21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар



бет14/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
3. Саяси процестің түрлері.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және анти-демократиялық саяси процесс болып бөлінеді. Демократиялық түрінде халық ( тікелей немесе өкілдерін арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның әскери топтың қолында болады. Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп. топтастырылады.Ашық саяси процес те азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп мақсат- мүделерін білдіріп отырады.Жасырын түрінде бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шететіледі.
Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз деп бөлеміз.Саяси процесс құбылысы.Саяси процестің мәні. “Саяси процесс”түсінігі-интегралды және жалпы тұжырымдаушы категория.Оның кең мағынадағы ұғымы саяси жүйенің барлық элементтерімен түрлі жақтарын, сондай-ақ жүйеден тыс құбылыстарды да қамтып,олардың өзара әрекеттестіктерін, қызмет етуін және дамуын сипаттайды.
Саяси процестің сипаты мен нақтылы мазмұны белгілі бір саяси жүйемен (демократиялық немесе демократиялы емес) саяси режимнің ерекшеліктерімен анықталады. Саяси процесс өзгермелі құбылыс,ол саяси жүйеге тәуелді және оның маңызды компоненті, немесе ол оның динамикалық көрінісі болып саналады.Бүгінгі саяси ғылымда саяси процесс туралы әр түрлі ұғымдар кездеседі.
Мысалы : 1)кеңістік пен уақытта эволюцияланушы қоғамның саяси жүйенің қызмет ету формасы;
2) құқықтық, экономиаклық, идеологиялық және т.б. Процестерге қарағанда қоғамдық процестің нақтылы типі;
3) белгілі бір көлемдегі нақтылы және түпкі нәтижелерінің көрінісі;
4) саяси жүйені құрастыру;
5) саяси жүйенің нышандары мен компоненттерін ұдайы жасап отыру;
6) саяси басқару шешімдерін қабылдап атқару;
7) саяси жүйенің даму бағыты мен қызмет етуін бақылау.
Ал осы айтылғандарды бір тұжырымдарға келтірсек онда саяси процесті,саяси қатынастардың барлық субьектілерінің саяси жүйені қалыптастыру,өзгерту,қайта құру және оның қызмет етуімен байланысты әрекеттер жиынтығы деп түсіндіруге болады.
Қазіргі замандық ғылыми әдебиеттерде саяси процестің құрылымына байланысты төрт негізгі компонент анықталған:
1.Саяси қатынастар саяси процесс субьектілерінің әрекеттер нәтижесінде қалыптасады.
2.Саяси субьектілердің мүдделері.
3.Адамдардың саяси әрекеттері кәсіби саяси әрекет пен қатардағы азаматтардың саяси қатысы.
4.Саяси процестің субьектілері олар институциоландырылған және институциоландырылмаған болып келеді.
Осы келтірілген компоненттерді өзіндік нақты маңыздары бар.Кез келген саяси процестің бастаушы негізі болып табылатын,саяси қатынастардың мәні мен маңызы қандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет