Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер және фотоальбом. Барысы



бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі36,95 Kb.
#74146
  1   2   3
Байланысты:
зиянды заттар


Мақсаты: Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер және фотоальбом.
Барысы
1. «Зиянды заттар» видеофильм көрсетілімі. (тақырып мәнін ашу)
2. Оқушыларды топқа бөлу. Денсаулық және Салауат тобы
3. Кіріспе. Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды.
лбасымыз «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауында нұрлы жол – бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам.
Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де қадамы нық, келешегі кемел болары сөзсіз. Нұрлы жолға бағыттайтын саламаттылық-саулық кепілі, ал саулық-табысты болашақ болмақ.
Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталайық.
«Денсаулық» тобы
Темекінің шығу тарихы және темекімен күресу жолдары қандай?
Оқушы: Үндістер меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы француз әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылығын тудырған.
Оқушы: Темекі Европа мен Азиға ХV ғ келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген. Ресейде темекі тарту – Петр І патшалық құрған кезден бастау алған.
Оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамдардың аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл өңеш, ауыз, кеңірдек тыныс жолдарын және бауыр қатерлі ісігіне тап болуы мүмкін.
Оқушы: Темекімен күресу жолдары:
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.
- І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
Оқушы: ҚР – сының Білім беру және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен 2002 жылы «темекі шегудің алдын – алу және шекпеу» туралы заң қабылданды. Онда кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тиым салынады делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет