Саяси процесс: 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;
2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.
Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.
Саяси құрылым - саяси тұтастықтың құрамдас бөліктері, элементтері арасындағы тұрақты және тәртіптелген байланыстар. Саяси құрылым адамның саяси тұрмысын сипаттай алады. Құрылымдандыру - саясат қағидаты, ал құрылым заңдары - саяси тұтастықтың саяси элементтері арасындағы маңызды қажетті байланыстар. Қоғамның құрамдас бөліқтерінің, әлеуметтерінің арасындағы тұрақты және реттелген байланыстар.
Саясатта әртүрлі құрылымдық деңгей заңдары бар: саяси институттарды құрылымдандыруды ұйымдастыру заңы; әртүрлі саяси жүйелерді, мемлекеттік басқару мен жетекшілікті құрылымдандыру заңы; саяси үрдістерді құрылымдандыру заңы.
Бір зандар саяси қатынастардың нақты түрлерінің байланыстарын, басқалары саясат жүйесіндегі элементтер байланысының сипатын, т.б білдіреді.