1. Саяси процесс туралы ұғым «Процесс» ұғымы өзіндік бағыты бар белгілі бір қозғалысты; жағдайдың, сатының, эволюцияның сабақтастықпен өзгеруі; қандай да бір нәтижеге қажетті сабақтастық әрекеттер жиынтығын білдіреді. Ал, «саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси өмірінің динамикасын, он уақыт пен кеңестікте өзгеруін, бейнелейді. Қысқаша айтқанда, бұл саяси жүйенің әрекет етуін, өзгеруін, байта құрылыуы мен әрекет етуін қамтамасыз етуші әрекеттер жиынтығы.
Саяси процесс өз көлемі жағынан бүкіл саяси саламен сәйкес келеді, дегенмен кейбір ғалымдар Сонымен, саяси процесс саяси құбылыстардың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын, олардың уақыт пен кеңестікте жағдайының нақты өзгеруін ашып көрсетеді.
Саяси процестің қозғаушы күші- саяси процеске қатысушы әлеуметтік- саяси күштердің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болған қарама- қайшылық. Осы субъект- қатысушылар өз әрекеттері арқылы билік қатынасына өзгерістер жүргізеді, ұйымдар құрамына ұсыныстар жасайды, саяси шешімдер қабылдайды, қоғамдық өмірді қалыптық тұрғыда реттейді және өз мүдделерін тарату үшін қолайлы саяси жағдайлар жасауға талпынады.
Саяси процестің мәні-өндіру және байта өндіру, бір жағынан саяси жүйе компонентерін, саяси адамды; екінші жағынан саяси құрылымдарын , институттарын, құралдарды және саяси қатысуды, саяси мәдениет пен нормаларды байта өндіру.
Саяси процесс мазмұны мыналарды қамтиды: 1) саяси процестің әрекет етуї мен пайда болуының әлеуметтік саяси жағдайы;
2)саяси әрекет субъектілері және олардың объектілерге ықпал ету тәсілі, сонымен бірге өзара әрекет объектілері;
3)саяси өзара әрекеттестігі саяси мүдделер мен мақсаттар;
4) субъектілердің өзара әрекетіндегі күрес пен әрекеттестік формалары;
Саяси процесс ресурстарына оның идеялық және материалдық негізі болатын: ғылым, білім, техникалық және қаржылық құралдар, көпшіліктің көңіл- күйі, процеске қатысушылар, олардың идеологиясы және т.б. факторлары жатыды.
Саяси процесс құрылымы бойынша мына процестердің жиынтығын құрайды: революция, реформа, модернизация, көтеріліс, саяси дағдарыс, тікелей саяси әрекет, шиеленіс және сайлау компаниясы.
Саяси жүйенің даму процесін төрт процесін сатыға, кезеңге бөлуге болады.
Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау;
Саяси жүйенің өзін- өзі жаңартуы;
Саяси басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асару;