Фанфар ойнатылады



бет1/6
Дата29.04.2023
өлшемі99 Kb.
#88352
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий


ФАНФАР ОЙНАТЫЛАДЫ
Жүргізуші: Құт - береке Наурыз айым келді деп
Жер түледі жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен, кең далам
Толықсиды жырға бөлеп, елжіреп
Аспанымда ақша бұлттар аунайды
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам
Аңқылдаған қазағымнан аумайды
Армысыздар алты алаштың айбынды ұрпағы! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Күн мен түн теңеліп жер анаға жылу сыйлаған Наурыз мерекесі құтты болсын. Әз наурыз еліміздің керегесі кең тереземізді өзгелермен тең етсін.
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Жүргізуші Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады! Олай болса бүгінгі 22-наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Думандатып мектебімді,
Наурыз тойын тойлайық
Жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың 22-сі халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағат еткен. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Аттың дүбірлі даусы естіледі. Әуен естіледі
«Жарапазан» (Арнұр басын бастайды, содан кейін ұлдар хормен айтады)
Жарапазан желдірмесі (Арнұр)
е е е е е е, ей
Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен !
Жарапазан сөзі ұлдар

Ассалаумағалайкум, мұсылмандар,


Мойынын хақ жолына ұсынғандар.
Құт орнап отбасыңа, бағың артсын,
Бір Алла қабыл етсе, ісіңді оңдар.
Атыңнан айналайын хақ пайғамбар,
Алладан әмір келсе – жақ байланар.
Бес күндік тіршілікте құлшылық қыл,
Қара жер өлгеннен соң тақтайланар.
Рамазан айы келді, ей, жарандар,
Бұл айдың фазілеті Кәламда бар.
Өлеңі жарапазан айып емес,
Мүминге осылайша болған хабар. е е е е е е е е е е
Балалардың мінгені,
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Байдың көңілі жай болсын.
Ай жағыңа қарасаң,
Алтын терек орнасын.
Күн жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын...
Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Бәйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол.
Мұхаммед үмбет айтқан жарапазан
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан


Жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет