Саяси мәдениет құрылымы
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады
. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады.
Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. сат пен мәдениеттің арақатынасы қандай деген сұраққа мән қойатын
1.Саяси мәдениет мазмұны?
2.Мәдениеттің жіктелуі?
3.Саясат мәдениет түрлері?
№ 31 Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтер
Жоспар:
1.Саяси мәдениеттің типтері.
2.Демократиялық саяси режим.
3.Авторитарлық типтін мағынасы және мәні.
Әдебиетте саяси мәдениет демократиялық, авторитарлық, авторитарлық-патриархалдық, тоталитарлық, сондай-ақ, архаикалық, элитарлық, өкілділік, жоғары азаматтылықтың саяси мәдениеті т.с.с. болып өзге типтерге де бөлінеді.Саяси мәдениеттің барынша кең тараған түрі авторитарлық, тоталитарлық және жаппай көпшілік саяси мәдениет болып табылады.
Саяси мәдениетте өзіндік ерекшелігі бола тұра авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениеттің көптеген ортақ белгілері болады. Сондықтан да әдебиетте олар көбінесе бірге сипатталады. Саяси мәдениеттің авторитарлық және тоталитарлық түріне бір жағынан қоғамдық санаға үстемдік жасайтын көріністер, идеялар, наным-сенім, көсемдердің, адамдар тобының, т.с.с. ерекше қабілеті тән болып келеді.
Екінші жағынан мұндай саяси мәдениет адамдардың ортақ қасиеттерінің ерекшелігі билік ететін көсемге, адамдар тобына, партияға, т.с.с. адамдардың саяси іс-әрекетінде басым болып келеді. Мұндай саяси мәдениетке бір мақсатқа жетуге, қарым-қатынастың бірқалыпқа түсуіне және оның іс-әрекетіне, жеке тұлғалардың топтардың ішіне араласып кетуіне, т.с.с. қол жеткізу үшін материалдық, интеллектуальдық және өзге ресурстарға бағыныштылығы тән. Жаппай көпшілік саяси мәдениет жалпы алғанда бұқара халықтың пайдалануына есептелген мәдени құндылықтар өндірісі түрінде болатынын көрсетеді.
Сонымен қатар, жаппай көпшілік саяси мәдениет дегеніміз адамдардың саяси іс-әрекетті тұтынушылығын барынша енжарлы қалыптасатындай болуға және нарық заңы бойынша қалай болса солай пайдаланылатын идеологиялық «рецепт» болуға есептелген – баға берудің, құндылықтардың, дағдылардың үлгілерінің, т.с.с. жиынтығы болып табылады.
Жаппай көпшілік саяси мәдениет көбінесе қоғамның жоғары тобына тән элитарлық саяси мәдениетке қарама-қарсы (антикод) ретінде қарастырылады. Шын мәнінде мұндай мәдениеттердің ортақ жағдаяттары аз емес. Мұндай саяси мәдениетті ұстанушылардың түсінігі әдетте өмір шындығын бұрмалауға саяды. Бұл екі саяси мәдениет сән үлгісі мен жарнамадан ажырамайтын тұтынушылық идеясымен тікелей байланысты болып келеді.Шынайы демократиялық саяси мәдениетке адамдардың қамтамасыз етілуі мен құрметтелу құқы және еріктілігі, халықтың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға шынайы қатысуы, шын мәніндегі халық билігінің орнығуы тән болып келеді.Саяси өмірді қалыптастырудың басым механизмі бойынша саяси мәдениет нарықтық және этатистикалық (мемлекеттік-бюрократтық) болып бөлінеді.
Саяси мәдениеттің нарықтық типі –саясат дегеніміз – бизнестің түрі» деген мәнде түзіледі. Онда саясаткер дегеніміз бизнесмен, олардың мақсаты барынша пайда алуға қол жеткізу болады. Саяси шешім дегеніміз ынталы жақтардың арасындағы сауда келісімі, саяси мәселелер сату-сатып алу тұрғысынан қарастырылады. Ал, барлық саяси өмір өзара міндет бөлісу жүйесіне негізделіп, саяси партиялар немесе қысым жасаушылар тобы арқылы жүзеге асырылатын жеке мүдделердің орнығуы дегенге саяды.
Мемлекеттің рөлі мынандай тұжырыммен түсіндіріледі:
«Жақсы үкімет дегеніміз – барынша аз мөлшерде билік ететін үкімет». Осы тұрғыдан алғанда нарықтық саяси мәдениеттің өзіндік сипаты бәсекелестік күреске күшті бағдар алу және барынша айқын көрінетін индивидуализм болып табылады.Этатистикалық саяси мәдениеттің шеңберінде ең басты роль саяси өмірді ұйымдастыруға және оған жекелеген адамдар мен мемлекеттік институттардың, яғни барлық саяси мәселелерді шешуге ең бірінші кезекте мемлекеттің іс-әрекеті байланысты болатын жағдайларды анықтауға саяды. Бұл өз кезегінде бәсекелестік күреске бақылау орнатып, мүмкіндігінше оны шектеп, саяси қақтығыстарды барынша азайтып, жекелеген адамдар мен топтардың мүдделерінен мемлекеттік мүддені басым етуді орнықтыру болады.
Тұтас алғанда саясат «жақсы қоғам» іздестірудегі мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде қарастырылады, мұндағы мақсат – әлеуметтік әділеттілік. Саяси мәдениеттің этатистикалық типі, мәселен, Швеция мен Германияға тән болып келеді.Жағрафиялық жағдайға, тарихи дамуға орай, ірі саяси оқиғалардың ықпалымен тек қана белгілі бір өңірлердің немесе жекелеген елдердің саяси мәдениетіне тән өзіндік ерекше белгілер қалыптасады. Мәселен, американдық саяси мәдениеттің сипатына саяси іс-әрекеттің нақты мақсат бағдары, оның рухани сипаты, саяси іс-әрекетке қатысушылардың прагматизмі, бәсекелестіктің тұрақты жағдаяттары тән болып келеді. Жапонияның саяси мәдениетіне қазіргі кезеңде либералды-демократиялық үлгідегі дағдысы бар дәстүрлі құндылық бағдары тән екендігі байқалады. Ресейдің саяси мәдениеті саяси белсенділіктің басым көрініс табуымен ерекшеленеді. Ол органдардың, саяси радикализмнің ұжымдық ұйымдастырылуы арқылы көрінеді.
Елдің немесе қоғамның саяси мәдениеті мүлде біркелкі болуы мүмкін емес екенін айта кеткен жөн. Түрлі қауымдастықтардың мүдделерінің алуан түрлілігі бір-біріне ұқсамайтын саяси мәдениеттің үлгілерін туындатады – мұндай үлгілер барлық елдерде болатын субмәдениет болмақ.
Субмәдениеттер дегеніміз – жекелеген әлеуметтік жіктердің, топтардың саяси мәдениеттері. Олардың саяси ұстанымдары, идеялары, құндылықтары және дағдылары қоғамда жетекші болып келе жатқандарынан айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен қатар әрбір саяси субмәдениет бүтіндей алғанда қоғамның саяси мәдениетін білдіреді. Демек қоғаммен бірге оның субмәдениетінің де өзіндік ерекшелігі болады.
Мәселен, ірі қалалар тұрғындарының саяси субмәдениетінің ауыл тұрғындарының субмәдениетінен айырмашылығы болады. Жастардың саяси субмәдениеті өзіндік ерекшелікпен айтарлықтай айырмашылыққа ие. Жастарға олардың санасында мүмкіндігінше қарым-қатынас жасау, өмір сапасы және өзге де құндылықтардың басым болуы тән.
Саясаттануда барынша айқын көрінетін мынандай саяси субмәдениеттің типтері болатынан айта кеткен жөн: аймақтық, әлеуметтік-экономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас мөлшеріне орай.Белгілі бір аймақта өзіндік саяси субмәдениет болады, сөйтіп ол елдің түрлі өңірлеріне түрліше болып орнығады.
Аймақтың саяси мәдениетіне мынандай жәйттер: ауа райы, белгілі бір табиғи ресурстар, осы аймаққа тән экономикалық кәсіптер, олардың жалпы жүйедегі еңбек бөлінісіндегі орны айтарлықтай ықпал етеді. Мұның өзі адамдардың өмір салтына, ортақ мәдениет дәрежесіне және олардың саяси-мәдени дәрежесіне ықпал ететіндей экономикалық айырмашылықты туындатады.
Әлеуметтік-экономикалық саяси субмәдениеттер қоғамда түрлі топтардың – әлеуметтік топтардың, таптардың болуы арқылы орнығады. Бұларда түрлі экономикалық деңгей мен өмір салтындағы айырмашылықтар болып, олар саяси өмірде ерекше маңызға ие болады. Мысалы, кәсіпкерлік топтар үшін экономикалық еркіндік, тұрақтылық, мемлекетке азаматтық қоғам тарапынан бақылау, қабылданған шешімдерге қатысу барынша өзекті саяси құндылықтар болып табылады.Этнолингвистикалық саяси субмәдениеттер тілмен, тиісті әлеуметтік топтардың этникалық ерекшеліктерімен байланысты болады. Саяси мәдениетке мұндай топтардың ықпал етуі этникалық сана-сезімі және ұлттық сипаттың ерекшелігі арқылы айқындалады.
Этникалық факторларға қатысты алғанда мұндағы саяси құндылықтар, құрметтеу және бағдарлау екінші орында тұрады.Діни саяси субмәдениеттер адамдардың белгілі бір тобының ортақ мәдениетінің негізгі элементтерінің бәріне дін кіріккен жағдайда пайда болады.Жас мөлшеріне орай болатын саяси субмәдениеттер түрлі ұрпақ өкілдерінде түрлі саяси құндылықтар жүйесінде көрінеді.
Негізінен бұл субмәдениеттер саяси жетілген қоғамда болады. Өмірде ескіріп, қолданыстан шығып қалған саяси жағдаяттың тұсында қалыптасқан аға ұрпақтың саяси мәдениеті жастардың саяси ұстанымы жүйесінен бөлектеніп, ескі саяси режимді көксейтіні байқалады. Тұрақты жүйеде жас айырмашылығы саяси мәдениетке айтарлықтай аз ықпал ететін көрінеді. Қоғам үшін және саяси жүйе үшін саяси мәдениеттің маңызы оның қызметі арқылы көрініс беретінін айтқан жөн.
Олар негізгі және қосалқы, жалпы және нақты бола отырып, адамдардың және қоғамдық құрылымдардың саяси іс-әрекетін білдіреді. Ғылыми әдебиетте саяси мәдениеттің мынандай қызметі: танымдық, социализаторлық, аксиологиялық, интегративтік, коммуникативтік, нормативтік, реттеушілік, тәрбиелік және басқалары ерекшеленіп көрсетіледі.
Саяси мәдениеттің танымдық қызметі саяси мәдениетті ұстанушыларды қамтамасыз ететін саяси білімнің барлық жиынтығын қамтиды. Саяси мәдениеттің танымдық қызметі саяси құбылыстардың мәнін түсінуге бейімдей отырып, саяси іс-әрекеттің шеңберін, құқық пен еріктіліктің қолданылу дәрежесін, қоғам өміріндегі саясаттың міндетін, өзге саяси жүйені салыстыру арқылы ұғыну мүмкіндігін туындатады.Саяси мәдениеттің социализаторлық қызметі белгілі бір саяси сапаны, дағды тәсілдерін, белгілі бір саяси жүйеге бейімдеп, билік орындарының сол кезеңдегі жүйеге қатысты қызметінде өзінің мүддесін қорғай білуді қалыптастырады.
Саяси мәдениеттің социализаторлық қызметі отбасы, мемлекет, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, шіркеулер, мектептер, мешіттер, әскер және т.с.с. әлеуметтік институтар арқылы да жүзеге асып отырады.Саяси мәдениеттің аксиологиялық қызметі адамдардың күрделі саяси жағдаяттарда қолайлы бағыт алуымен байланысты болады. Саяси мәдениетті меңгерудің көмегімен саяси өмір жағдайында саяси оқиғаларға баға беру және саяси дағдының үлгілерін таңдау жүзеге асады.
Мұндайда түрлі тарихи кезеңдерде, адамдардың, алуан түрлі әлеуметтік топтардың саяси баға беруге деген өзіндік көзқарасы болатыны мүмкін болса керек. Мұндай бағыттың ауқымында адамдардың құрмет тұтатын нәрселері мен өздерінің құқы мен міндеттерін жүзеге асыру құралдарын, соған сәйкес бағалай білуге ұмтылысын сипаттайтындай бағдар ұстану қызметін бөліп қарастыруға болады. Мұнда өзіндік жеке тұлғалардың саяси дағдысы үшін қандайда бір баға беру қалыптасатындай өзіндік ұсыныс-пікірге ие болатындай дәрежеде айқындалады. Саяси мәдениеттің интегративті қызметі белгілі бір көзқарасты және саяси қарама-қарсылықты реттеуді бағдарға ала отырып, түрлі саяси топтар арасында келісімге қол жеткізу мүмкіншілігін қамтамасыз етіп, жүйенің тұрақтылығына қолдау көрсетіп отырады.
Саяси мәдениеттің интегративті саяси қызметі тәжірибелер ортақ болғанда және тарихи тағдырға орай көрініс беріп орнығады. Саяси мәдениет басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Саяси мәдениеттің коммуникативті қызметі саяси процестерге қатысушылар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды, сондай-ақ саяси мәдениет элементтерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра (бере) отырып саяси тәжірибелерді молықтыра түседі.
Саяси мәдениеттің нормативті қызметі қабылданған құндылықтар, ережелер, саяси дағды-тәсілдер негізінде саяси іс-әрекеттерді реттеп отырады. Бұлардың басым бөлігі елдердің заңдары мен Конституциясында құқықтық норма болып орнығады. Саяси мәдениеттің реттеуші қызметі қоғамдық санаға қажетті саяси құндылықтарды, ұстанымдарды, мақсаттарды, дағдының себептері мен нормаларын қалыптастырып орнықтырады. Мұндай процесте саяси ойлау тәсілі, тұрақты дәстүрлер мен көзқарастар, барынша мәнді саяси идеялогияның қоғам арасында таралуы және т.с.с. ерекше маңызды болады.
Саяси мәдениеттің тәрбиелік қызметі саяси мәдениеттің табиғатының өзінде болып, оның гуманистік бағытын бейнелейді. Осы қызмет өте күрделі де ізгі өнер. Адамдардың ойлау процесі мен практикалық қызметінде өткен кезеңдегі саяси тәжірибелер мен қазіргі заманғы білімді меңгере отырып, оларды тиімді пайдалануда білгірлігі мен дағдысы қалыптасады, мұндай қасиет өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда үнемі жетіліп отырады.
Сонымен қатар мұндайда адам өзін саясаттың толыққанды субъектісі санап, өзін-өзі тәрбиелей отырып, өзгелерді тәрбиелеуге ықпал етеді. Саяси мәдениеттің тәрбиелік маңызы унификациялық және қайта қалыптасу қызметінде байқалады. Мұның біріншісі жалпылама көрініс беріп, белгілі бір мөлшерде біркелкі саяси деңгейде, қалыпты жағдайда саяси өмірге өзгелермен бірдей қатысқанда байқалса, ал, екіншісі шығармашылық кезінде саяси оқиғалардың әлеуеті-күші өзгергенде және олардың бүтіндей орталығы өзгеріске түскенде аңғарылады.
Мұнда оның бірінші қырында саяси қызметке қатысушылардың өзін-өзі жетілдіру қажеттігі туындағанда орын алады. Ал, екінші жағынан қарастырғанда өзінің саяси құқын, амбициясын жүзеге асыру жағдайларын жақсарту үшін болатын қайта бейімделу қызметін бағдар етеді.Саяси мәдениет қызметтері объективті сипатта болатынын айта кеткен жөн. Олар қоғамдық жүйенің тарихи даму барысында сомдалып, орнығып қалады. Алайда, оның қызметіне өзі және қызметтің барлық жиынтықтары нақты саяси жүйеде өзгеріске түсіп, түрлі тарихи жағдайларға орай қызметтің бір түрі жойылып, екіншісі пайда болады. Мұның бәрі саяси мәдениет қызметін талдауға байланысты теориялық және практикалық мәселелердің күрделі екенін көрсетеді, сондай-ақ қоғам өмірінде саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының маңызы зор екенін білдіреді.
1.Әдебиет мәдениеті мен саяси мәдениетке түсінік?
2.Субмәдениет дегеніміз?
3. Саяси мәдениет қызметтері?
№ 32 Қазіргі кездегі адамның саясаттағы рөлі
Жоспар:
1.Саясаттағы бұқаралық көңіл- күй.
2.Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі.
3.Адамнның саясатқа жауапкершілігі.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; * үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес.
Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді - адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты.
Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін - жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі. Еуропалық парламент Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері.Карл Маркс - алғашқы саясаттанушылардың бірі.
Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың өзара әрекеті жатыр. Бір жағынан, объективті фактор, яғни іс-жүзіндегі шындық. Екінші жағынан, субъективті фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда бұқаралық көңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда өзіндік мүдделері мен талаптары бар әртүрлі топтар да көбейеді.
Олардың әрқайсысының өз көңіл-күйі болады. Бұқаралық көңіл-күй нақты бір топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы бұқараны өзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалысқа айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бөлігі бұқаралық көңіл-күйдің субъектісіне айналады. Ұлыбританиялық парламент Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері:
Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері - саяси-психологиялық дайындық, адамдардың үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін қамтамасыз ету. Бұқаралық көңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке айналады. Бұқаралық көңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және көрсету қызметтері саяси жүйені модификациялауға әкеледі.
Стратегиялық саяси-психологиялық бағалау қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды қалыптастырады. Бұқаралық көңіл-күйдің ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олар насихаттық-идеологиялық (талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы өмір деңгейін алдап-арбау).
Бұқаралық көңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тұрақтандыруға болады. Адамдардың тұлғалық дамуының деңгейлері мәнді түрдегі айырмашылықта болатындықтан, олардың көпқырлы қоғам өміріндегі, соның ішінде арнайы дайындықты, арнайы білім мен біліктілікті талап ететін саясаттағы рөлі де әрқилы болып келеді.
Расында, тек адмдардың белсенді қатынасуы арқылы ғана қоғамның саяси өмірі қуаттана түседі. Ал саяси институттар нақтылы мазмұнға толығып, саяси мүдделер, мақсаттар мен құндылықтар тиісті саяси құқықтық формасына енеді.
Саясаттағы тұлға рөлін дәлірек сипаттап беру үшін оның көрінісінің әртүрлі аспектілерін ашатын «саяси белсенділік», «саяси мінез-құлық», «саяси қатынасу», «саяси іс-әрекет» сияқты ұғымдар енгізіледі. «Саяси белсенділік» ұғымы саясаттағы тұлға қатынасуының барлық түрлері мен формаларын, олардың қарқындылығы нәтижелілігіне еш тәуелсіз, түгел қамтиды. Онымен байланысты «саяси мінез-құлық» ұғымы бұл белсенділіктің бағыттылығын нақтырақ бейнелейді. Қалаулы бағыттағы мүмкін болар өзгерістерге орай қажетті ықпал ету шараларын белгілеу үшін олар, алдымен реалды саяси ахуалды игеріп алуы тиіс.
Саяси қатынасу ұғымы бастапқы ұғымды одан әрі нақтыландыра түседі. Ол берілген саяси үдерістің барысына оң ықпал ету мақсатына сай, тұлғаның оқиғалар иіріміне саналы түрде кірігуін білдіреді. Бұл қатарда «саяси әрекет» ұғымы ең нақтылы болып табылады, өйткені ол тұлғаның мемлекеттік (ішкі және сыртқы) саясаттың әлдебір параметрлерін өзгертуге мақсатты түрде бағытталған қызметін білдіреді.
Саяси әрекет өзінің нақтылы мазмұнын саяси сайлауларға саналы қатынасу, саяси партияға кіру, әлеуметтік мәні бар саяси бағдарламалар жасау, оларды іске асыруға бағытталған қызмет тәріздес және т.б. нақтылы саяси акцияларды өткізу арқылы көрініс табады.Тұлғаның саяси өмірге саналы түрде қатынасуға, дербес шешім қабылдауға деген қабілеті оның саяси білімінің, тәжірибесінің, мәдениетінің даму деңгейіне байланысты.
Әрине, бұлар адамға туа берілмейді, оларды адам бүкіл өмір бойы жинақтайды. Адамды қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу, сөйтіп дәйекті әлеуметтік тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу әлеуметтендіру деп аталады. Әлеуметтендіру үдерісінде тұлға сол қоғамда үлгі ретінде қабылданған құндылықтарды, ережелер мен нормаларды, мінез-құлық мен іс-әрекет, бағдарламаларын өз бойына сіңіреді.
Саяси әлеуметтендіру арқылы адам қоғамның саяси өміріне, нақтылы саяси жүйенің тәртібіне бейімделеді. Сонымен қатар саяси-құқықтық нормаларын игеріп, сол жүйеде қызмет атқару қабілетіне ие болады. Арнайы саяси қызметпен айналысу арнайы дайындықты, білімді, саяси мәдениет деңгейінің жоғары дәрежесінің болуын талап етеді, ал бұл жағдаят саяси элиталарды қалыптастыру мәселесімен ұштасады.
1. Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері?
2. Саяси мінез-құлық?
3. Саясаттағы тұлға рөлі?
№ 33 Саяси қақтығыс ұғымы мен мәні
Жоспар:
1.Саяси қақтығыстардың дамуы.
2.Саяси қақтығыстарда саяси мекемелерде билік жүргізуі.
3. Қақтығыс әлеументтік саяси күштері.
Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді.
Сонымен бірге, саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі Саяси қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу үрдісіндегі әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығынан туындайды.
Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатылығымен байланысты; саяси құқықтар мен бостандықтарды бөлудегі теңсіздік; саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері; саяси мәдениеттегі айырмашылықты көрсетуімізге болады. Саяси қақтығыстар пәні - билік, өкілеттілік, т.б.Саяси қақтығыстар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді.
Алғашқы кезеңде қақтығыстарға негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін.Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: қақтығысты мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.
Мәміле деп даужанжалға қатысушы тараптардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады; зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болып, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Тараптарды татуластырудың ең кең тараған түрі - келіссөздер.
"Қақтығыс" ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің текетірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Бұның өзі әрекеттің тікелей процесі, мұнда қарсы тұрушылықтың шынайы фактілері бар. "Дағдарыс" және "қақтығыс" ұғымдары қоғамдық өмірде әлеуметтік практиканың өзара байланысты кезеңдерін бейнелейді. Қақтығыстың негізі жағдайдың дағдарыстығы болып табылады.
Дағдарыс саяси қатынас субъектілерін белсендіре түсіп, олардың текетірестеріне әкеліп соқтырып, қақтығысты тудырды. Сондықтан да қақтығыстың өткірлігі дағдарыстың дамуына, оның пісіп-жетілу дәрежесімен тікелей байланысты. Дағдарыстар тәрізді қақтығыстарды да көріну сфералары бойынша жіктеуге болады: экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникааралық және т.б.
Дегенмен осылардың барлығы әлеуметтік қақтығыстардың әрқилы формалары болып табылады, өйткені қақтығыстарда әрекет етуші, қақтығысушы субъектілер өздерінің экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникалық және басқа да мүдделерін түсінетін және олардың үстемдігі мен жүзеге асуына ұмтылатын адамдар.
Қақтығыстар саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттері нәтижесінде шешіледі. Осы ретте қақтығысқа қатысушы күштердің іс-қызметтерінің шынайы түрткілерін айқындау аса маңызды саясаттанулық проблема. Өйткені шынайы түрткілерде қақтығыстың себептері, өзіндік "құпиясы" бар.
Саясаттану ғылымы оны қақтығысушы субъектілердің мүдделерінің иерархиялық принципінен шыға отырып анықтайды. Мүдделердің иерархиялық жүйесінде материалдық, экономикалық мүдделер негізгі мәнге ие. Алайда олар саяси қатынастарда таза күйінде көрінбейді, себебі олар қажетті идеологиялық тартымдыққа ие емес. Осы мүдделер қоғамдық өмірдің әрқилы сфераларында белгілі бір өзгерістерге ұшырайды және осының нәтижесінде саяси қызметтің мотивациясы жеткілікті тұрғыда күрделі мазмұнға ие болады.
Демек, саясаттану әдістемелік тұрғыда саяси акциялардың терең де ақиқат негіздерін, "құпияларын" ашуға тиіс болса да, ол қақтығыстан шығуды көздейтін ғылым ретінде сыртқы түрткілерге яғни өзекті, шынайы өмірде әрекет ететін саяси қызметтің негіздеріне баса назар аударады және осы негізде мүдделердің түйісуін қамтамасыз етуге және келісім мен ынтымақтастық платформасын жасақтауға ұмтылады.
Саяси қақтығыс әрекет үшін қажетті саяси қатынастардың шиеленісін қамтамасыз ететін түрткілерді өзінде ұстайды. Саяси конфронтацияны жасайтын осы түрткілерде әртүрлі шынайы әлеуметтік қағидалар (меншікке, саяси жүйелерге, идеологиялық принциптерге, этникалық, өнегелік, діни-конфессионалдық құндылықтарға және т.б. қатынас болуы мүмкін. Бұл қағидалар саяси құмарлықты оятады,қоздырады, өйткені олар өздерінің әлеуметтік мәні бойынша шынымен фундаменталды және ұзақ жылдар бойы адамдардың тіршілік әрекеттеріне ықпал етеді, себебі олар экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани ортаны анықтайды. Тұтастай алғанда, қақтығысты саяси жағдайлар үшін тән:
- біріншіден, оларға айырмашылық, қарама-қайшылық, кей жағдайларда олардың антагонизміне алып келетін мүдделердің қайшылығы тән қақтығысушы тараптардың, қақтығыс субъектілерінің болуы. Бірақ мүдделер әрқилы болғанымен, олар әлеуметтік тұтастықтың ішінде қызмет етеді, яғни ортақ базалық негізге ие, мәселен саяси конфронтацияға дейін таптық күрес дамитындығы жалпыға мәлім, бірақ осы жағдайда барлық күресуші таптар қол жеткізілген материалдық және рухани мәдениетті, қоғамның өркениеттік деңгейін, тұтастығын сақтауға мүдделі болады;
- екіншіден, қоғамдағы өмір сүріп отырған және қақтығысушы тараптардың арасындағы саяси қатынастардың шиеленісу деңгейін көрсететін қақтығыстың өткірлік дәрежесі. Қақтығыстық жағдайдың өткірлігі, шиеленістің жоғары деңгейі қақтығыс субъектілерінен қарастырылып отырған жағдайдан шығу үшін саяси құралдардың барлық арсеналын жұмылдыруды талап етеді;
- үшіншіден, қоғам өмірінде пайда болған қақтығысты саяси жағдайдың өзінің даму логикасы бар. Сондықтан, қақтығыстың пайда болуының бастапқы кезеңін анықтап, оның дамуына жол бермеу өте маңызды. Өйткені қақтығыс ұзақ уақыт өмір сүру нәтижесінде жеке әлеуметтік мазмұнға ие бола бастайды, шынайы өмірге еніп, адамдардың дүниені қабылдауының дағдылы элементіне айналып кетеді, қақтығысты саяси мәдениетті қалыптастырады. Бұл кезде қақтығысты жағдайдан шығу өте қиын болады;
- төртіншіден, қақтығысты саяси жағдайдың саяси қатынастар субъектілеріне ықпалы маңызды әлеуметтік проблема болып есептелінеді. Қақтығысқа қатысушы субъект өзінің санасында қақтығысты саяси жағдай талап ететін әрекеттердің барлығын бейнелеуге мәжбүр болады. Осы ретте оқиғаларды тым біржақты түсіну үйреншікті сипат алады, субъект басқалардың да жеке позициялары мен өтіп жатқан оқиғаларға бағасының бар екендігін ескеруден қалады және адамдарды достар, жақтастар және дұшпандар деп бөледі.
Қақтығысты саяси жағдайлар адамдарды саяси бүліншілік ахуалына дейін алып келуі мүмкін. Осы жағдайда саяси проблемалар тым өткірленіп, олар өз кезегінде қарулы кақтығыстар, азаматтық соғыс, лаңкестік әрекеттер және т.б. осы тәрізді антигуманды әрекеттерді қолдануға арандатады.
1. Саяси қақтығыс дегеніміз?
2. Қақтығысты саяси жағдайлары?
3.Қақтығыспен дағдарыстын айырмашылығы?
№ 35 Саяси процесс ұғымы,мәні және негізгі мінездемесі.
Жоспар:
1.Саяси процестің құрылымы.Саяси процес сатылары.
2.Саяси процес ұғымы,мәні негізгі сипаттамасы.
3.Сыртқы саяси ішкі саяси прцесстері.
Достарыңызбен бөлісу: |