21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар



бет2/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекет дегеніміз?
2. Азаматтық құқық?
3. Құқықтық мемлекеттің сипатамасы?

22 Саяси режимнің ұғымы мен элементтері.




Жоспар :
1. Саяси режим түсінігі мен анықтамалары.
2. Саяси режимдер классификациясы.
3. Диктатураның тарихи формалары.
4. Авторитарлық саяси режимның тоталитаризмнен айырмашылығы.

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.


Диктатура (ағылш. dictatorship; нем. Diktaturf; лат. dictatura < dictatus — жазылып қойған) — бір адамның (диктатордың) немесе адамдар тобының билікке толық ие бола отырып, елді басқаруы. Ежелгі Римде - уәкілеттілік, билік немесе диктатордың билік жүргізу уақыты. Көп жағдайда диктаторлық биліктің ешқандай заңдық шектеулері жоқ және диктаторлар елді сайлау қорытындысы бойынша емес, тағайындау бойынша басқарады. Диктарура күш қолдану арқылы бекітіледі және адамдардың сөз бостандығы мен еркін жүріп - тұруын шектеумен реттеледі. Мәселен, күннің белгілі бір уақытынан кейін азаматтардың үйінен шығуына тыйым салынатын коменданттық сағаттар белгіленеді. Диктаторлар тек қана өз мәлімдемелерін тартып, басуға рұқсат ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарын жіке бақылап отырады.
Көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік. Диктаторлық басқаруды орнату, әрекет етуші биліктің экономикалық, әлеуметтік базасының тарылуы, басқарушы саяси құрылымдардың қоғамды тиімді басқаруға қабілетсіздігі, қоғамды тұрақсыздандыруға апарып соғып, тұрғын халықтың, сенімін жоғалтатын қоғамдық қайшылықтардың асқынуы нәтижесінде жүзеге асады. Диктатура биліктің бөлінуінің жоктығымен, азаматтық қоғамды тұншықтыруымен, кез келген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоқ етуге және шексіз билікті пайдаланатын адамның, диктатордың қолына барлык билікті шоғырландырумен сипатталады
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады.
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан.
Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет