет  аға  сырдариялық 

жауынгердің  ұқыпты  болғанын 

ерекше атап өтті. Ал, жауынгердің 

қалай  қаза  тапқандығы  жөнінде 

Ы.Жұмахметов іздеу тобының бас-

шысы  И.Переведенцев  келтірген 

дәйекті  дәлелдемелер  жайлы  ай-

тып  берді.  -  Әкеміз  соғыста  11-

ші 


атқыштар 

дивизиясының 

құрамында болып, Ленинград май-

данында жаумен шайқасқа түскен. 

Тарихтан  белгілі,  Ленинград  ұзақ 

уақыт  қорғаныста  болып,  қаланы 

жауға  бермеу  үшін  жан  алысып,  жан  беріскен.  Немістің 

барлық  техникасы,  әскері  осы  жерге  топтастырылып, 

күндіз-түні  қаланы  қоршап  тұрған  және  үнемі  атқылап 

отырған. Сырттан не тамақ, не әскери көмек ала алмаған 

қала  жұртшылығы  асқан  қаһармандықпен  туған  қаласын 

қорғап тұрған. Бұл жайлы қазақтың ақиық ақыны Жамбыл 

Жабаевтың  «Ленинградтық  өрендерім»  атты  өлеңінде  де 

айтылады. Міне, осы атақты қаһарман қаланы жаудан азат 

ету үшін жауынгерлерге азық-түлік жеткізумен жүргенде 

1942 жылдың қыркүйек айында ішінен жараланған секілді. 

Өйткені, теміржол жиегіндегі траншеяда екі қолын ішіне 

басып,  екі  аяғын  бауырына  алып  жатқан  күйінде  мерт 

болған.  Басын  оқ  таситын  жәшікке  қойып,  астында 

тақтай, темір жолға қарай сәл мойнын бұрған күйі қалған. 

Шындығына  келгенде,  әкеміздің  сүйегі  асыл  екен.  Сол 

окопта  көміліп  қалып,  жетпіс  жылдан  астам  уақыт  бойы 

жауған  жаңбыр  мен  сайға  қарай  аққан  қардың  суынан 

топырақ ашылып, Нуреден әкеміздің сүйегі ашық қалған. 

Бұл да болса құдайдың құдіреті шығар, 73 жыл бойы 

жат  жерде  жатқан  әкемізге  туған  жердің  топырағын 

бұйыртқан  жаратқан  иемізге  мың  да  бір  рахмет  -  дейді 

майдангер сүйегін елге жеткізген Ырзахмет Жұмахметов.  

Осы  орайда,  зейнеттегі  ұшқыш  Н.Тоқбенбетов  мүрдесін 

тапқан  Санкт-Петербургтық  іздеу  тобына  және  оны  елге 

жеткізуге  септігін  тигізген  аудандық  қорғаныс  істері 

жөніндегі  бөлім  басшысы  капитан  Е.Абдуллаевқа,  аудан 

басшылығына ағайын-туысы атынан алғысын білдірді. 

Мұнан  кейін  жиналған  жұртшылық  облыс 

орталығындағы  Ділдахмет  Тоқпенбетовтың  үйіне  ба-

рып,  жауынгер  Н.  Тоқбенбетовтың  соғыс  жылдарын-

да  қолданған  жеке  заттарын  көрді.  Негізінен,  майдангер 

мүрдесінің жанынан оның қаруы, жаппа пышақ, бойтұмар 

(жауынгерлік медальон) ішінен шыққан құжат, бойтұмар 

сауыты,  ұшына  оқ  гильзасы  кигізілген  қарындаш,  алмас 

қабы  (сыртында  «Артель  росстальпром»  деп  жазылған), 

тамақ жеуге пайдаланған қасық пен сүңгі-пышақ табылған. 

Осылардың ішінде қаруынан басқа жеке заттары сүйегімен 

бірге әкелінді. Енді олар Нуреден Тоқбенбетов ұрпақтары 

үшін құнды жәдігер болмақ. 

Тарихи  сәтке  куә  болған  күні  Қызылорда  облыстық 

қорғаныс  департаментінің  бастығы  генерал-майор 

Ә.Ерниязов Н.Тоқбенбетовтың ағайын-туыстарына келіп, 

көңіл айтты. Осы күні соғыста ерлікпен қаза тапқан Ну-

реден  Тоқпанбетовтың  сүйегі  намаздалып,  Қожан  қожа 

қорымына жерленді.

Бүгінде  қыршын  кеткен  жауынгердің  ұрпақтары 

Жұмахметов  Есей,  Майлыбаев  Есенгелді,  Майлыбаева 

Лиза,  Майлыбаев  Есеттер  Айдарлы  ауылдық  округінде 

тұрады.

Сөйтіп,  1942  жылдың  9  қыркүйегінде  Отан  үшін  от 



кешіп,  майдан  даласында  оққа  ұшқан  Н.Тоқбенбетовке 

анасы 1950 жылы іздеу салғандағы хатқа 64 жылдан кейін 

жауап  келіп,  Ленинград  табанында  73  жыл  жатқан  май-

дангер сүйегі туған жер топырағына табысталды.



Түйін: Иә, осыдан тура 64 жыл бұрын туған перзентін 

іздеп, сонау Ленинград қаласына үшбу хат жолдаған ана 

жүрегі  тоқтаса  да,  оның  түбі  елге  оралатынына  сенген 

секілді. Сенім алдамапты. Тура 64 жыл өткен соң ел үшін 

опат  болған  жауынгердің  туыстарына  сол  Ленинград-

тан  тағы  бір  хабар  келіп  жетті.  Бұл  жолы  оның  мүрдесі 

туған  елге  жеткізіліп,  қайран  боздақтың  сүйегі  жер 

қойнына табысталды. Артында қалған ағайын-туыс оның 

есімін  қадірлеп,  қастерлеп,  кейінгі  ұрпаққа  үлгі-өнеге 

боларлықтай іс жасады. Сол күні табиғат та қабағын түйіп, 

қыршын кеткен боздақты азалағандай. Артынша күн шай-

дай  ашылып,  майдангер  сүйегінің  туған  жермен  араға 

жылдар салып қайта «қауышқанына» «қуанғандай» сыңай 

танытты.  Айдарлылық  ағайындар  да  туған  топыраққа 

оралған  Жауынгер  рухына  құран  бағыштап,  бет  сипап 

жатты.  


С.СҰЛТАНҚЫЗЫ,

Е.БЕРКІНБАЕВ,

А.ИБРАГИМҰЛЫ (сурет)  

Егін-2015

КӨКТЕМГІ ҚАРЕКЕТ БАСТАЛДЫ

Өкім 13 наурыз 2015 жыл №91-Ө Тереңөзек кенті

АУДАН ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРІНДЕ САНИТАРЛЫҚ ТА-

ЗАРТУ, КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЕКІ 

АЙЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару 

және  өзін-өзі    басқару    туралы»    Заңының  37  бабына  және  об-

лыс әкімінің 2015 жылғы  6 наурыздағы «Облыс елді-мекендерін 

санитарлық  тазарту,  көркейту  және  көгалдандыру  екі  айлығын 

өткізу туралы» №659-Ө өкіміне сәйкес  ӨКІМ ЕТЕМІН: 

1. Аудан елді-мекендерін санитарлық тазарту, көркейту және 

көгалдандыру екі айлығы 2015 жылдың 16 наурызы мен 16 мамы-

ры  аралығында өткізілсін. 

2.  Сырдария    ауданы    аумағындағы    елді-мекендерде  

санитарлық  тазалық  және  көркейту-көгалдандыру  жұмыстарын  

ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары  осы  өкімнің  қосымшасына   

сәйкес   бекітілсін. 

3. Тереңөзек кенті және ауыл әкімдері: 

1) Елді    мекендер   аумақтарының    санитарлық     жағдайын    

жақсарту,көркейту-көгалдандыру іс-шараларын әзірлеп, іске асы-

руды қамтамасыз етсін;

2)  Осы  өкімнің  орындалу  барысы  туралы  ақпаратты  2015 

жылдың  16  наурыздан  бастап  16  мамырға  дейін  «Сырда-

рия  аудандық  тұрғын  үй-коммуналдық    шаруашылық,    жола-

ушылар    көлігі    және    автомобиль  жолдары    бөлімінің  басшы-

сы»  (Ж.Баджанов),  «Сырдария  аудандық  тұтынушылардың 

құқықтарын  қорғау  басқармасы  басшысы»  (Д.Жанабергенова, 

келісімі 

бойынша) 

тиісті 

жұмыстардың 



орындалуын 

үйлестіріп,  нәтижесімен  аудан  әкімінің  аппаратына    апта  сай-

ын,  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі 

Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  Қызылорда 

облысы  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департаменті» 

республикалық мемлекеттік мекемесіне ай сайын ақпарат  берсін. 

4. Осы  өкімнің  орындалуына  бақылау  жасау аудан әкімінің 

орынбасары     Б. Лекеровке  жүктелсін.

5. Осы өкім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі    

 

                   Ғ. ҚАЗАНТАЕВ   

2015 жылғы  13  наурыз   

№ 91-Ө аудан    әкімінің  өкімімен 

бекітілген   қосымша

2015 жылға Сырдария ауданы аумағындағы санитарлық  тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын 

ұйымдастырудың  ІС-ШАРАЛАР  ЖОСПАРЫ

р/с

Атқарылатын шаралар

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

Аудан аумағында көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық 



жұмыстарын  жүргізудің айлығын баспасөз бетіне жариялау.

Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушылар көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімі

18  наурызға дейін

2

Аудандағы кәсіпорын, ұйым және мекемелерді, елді-мекен 



тұрғындарын санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу екі 

айлығын, сенбіліктер мен түрлі акциялар ұйымдастыру 

Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушылар көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімі, Сырдария 

аудандық ішкі саясат бөлімі, Тереңөзек кенті 

және ауылдық округі әкімдері

16 наурыз- 16 мамыр аралығында

3

Елді-мекендер мен қоғамдық орындарды тиісті санитарлық 



жағдайға келтіру, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға 

шығаруды, көшелердің тазалығын қамтамасыз етіп, тұрақты су 

себілуін ұйымдастыру 

Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері

Тұрақты

4

Елді-мекендердің көшелері және мекемелері бойынша өсіп 



тұрған ағаштардың есебін алып, олардың күту-кесу шараларын 

ұйымдастыру.

«Сырдария орман және жануарлар дүниесін 

қорғау мемлекеттік мекемесі» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 

бірлесіп кент және ауылдық округі әкімдері.

Тұрақты

5

Аудандағы мекеме және кәсіпорындар ғимараттарында түнгі 



жарық шамдары орналастырылуын, көшелердің тұрақты 

жарықтандырылуын қамтамасыз ету. 

Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері

Тұрақты


6

Тереңөзек кентіндегі қоқыс төгетін полигон жұмысын жолға 

қойып, тұрмыстық қалдықтарды жинаумен залалсыздандыруды 

ұйымдастыру.

Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері

Үнемі


7

Жеке тұрғын үйлер мен коммуналдық меншіктегі үйлердің 

жөнделуін, сырлануын және аумағының санитарлық талапқа 

сәйкестендірілуін, көшелер бойында егілген ағаштарды әктеу, 

қоршауларын жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері

16 наурыз-16 мамыр аралығында

8

Аудан әкімі жанындағы тұрақты Кеңес және ұйымдастыру 



комиссиясы отырысында ауданда санитарлық тазалық және 

көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін 

арнайы қарап, атқарылған шараларды белгілеп отыру

Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушылар көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімі, Сырдария 

аудандық тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау басқармасы (келісім бойынша), 

Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері

16 наурыз-16 мамыр аралығында

9

Елді-мекендер бойынша көркейту-көгалдандыру, түнгі 



жарықтандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына көше 

комитеттерін, ардагерлер Кеңесін, сондай-ақ тұрғындарды 

кеңінен қатыстыру.

Тереңөзек кенті және  ауылдық округі әкімдері

16 наурыз-16 мамыр аралығында

10

Ауданда көркейту-көгалдандыру, санитарлық  тазалық  



жұмыстары барысы  туралы  БАҚ-да кеңінен насихат  

жұмыстарын жүргізу.

Сырдария  аудандық ішкі саясат бөлімі 

Тұрақты


11

Аудан орталығындағы алаңда және саябақта тиісті дәрежеде 

санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын 

ұйымдастыру.

Тереңөзек кенті әкімі

Тұрақты


12

Тереңөзек кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлер аумағының 

тазалығын сақтауды қатаң бақылауға алу.

Тереңөзек кенті әкімі, жауапты мекемелер

Тұрақты

13

Аудандағы елді-мекендерді қажетті ағаш көшеттерімен 



қамтамасыз етуді ұйымдастыру

«Сырдария орман және жануарлар дүниесін 

қорғау мемлекеттік мекемесі» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

16 наурыз-16 мамыр аралығында

Жақында  Жетікөл  мен  Айдарлы  елді-

мекендерінде 

жергілікті 

мәслихаттардың 

шығып  қалған  депутаттың  орнына  түскен  кан-

дидаттар  тұрғындармен  кездесіп,  сайлау  алды 

бағдарламаларын  ұсынды.  Алдымен  №13  сайлау 

округі  атынан  аудандық  мәслихат  депутаттығына 

ұсынылған  3  үміткер  жетікөлдіктермен  жүздесті. 

Жиынды 

округтік  комиссияның 



төрайымы 

Ж.Налибаева  ашып,  тұрғындарға  кандидаттарды 

таныстырып өтті.  Олардың сенімді өкілдеріне сөз 

беріп,  ауыл  халқы  үміркерлердің  өмірбаяндарына 

қанық  болды.  2015  жылдың  29  наурызында  өтетін 

сайлауға  түсіп  отырған  Жұматай  Ізмағамбетов, 

Бақытқан  Көшенов  және  Бауыржан  Рсымов-

тар  аудандық  мәслихат  депутаттығына  түсіп 

отырғандағы  мақсаттарын  айтып,  тұрғындарға  өз 

бағдарламаларын жеткізді. 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы аты-

нан  түсіп  отырған  «Айдарлы»  ЖШС-нің  төрағасы 

Ж.Ізмағамбетов  үміткер  ретінде  бағдарламасында 

қолынан  келетін  іске  көмек  көрсететінін  айт-

ты.  «Аспандағы  айды  алып  беремін,  барлығын 

да  қатырамын  деп  уәдені  үйіп-төгіп  бермеймін. 

Халық  пен  Үкіметтің  арасын  жалғаушы  ретінде 

ауылдардағы  түйткілді  мәселелерді  шешуге  атса-

лысамын.  Өзімнің  әлім  келетін  тіршілік  болса  жа-

сап беруге қолғабысымды тигіземін» деген үміткер 

ауыл  халқының  ұсыныс-талаптарын  тыңдады. 

Тұрғындар  депутаттыққа  ұсынылған  шаруашылық 

төрағасына  аяқ  суға  байланысты  жәрдем  беруді 

сұрады. Жетікөл ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы 

Ж.Камалов,  зейнеткер  С.Досмағамбетов  ауыл-

ды  көркейту-көгалдандыруға  аяқ  судың  тапшы 

екенін  жеткізіп,  осыған  көмек  беру  ұсыныстарын 

айтты.  Ж.Ізмағамбетов  аталған  ұсыныстарды 

ескеріп, халықты ауылға аяқ судың жетуіне септігін 

тигізетініне сендірді. 

Аудандық мәслихат депутаттығына Жетікөлден 

түскен  Көшенов  Бақытқан  өз  бағдарламасында 

көп  сөйлеген  жоқ.  Ол  халық  қалаулысы  болса, 

ауылдың  жақсаруына  атсалысатынын  айтып,  дау-

ыс беруге шақырды. Ал Айдарлыдан түскен екінші 

үміткер  Бауыржан  Рсымов  жастардың  қоғамдық 

рөлін  арттыруды  мақсат  ететінін  мәлімдеді.  Дене 

шынықтыру пәнінің мұғалімі жас буын өкілдерінің 

салауатты  өмірін  қалыптастыру  жолында  аянбай 

еңбек  ететінін  жеткізді.  Осылайша,  сайлау  алды 

бағдарламаларын ұсынған үміткерлер ауыл халқына 

үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

№13  сайлау  округі  атынан  аудандық  мәслихат 

депутаттығына  ұсынылған  3  үміткер  Жетікөлден 

кейін Айдарлы тұрғындарымен де кездесіп, мақсат-

мүдделерімен таныстырып өтті. Ұсыныс-пікірлерін 

тыңдап, ауыл әлеуетін арттыруға ықпал жасайтын-

дарын жеткізді. Округтік сайлаудың төрайымы елді-

мекендердегі кездесулерде сайлауға тұрғындардың 

толық  қатысуын  үндеп,  халық  қалаулысын  бірге 

таңдауға шақырды.  

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ

Округтік сайлау

ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛ ҮМІТІН АҚТАСА ИГІ

Дана  халқымыз  «Береке  басы- 

бірлікте»  деп  бекер  айтпаған.  Еге-

мен  еліміздің  ертеңгі  күнін  еңселі  ету 

үшін  қазіргі  аумалы-төкпелі  заманда  бізге  ішкі 

тұтастық  пен  діни  тұрақтылық  ауадай  қажет.  Бұл 

маңызды  мәселе  де  Елбасы  ұсынған  реформадан 

тыс қалған жоқ. «Болашағы біртұтас ұлт». Бұл тын-

дырымды  тірлігіміз  бен  іркіліссіз  ісіміздің  кепілі 

болар  төртінші  бағыт.  Яғни,  өзара  келісім  мен 

құқықтық  теңдікке  азаматтық  қағида  негізделуі 

тиіс. Мәңгілік Ел идеясына арқау болған азаматтық 

теңдік пен зайырлылық принциптері - халқымыздың 

ұлттық  сипатын  сақтап,  қазақы  болмысымызды 

нығайтудың  негізгі  факторы  болмақ.  Үш  тұғырлы 

тілді  толық  меңгерген  қоғамды  қалыптастырудың 

да берері мол. Сапалы біліммен қамтамасыз етілген 

жастар бейбітшілік пен келісім, қоғам мен экономи-

каны  дамыту,  мемлекетті  нығайту  ісіне  үлестерін 

қосатыны  сөзсіз.  Бұл  тұрғыда  олар  үшін  қажетті 

барлық  жағдайлар  мемлекет  тарапынан  тұрақты 

түрде жасалынып жатыр.

Мемлекет  басшысы  ұсынған  бесінші  бағыт 

-  трансперентті  және  есеп  беруші  мемлекетті 

қалыптастыру. Саяси тұрғыдан алып қарағанда бұл 

- қоғам дамуының негізгі тетігі болып есептелінеді. 

Себебі, елдің ішкі саяси жүйесі сындарлы уақытта 

сыр берсе - барлық байыпты бастамалардың босқа 

кеткені. Тарихқа үңілсек, демократиялы ел қашанда 

табысты. Сондықтан, баянды болашақа қол жеткізу 

үшін  біз  саяси  мәдениетті  жоғарылату  шарала-

рын бағамдауымыз керек. Ол үшін бірлігімізге сел-

кеу  түсіретін  іс-әрекеттерді  болдырмай,  еліміздің 

өркендеуі  жолында  тұрақтылығымызды  сақтап, 

әрқашан  бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығару 

ұстанымын  мүдде  етуіміз  қажет.  Бұл  ұстаным 

бірлігі  басым  Қазақстанда  бұрыннан  бар.  Осы 

жолды әрі қарай дамыта беру - қазіргі таңдағы ба-

сты  міндетіміз.  Сол  үшін  де  биылғы  кезектен 

тыс  президенттік  сайлауға  бір  кісідей  атсалысып, 

жұмылып  тірлік  жасағанымыз  жөн-,  деп  атап  өтті 

аудан әкімі Ғ.Қонысбекұлы.

Сондай-ақ,  аудан  әкімі  Ғ.Қазантаев  съез-

де  Қызылорда  облысының  әкімі,  «Нұр  Отан» 

партиясының  Қызылорда  облыстық  филиал 

төрағасы Қырымбек Елеуұлының Сыр өңірінің даму 

қарқыны туралы баяндама жасағанын жеткізіп, Ел-

басымыз  «Тәуелсіздік  жылдарындағы  жетістікті 

бір  ғана  Қызылорда  облысынан  көруге  болады» 

деп  аймақтың  қарқынды  дамуына  өзіндік  бағасын 

бергендігін айтып өтті. 

-Бұл облыс жұртшылығы және съезге қатысушы 

біздерге  зор  мәртебе  деп  ойлаймын.  Мұның  аста-

рында  аймақ  халқының  тынымсыз  еңбегі  жатыр. 

Сондықтан бұл баға облысқа берілген жоғары баға 

деп есептеймін,- деді аудан әкімі.

Алдымызға  Елбасы  ұсынған  бес  институттық 

реформаларды  кезең-кезеңімен  жүзеге  асы-

ру  міндеті  қойылды.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  өзі 

айтқандай бұл ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге 

және  «Қазақстан-2050»  стратегиясын  орындауға 

бастар  жол  екені  сөзсіз.  Аталған  реформалар 

ең  біріншіден  қазақстандықтардың  әл-ауқатын 

арттыруға септігін тигізеді және баршаға бірдей осы 

заманғы  мемлекетті  қалыптастырады.  Екіншіден, 

бұл  қазір  әлемнің  көптеген  елдерінде  белең  алған 

экономикалық  дағдарысқа  төтеп  берудің  бірден-

бір жолы. Сондықтан осы реформаларды іске асы-

ру  үшін  баршамыз  топтасып,  біріге  жұмыс  жасау-

ымыз қажет. 

Жиында  сондай-ақ,  алдағы  наурыз  мерекесін 

атап  өтуге  арналған  дайындық  жұмыстары  мен 

көктемгі  көркейту-көгалдандыру  жұмыстарына 

жұмылдыру жайы пысықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет