Қазақстандағы саяси элита және саяси жетекшілік.
Қазақстанда саяси элитаны іріктеудің өз ерекшеліктері бар. Мұнда антрепренерлік жүйемен бірге гильдиялар жүйесінің аралас түрде қолданыс тауып отырғанын айтуға болады. бір жағынан, баламалық негізде өтетін сайлау жүйесінің қалыптасуы, саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, еркін нарықтық қатынастар элементтерінің дүниеге келуі, — міне, осының бәрі Қақастанда саяси жүйенің барған сайын демократиялық сипат алып отырғанын көрсетеді. Бұл өз ретінде саяси элитаның қалыптасуы мен сұрыпталуына да демократиялық сипат бері, белгілі жағдай жасайтыны анық. Екінші жағынан, Қазақстанда (басқа посткеңестік елдерде дәл солай) жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау мен сұрыптаудың тұтас жүйесі әлі қалыптаса қойған жоқ дегу болады. Соған қарамастан республика мұндай олқылықты толтыруға көптеген шаралар қолданып жатыр.
Қазақстан жағдайындағы саяси жетекшілікке келетін болсақ, оның әртүрлі деңгейлері, көріністері орын алып отырғанын мойындауға тиіспіз. Расында, жалпы мемлекеттік, аймақтық немесе жергілікті деңгейдегі саяси жетекшілік туралы сөз қозғауға болады. Сол сияқты саяси партиялар мен қозғалыстардың да өз жетекшілері болатыны белгілі. Қазақстанда президенттік басқару болғандықтан, саяси жетекшілік мәселесін қарастырғанда, ең алдымен, басты назарда мемлекет басшысы – президент тұрады. Сонымен бірге саяси жетекшіліктің басқа деңгейлері де тарамдалып, едәуір қалыптасып, нығайып келе жатқанын атап айтуға тұрарлық.
1.Элитаның қалыптасуы?
2.Элитаның типтері?
3.Қазақстандағы саяси элита?
№ 26 Саяси лидер типологиясы
Жоспар:
1. Саяси лидер типологиясының түсінігі.
2.Саяси элита классификациясы.
3.Бюрократизм саяси феномен ретінде.
4.Классикалық және қазіргі заманның элитасы.
Лидерлік — әртүрлі мүдделерді, үрдістер мен әрекеттерді біртұтастыққа жүйелеу мен бағыттаудың ең пәрменді нысандарының бірі болып табылады. Лидерлік беделге, яғни басқарылатын адамдардың басқаруды өз еріктерімен мойындауына сүйенеді.Саяси лидерлік саяси салада беделді басшылыққа алуды іске асыруға бағытталған көп қырлы қызмет болып табылады.
Лидер билік пен беделге, адамдарды басқара алу, жекелеген әлеуметтік топтар мен тұтас қоғамның мүдделерін көре алу және көрсете алу тәрізді бірқатар қасиеттерге ие болуы тиіс.Лидер ұғымы көп жағдайда беделі, басқару дағдысы, жеке басының тартымдылығы бар қажетті қасиеттерге ие нақты тұлғаны білдіреді.
Лидер ретінде тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар өз жақтастарының мүдделерін білдіретін және қорғайтын ұйымдар (партиялар, қоғамдық ұйымдар және т.б.) да көріне алады. Осы орайда, М.Вебер ұсынған саяси лидерлікті классификациялау кең танымал. Ол билік түріне байланысты лидерліктің үш түрін көрсетеді: дәстүрлі, заңды (легалды) және харизматикалық.
Дәстүрлі лидерлік қоғамда ұзақ уақыттан бері өмір сүріп отырған дәстүрлер мен тәртіптердің мызғымайтынына сенуге негізделеді. Лидерліктің бұл түрі негізінен индустриалдыққа дейінгі дәстүрлі қоғамға тән. Патриархалдық лидерлер (ру-тайпалардың көсемдері, монархтар) бұл рөлді бұрыннан келе жатқан дәстүрлі түсініктер мен қағидалардың арқасында иеленеді.
Дәстүрлі лидерлік отбасындағы жасы үлкен мүшелердің немесе ата-ананың қарым-қатынасына ұқсайды.
Легалды лидерлік заңдылыққа және ұтымды дәйектерге сенуге негізделеді. Индустриалдық қоғам үшін үйреншікті басшылық етудің осы түрін кейде төрешіл лидерлік деп те атайды: лидер бұл мағынада белгілі бір функцияларды іске асыру үшін қойылған функционер болып табылады. Алайда, мұнда басшының өзі барлығына ортақ заңдарға бағынуы тиіс.
Харизматикалық лидерлік басшының жоғарыдан (құдайдан) берілген ерекше қасиетіне, оның тума дарындылығына және басқа да осы қатардағы ерекше қасиеттеріне сенуге негізделеді. Бұл анықтама халықтың көзінде ерекше дарын мен тартымдылыққа ие саясаткерлерге де қатысты. Әдетте, харизматикалық тұлға өзіне басқалардың назарын ақылмен түсінуге болатын қасиеттерімен ғана емес, сонымен қатар діни сенімге жақын ерекше сезіммен де тарта алады. Әрине, егер бұл адамзат тарихындағы негізгі діндердің негізін қалаушылар (Будда, Иса, Мұхаммед) туралы болса, заңды болған болар еді.
Ал саясат әлемінде И.Сталин, У.Черчилль, А.Гитлер, М.Ганди, Ф.Кастро тәрізді кеңінен танымал харизматикалық тұлғалар ұйымдастырушылық дарынға, өзіне басқалардың назарларын аударта алуға, тіпті өздерін саяси қарсыластарына қүрметтете алатын ерекше қабілетке ие болатын. Бұл тұлғалардың мұндай қасиеттері әртүрлі дәуірлер мен халықтардың арасынан оларды бөліп қарауға мәжбүрлейді.
Көріп отырғандай, харизматикалық тұлғалар демократиялық қоғамда да, тоталитарлық қоғамда да пайда болуы мүмкін. Әдетте, олардың саяси сахнаға шығуы соғыстармен, революциялармен, реформалармен байланысты күрделі әрі шешуші кезеңдермен тұспа-тұс келеді.Лидерлікті сонымен қатар авторитарлық және демократиялық деп бөліп қарастыруға болады.
Авторитарлық лидерлік орындаушыларға жоғарыдан берілетін және бір орталықтан қабылданатын шешімдерімен сипатталады. Басшы өз тапсырмаларын орындаудан бас тартқан немесе оны сапасыз орындаған жағдайда әртүрлі санкцияларға немесе олармен қорқытуға жүгінеді. Басшылықтың мұндай түрі бақылаудың тым қаталдығымен, тіпті ұсақ-түйекке дейін регламенттеумен ерекшеленеді. Демократиялық лидерлік бағынушылардың шешім қабылдау үдерісіне және оны іске асыруға қатысуына сүйенеді. Ол барлық тараптардың бастамалары мен белсенділіктеріне жүгінетін жариялылығымен сипатталады. Әдетте, басқарудың демократиялық стилі кез келген жұмыстың соңғы мақсатын (нәтижесін) басты орынға қойғанымен, оларға қол жеткізу жөнінде қатаң міндеттер артпайды. Бұл, өз кезегінде, бағынушылардан белсенділікті, дербестік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ғылымда лидерліктің ресми және бейресми түрлерін де жеке-дара бөліп қарастырады. Ресми лидерлік ұйым немесе мекеме басшысын тағайындаудағы бекітілген ережелермен анықталады және ол бекітілген рәсімдерге сәйкес жүргізіледі. Бейресми лидерлік ұжымның тұлғалық мойындауына сүйенеді және ресми түрде көрініс таппауымен сипатталады. Көп жағдайда ұжымда бір мезгілде ресми лидер де, бейресми лидер де болуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде биліктік қатынастар бойынша қақтығыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін.
Олардың ықпал ету салалары нақты бөлініс тапқан жағдайда ұжымда екі лидердің болуы өзін-өзі ақтайды. Мәселен, бұл жағдайда ресми лидер басқару функциясын жүзеге асырады, ал бейресми лидер ұжымның бейресми жағдайдағы өмірін ұйымдастырады.Сонымен қатар идеялық лидерліктің өмір сүру мүмкіндігін де назарда ұстау керек. Бұл жағдайда идеялық лидер бағдарламалық қағидаларды ұсынады, болашақ әрекеттердің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Жарияланған мақсаттарды іске асырумен ресми, немесе атқарушы лидер айналысады. Мәселен, Дэн Сяопин күні кешеге дейін партия мен үкіметте шешуші лауазым атқармай-ақ Қытай Халық Республикасының идеялық лидері болып келді. Оны шынында да бүгінгі күнде оң нәтижесін берген қытай реформасының негізін қалаушы ретінде санайды, өйткені қытай басшылығының XX ғасырдың соңғы екі онжылдығында қабылдаған түбегейлі шешімдері соның арқасында жүзеге асты.
Сөз жүзінде бір мақсаттар мен міндеттерді жария ете отырып, іс жүзінде мүлдем басқа әрекеттерді басшылыққа алатын манипулятор — басшының лидерден бөлек басқа түрі бола алады. Мүдделерді сөз жүзінде жария қорғау көбінесе мүндай басшының өз ізбасарларына қарсы бағытталған және жеке басын ойлаған әрекеттерін жасыруға арналған бетперде ретінде көрініс табады.
1. Саяси лидер дегеніміз?
2.Саяси лидер типиологиясы?
3. Негізгі діндер қалаушысы кімдер ?
№ 28 Саяси мәдениет ұғымы.
Жоспар:
1.Саяси мәдениет ұғымы.
2.Саясат және мәдениет.
3.Саяси мәдениеттің қызметтері, концепциялар, құрылым элементтері.
4.Саяси мәдениеттің қалыптасу субъектілері және факторлары
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.
Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениеттің жіктелуі Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "Патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы.
Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Қазіргі замандық социология мен саясаттануда мәдениет және жалпы мәдениет құрамының маңызды бөлігі болатын саяси мәдениет туралы әртүрлі ұғымдар кездеседі. Осындай ұғымдарға сәйкес, адамдардың білім алу және тәрбие жинақтау процесінде біршама тұрақты, белгілі бір қоғамға тән саяси жүйеге, бағдарлау «үлгілері» оның институттарына, саяси процестің өзге қатысушыларына және өз – өздеріне деген бағдарлану «үлгілері» қалыптасады. Мұндай бағдарлануларды, американ саясаттанушысы Л.Пай - саяси процеске тәртіпті реттілік пен маңыздылық беретіндіктен және саяси жүйеде жүріс – тұрыстарды басқарушы болғандықтан оларды «саяси мәдениет» деп атады.
Американдық саясаттанушы Д.Дивайн, саяси мәдениетті - нақтылы қоғамдық-саяси жүйенің мүшелері қолданушы фундаменталдық жүріс-тұрыстық саяси құндылықтардың кеңінен таралған тарихи жүйесі деп көрсетеді. Ол саяси идеяларды, құндылықтарды, сондай-ақ саяси практикадағы жұмыс істеп тұрған нормаларды қамтып, саяси идеология, легитимдік, егемендік, заң басшылығын т.б. қарастыруды меңзейді. Ал С.Верба болса, «саяси мәдениет адамдардың саясатты қалай қабылдауы мен өздерінің көргендерін қалайша ұғынуының көрінісі» деп санайды. Американдықтар С.Верба мен Л.Пай, ағылшындықтар Р.Роуз бе Д.Каванах, неміс теоретигі К. Фон Бойме, француздықтар М.Дюверже мен Р.Ж.Шварцберг, голландық И.Ингльхарт және басқалар саяси мәдениет туралы ілімді айтарлықтай толықтырып жетілдірді. Осылардан кейін «саяси мәдениет» түсінігі саяси құбылыстар аясында өзінің мәндік мазмұнынын тапты.
. Қазіргі кезеңде саясаттануда саяси мәдениетті түсінудің үш бабы қалыптасты. Бірінші топтағы зерттеушілер оны рухани құбылыстар жиынтығына теңеп саясаттың барлық субъективтік мазмұнымен (Г.Альмонд, С.Верба, Д.Дивайн, Ю.Краснов т.б.) немесе рәміздермен байланыстырады (Л. Диттмер ). Екінші топтағылар саяси мәдениетті нормативтік талаптардың (С.Вайт), немесе адамдардың саясаттағы жүріс-тұрысының үйреншікті үлгісі деп санайды (Дж.Плейно). Олай болса саяси мәдениет адам жүрістұрысының қоғамда кең тараған нормалар мен ойын тәртіптеріне бағдарланушы, оның әрекеттерін билікпен әрекеттесу стандарты мен қалыптасқан формасына бейімдеуші матрицасы тәрізді көрінеді (М.Даглас).
Достарыңызбен бөлісу: |