Эссе
21 ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?!
Мектеп-ол адамның ең ыстық шағы,балалық шағы мектеп өмірімен байланысты.Әрбір адам оқушы өзінің мектебінің заманауи ,сапалы білім беретін мектепте оқығысы келеді.Ондай мектеп жоқ демеймін, әрине қалалық-ауылдық мектептерде жағдай жасалып жатыр.Менің ойымша 21 ғасырдағы мектеп дамыған болу керек.Біз қазір тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.Сол үшін алға жылжып,әрдайым дамып отыруымыз қажет.Әдемі спорт залдары,үлкен сыныптарда электронды тақталар,бүкіл мектеп заттары заманауи стильде болса оқушының оқуға деген ынтасы арта түсетін еді.қазіргі таңда дәл осындай мектептер өте көп.Бірақ та ауылдық мектептердің біразының жағдайы жасалмаған,мысалы мектерде акт зал кішкентай , спортзал тар, әрі әр сыныпқа дене шынықтыру сабағы жеке өтсе, спортзал тар болғанымен қоймай, ол жерде бір уақытта бірнеше сынып сабақ өтеді және мектептің коридорлары кең болса, асханаларда тағам түрлері мол және арзандатылған бағада болса. Осы мәселелердің шешілгенін қалаймын.
Адам бойында табылатын қазынаның бірі ол білім,сол білімнің алатын жер ол мектеп.Сол үшін де мектеп өзгеру керек болса,сол өзгерісті бастайтын мұғалімдер де өзгеру керек.Қазіргі мұғалімдер заман талабына сай жақсы білім береді. Бірақ заманауи құрылғылар жоқ, интерактивті тақталар аз, мектепте интернет желісі дұрыс емес. Ал заманауи мектептер қандай болу қажет? Дамыған мектептерде барлық сыныптар қажетті құрылғылармен жабдықталған,кең және жарық болу керек.Физика,химия кабинеттерінде тәжірибе жүргізуге арналған бөлмелермен қамтамасыз болады.Оқу процесі оңай және Қызықты өтеді оқушының сол пәнге қызығушылығы артады.
Спорт залына келетін болсақ,бұл жерде оқушылар мен мұғалімдер заманауи тренажерлерде жаттыға алатын болса.Жаттығудан кейін бассейнге немесе душқа түсуге мүмкіндік жасалса.Ал қыста шаңғы мен коньки тебуге болатындай жағдай жасалса.Сонда білім алушылардың барлығы салауатты өмір салтын ұстанатын еді,тағы айта кететін болсам , мектеп оқушылардың қалауларын орындалса. Бұл оқушының мәртебесін, өзінің тұлға екенің сезінуге жол ашар еді.
Ұстаздардың барлығы жоғары жалақы алатын,өз кәсібін сүйетін білімді мамандар.Ал оқушылар-терең ойлы,үнемі ізденіп ,жаңалық ашуға ұмтылатын азаматтар болады деп ойлаймын.Міне,заманауи мектепті осылай елестетемін.
Мұхтар Сая «10 б» сынып оқушысы