№22 (203), желтоқсан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.01.2017
өлшемі4,71 Mb.
#1038
1   2   3   4

Гүлжаухар  БОЛАТОВА,

журналистика және саясаттану 

факультеті деканының  орынбасары, 

Қазақстан Республикасы 

білім беру ісінің құрметті қызметкері 

4  декабря 2015 года в Сту-

денческом доме № 5 прои 

зо-


шло обсуждение студентами 

очередного Послания. На встрече 

присутствовали педагог-организатор 

СД № 5 Сексембаева А.Б. и состав 

Студенческого совета СД № 5. Были 

среди присутствующих и те студенты, 

кто лично имели честь прослушать 

обращение Главы. Это члены 

молодежного крыла партии «Нұр 

Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

«Ақпараттық технологиялар» 

факультетінің «Жүйелік талдау 

және басқару» кафедрасында 

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 

халыққа Жолдауы» атты кеш 

өткізілді. 

Оған «Автоматтандыру және 

басқару» мамандығының АБ-32, 

34 топтарының студенттері мен 

«Жас отан» партиясының жастар 

мүшелері, яғни жас отаншылар 

қатысты. 

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 

халыққа жолдауы»  атты кешті 

өткізу толықтай студенттердің 

қолына берілді. Олар аудиторияны 

безендіріп, кеш өткізу барысында 

алдын ала құрылған жоспарлар тізімін 

қамтып өткізді.

Қазақстан Республикасының 

әнұраны орындалған соң алғы 

сөз Әсел Сабирова мен Дәурен 

Ұзақбаевқа берілді. Сөз алушылар 

кешке келген қонақтарды және 

шараға қатысушыларды, сондай-

ақ баяндама түрінде тұсаукесер 

жасап жарыссөзге шығушыларды 

таныстырды.

Мінбеде жасалған 

«Жаңа 

жаһандық нақты ахуалдың сын 



қатерлері» тақырыбына  А. Маштаева 

мен Р.  Дабаев; «Қазақстанның 

дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері» - А. 

Амиров, М.  Көшкінбаева, Е.Уашова, 

ал  «Біздің дағдарысқа қарсы 

басты стратегиямыз» бойынша 

презентацияны  Д.  Жалымбетова, 

Ж.Малекова таныстырды.

Бұдан соң «Дағдарысқа қарсы 

және құрылымдық жаңарулардың бес 

бағыты» бойынша З. Ержанқызы, 

К. Айтжанова, А. Мұқатов,  Ж. 

Арзиева,  Д. Яруллин,  А. Маштаева, 

Р. Дабаевтар өз пікір ұсыныстарын 

білдірді.

Кештің жалпы қорытындысын 

Назира Сапар жасап,  «Жүйелік 

талдау және басқару» кафедрасының 

меңгерушісі Гүлнар Абитова 

түйіндеді.

 

А. СӘДУАҚАСОВА,

 Ш. МҰСАБАЕВА,

ақпараттық технологиялар 

факультетінің аға оқытушылары 


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – 

ӘЛЕУЕТТІ МЕМЛЕКЕТ 

Әлемдік үдерістерді білетін, 

солардың қайнаған ортасында 

жүретін Мемлекет қайраткері 

ретінде Президент Н.Назарбаев: 

«Осындай күрделі жағдайда 

Қазақстан қайтпек керек? Өз 

егемендігі мен тәуелсіздігін 

қалай нығайтады? Оның нақты 

жолдары мен тетіктері қандай?» 

– деген сұрақтарға үнемі жауап 

іздеуде. Ал жаһандық күрделі 

ахуалда Елбасы ұсынған жаңа бес 

реформа неге институттық деп 

аталады? Ол неге жаңғыртумен 

байланыстырылған? Саясаттану 

мен әлеуметтану ғылымдарында 

Мемлекет басшысы еліміз дамуының стратегиялық бағыттарын таңдау, негіздеу, 

оны орындаудың нақты тетіктерін анықтау бағдарынан бір жалыққан емес. Тынымсыз 

ізденуде, еңбектенуде. Осыдан айнымаған Елбасы өзінің сайлауалды бағдарламасында жаңа 

жоба – елді жетілдірудің бес халықтық реформасын ұсынды. Ол институттық дамудың бес 

реформасы деп те аталады. Елбасының осы жаңару реформаларының, индустрияландыру 

туралы тың бастамалары мен ойларының басты себебі неде? Шындығында, Қазақстанның 

ХХ ғасырдағыдай (әрине, онда КСРО құрамында, тәуелділік жағдайында) тағы да әлемдік 

өркениет көшінің соңында қалу қаупі бар ма? Тәуелсіздікке төнген қатер көп пе? Қай салада? 

Әңгіменің күрделісі де, қиыны да осында жатыр.

мемлекет, оның ұйымдары 

мен құрамдас бөліктері, әдетте 

«институт» категориясы арқылы 

сипатталады да, олардағы сапалы, 

түбегейлі өзгерістер институттану 

түсінігімен анықталады. 

Қоғамдық ғылымдарда физика 

ғылымынан алынған институттық 

белгісіздік (институциональная 

неопределенность) деген күрделі 

түсінік бар. Оны еңсеру әр 

институт, бірлестік үшін айрықша 

маңызды. Ал институттық 

белгісіздік мемлекет деңгейінде 

еңсерілмеген болса, ол – тым 

қауіпті үрдіс. Институттық 

белгісіздік – тапсырыс, жүктеудің 

болмауынан, даму векторын 

білмеуден туатын қиын ахуал. 

Америкалық институционалист 

ғалым Д.Норт белгісіздікті 

азайтудың жолдарының 

күрделілігін сипаттап, ол үшін ең 

алдымен тиісті білім шеңберінде 

ақпаратты молайту, қолда бар 

институттық құрылым-каркастың 

көлемінде – өнертапқыштық, 

инновация, жаңа сенімдерді 

қалыптастыру, институттық 

құрылым-каркасты өзгерту арқылы 

ынталандыру деп есептейді. 

Сондықтан, Президент ұсынған 

институттық реформалардың түпкі 

мақсаты, біздің пайымдауымызша, 

мемлекеттің құрылымдық-

функциялық каркасы негізіндегі 

институттық белгісіздіктер мен 

қалыптасу, кемелдену кезеңіндегі 

бойында әлі де болса орын алып 

отырған «балалық ауруларды» 

еңсеріп, оның қазіргі күрделі 

заманның сын-қатерлеріне жауап 

беретін даму векторына шығару 

деп есептейміз. 

Президент ұзақ мер 

зімді 

«Қазақстан-2050» Стратегия-



сында анықталған күрделі 

міндеттерді жүзеге асырудың 

жаңа тетіктерін «институттық 

реформа» деген талап-мақсатпен 

анықтап, олардың мән-мазмұнын 

нақты сипаттады. Аталған 

реформалардың өзегін құрайтын 

жоғарыда айтылған институттық 

даму дегеніміз – аса күрделі үдеріс. 

Оның күрделі талап-мақсаттары 

барысында қоғамдық өмір 

саласындағы, белгілі бір қоғамдық-

саяси объектідегі әлеуметтік-

саяси қатынастар мен үрдістер 

қажетті реттілікке келіп, ол 

тұрақты әлеуметтік-функциялық 

құрылымға айналады.

Тек әлеуетті мемлекет, оның 

сындарлы мемлекеттік тетігі ғана 

жоғарыдағы құндылықтарды 

қамтамасыз етеді. Соның ең бір 

күрделі бағыты – мемлекеттің 

басқарушылық қабілеті мен 

деңгейін көтеру. 

Реформаларды жүзеге 

асырудың басты, сыннан өткен 

құралы – әлеуетті мемлекет. Ал 

ол қандай мемлекет? Әлеуетті 

мемлекетте, ең алдымен, 

басқарудың тегеурінді, берік, 

сындарлы, ықшам жүйесі болуы 

керек. Бұл – мемлекеттің қолында 

жеткілікті материалдық-қаржылық, 

әкімшілік, ұйымдық, адами, 

ақпараттық, коммуникативтік, 

техникалық-технологиялық, та-

ғы басқадай ресурстар болуы 

қажетті шарт деген сөз. Әлеуетті 

мемлекеттің өз функцияларын 

толыққанды жүзеге асыруы 

үшін материалдық-қаржылық 

ресурстардың да маңызы айрықша. 

Қай кезеңде де, әсіресе, қазіргі 

нарықтық қатынастарға және 

оның идеологиясына сәйкес, 

мемлекет саяси билікпен қоса, өз 

қолында экономикалық билікті 

шоғырландыруы керек, яғни 

бай болуы керек. Онсыз саяси 

билікті қолда ұстап тұру қиынға 

соғады. «Егер мемлекет жеке 

кәсіпорындардан жоғары, үстем 

тұрмаса, – деп жазды ағылшындық 

көрнекті философ, математик 

және қоғам қайраткері Б.Рассел, 

– онда ол олардың қолындағы 

марионетка болып, олар 

(кәсіпорындар) нақты мемлекетке 

айналады». Сондықтан, мемлекет 

ірі меншік иесі, өндірістік құрал-

жабдықтардың үлкен бөлігінің 

қожасы болуы керек. Әлеуетті, 

қабілетті мемлекеттің маңызды 

сипатты белгісі – мемлекеттік-

әкімшілік құрылымдардың 

ықпалының кеңеюі, реттеушілік-

бақылаушылық функциялары 

маңызының артуы. Бұл 

функцияларынан бас тартқан 

мемлекет – әлсіреуші, қабілетсіздік 

жолына қарай бет бұрған, күйреуші 

мемлекет. Либерализм әлдеқашан 

жариялап, әсіре деморатияшылар 

бүгінде де қорғап, дәріптеп жүрген 

«мемлекет неғұрлым кішкентай 

болса, соғұрлым жақсы» деген 

қағида-ұранды қазіргі күрделі 

сын-қатерлер уақытында мүлдем 

қабылдауға болмайды. Бұл, 

әсіресе, Қазақстан секілді жас, 

жаңа қалыптасып келе жатқан 

мемлекеттер үшін тіпті қауіпті, 

қатерлі ұран.

Кәсіпқой мемлекеттік аппа-

ратты қалыптастыру Президент 

ұсынған реформалардың 

ішінде бірінші басымдықта 

тұруы – заңдылық. Бүгінде 

реформалардың да тағдыры мен 

орындалуы деңгейі мемлекеттік 

аппаратың сапасы мен іскерлігіне 

тікелей байланысты. Оның 

қызметінің құрылымы, құрамы, 

кадрлардың жауапкершілігі де 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы 

талаптары мен мүддесіне сай 

келмейтіндігін Мемлекет басшысы 

2014 жылғы тамыз айының 6-сы 

күнгі Үкіметтің кеңейтілген 

отырысында ашық айтты. 

Мәселен, бүгінде сыбайлас 

жемқорлық мемлекеттік 

органдарды жегідей жеп, кеулеп 

барады. Сондықтан, Мемлекет 

басшысы кәсіби мемлекеттік 

аппарат құру реформасын күн 

тәртібіне қайта қойды. Нақты 

он бес қадамды анықтады. Бұл – 

кезек күттірмес, өткір мәселе. Бұл 

жерде осы реформаның жүзеге 

асуының қарқыны, тереңдігі, 

сапасы басқа реформалардың 

қарқынына, сапасына тікелей 

әсер ететінін тура айту керек. 

Өйткені, рефомаларды жүзеге 

асыратын мемлекеттік аппарат 

қой. Ендеше, бүгінгі мемлекеттік 

аппараттан сапалы реформа күту 

тағы да ұтылу, кешігу, бір орында 

батбақтау болмай ма? Тығырықтан 

шығар жол біреу – жаңа кәсіби 

мемлекеттік аппаратты тездетіп 

құру. Осындағы «мемлекеттік 

аппарат құру» деген талаптың 

мәні мен маңызына ерекше назар 

аудару мейлінше қажет-ақ. Әңгіме 

бұл жерде жетілдіру, ішінара ауыс-

күйіс, құрылымдық өзгерістер 

туралы емес. Кәсіби аппаратты 

жаңа негізде құру. Жаңа талаптар, 

жаңа қағидалар, кадрлардың жаңа 

корпусы, жаңа буыны туралы 

болып отыр. Бүгінгі мемлекеттік 

аппарат құрамына қарасаң, 

көрер көзге сырттай жинақы, 

ұтқыр, білімді, 40 пайызына 

жуығында екі-үш диплом бар, шет 

тілін білетін, сыпайы, кішпейіл 

көрінеді. Ал қоғамдық шындық, 

пікір оларды көп ретте екіжүзді, 

өзімшіл, жемқор, жауапсыз, жалған 

патриот, кәсіби біліктілігі төмен, 

мансапқа жеке іскерлік сапасымен 

емес, жегжаттық, туыстық 

жолмен, белгілі бір топтың өкілі 

ретінде келген, кездейсоқ кадрлар 

деп қабылдайтыны ешкімге 

құпия емес. Бұл – бүгінгінің 

ащы шындығы. Абай данышпан 

сипаттап, қауіптенгендей, «Іші – 

жылан, сырты – абыз, …Саудасы 

– ар мен иманы, Еңбекпен етті 

ауыртпай» дәулет жиғысы келетін 

қатерлі ұрпақ толқыны кеулеп 

келе ме деген қауіп ұлғайып 

барады. Сондықтан, Мемлекет 

басшысы Парламенттің бесінші 

сессиясын ашардағы сөзінде, 

2014 жылғы 1 қыркүйек басқару 

проблемаларына тоқтала келе, 

бізде жеделдік пен икемділік жоқ, 

міндеттерді шешудің ең қиын да 

көп иірімге толы созылмалы жүйесі 

қалыптасқан, соңғы жылдардың 

өзінде осындай «үдерістердің» 

салдарынан министрліктер 

ішіндегі құжаттар айналымы 3-4 

есеге дейін артып, соңғы 10 жылда 

мемлекеттік қызметкерлердің саны 

шамамен 8,5 мың адамға көбейген, 

мұндай «шенеуніктік аппарат» 

мемлекет қолға алған іс-шараларды 

жүзеге асыруға тежеу болады және 

оның тиімділігіне кері әсерін 

тигізеді, деп атап көрсеткенін 

тағы бір еске салуды жөн деп 

есептейміз. Германия канцлері 

Отто фон Бисмарктың кезінде 

айтқан: «Елді әлжуаз заңдармен 

және жақсы шенеуніктермен 

басқаруға болады. Ал шенеуніктер 

әлжуаз болса, ең тамаша заңдар да 

көмектесе алмайды» афоризмі де, 

«Бәрін де кадрлар шешеді!» деген 

тұжырым да бүгінде тағылымды, 

өміршең естіледі. 

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған 

реформалардың ең күрделі, ең 

қиын, ең ұзақ мерзімді, елдегі, 

әсіресе, интеллектуалдық 

күштердің бірлескен қажырлы 

рухани-мәдени ізденістерінің, 

шығармашылығының бағыты 

– жалпыұлттық біртектілік пен 

бірлік.  

Қазақстанда өмір сүретін 

барлық этностық топтардың 

азаматтық біртектілігіне, барлық 

этнос өкілдерінің таяу уақытта 

«Мен – қазақстандықпын!», ал 

көз жетерлік болашақта өзінің 

этностық сана-сезімін сақтай 

отырып, «Мен – қазақпын!» деп 

айтуына қол жеткізу азаматтық, 

жалпыұлттық біртектіліктің 

сапалық көрсеткіші болмақ. 

Жалпыұлттық біртектілік 

дегеніміз, ең алдымен тіл 

мәселесіндегі түбегейлі мәселені 

– мемлекеттік тілдің барлық 

деңгейдегі өз мәртебесіне 

сай басымдығын, толыққанды 

қызмет жасауын талап етеді. 

Ол өз функцияларын қоғамдық 

қатынастардың барлық 

салаларында толыққанды, қазіргі 

заманғы ғылыми-техникалық 

прогреске, индустриялық және 

ақпараттық қоғамның өскелең 

талаптарына сай жүзеге асыруы 

керек. Мемлекеттік тіл ғана 

жалпыұлттық біртектілікке 

жетудің нақты, іргелі тілдік-рухани 

негізі.    Институттық реформа 

– бүкілхалықтық іс. Оны басты 

жүзеге асырушы, тірегі – халықтың 

саналы іс-әрекеті. Ал мемлекеттік 

басқаруды жаңа сапалық деңгейге 

көтеру жаңа мемлекеттік 

аппаратың аса жауапты миссиясы. 

Сондықтан да Президент: «Мен 

реформалар жоспарын Ұлт 

жоспары деп атадым, өйткені 

реформалар Қазақстанның әрбір 

азаматының тікелей қатысуын 

талап етеді. Реформалар – тек 

мемлекеттік машинаның ғана 

емес, халықтың ісі», – деп атап 

көрсетті. Осы екі күш халықтың 

бойындағы сарқылмас күш-жігер 

мен басқаруды ғылым және өнер 

ретінде меңгерген, мемлекет 

пен ұлт мүддесіне адал, білікті, 

таза, іскер, сапалы жаңарған 

кәсіби мемлекеттік аппараттың 

жасампаздық қызметі елімізде 

қазіргі заманғы сын-қатерлерге 

төтеп берер, тәуелсіздік 

тірегі – әлеуетті мемлекет 

қалыптастырудың іргелі негізі 

болады деп үміттенейік. Халық 

мұндай үмітке әбден лайық.



Нәубәт ҚАЛИЕВ,

саяси ғылымдар 

докторы, профессор

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

Еуразия ұлттық универ­

ситетінде Қазақстан Респуб­

ликасының Президенті 

Н.Ә.Назарбаев стипендиясы 

иегер лерін салтанатты түрде 

құттықтау рәсімі болып өтті.

Оған 


Қазақстан 

Республи касының 

Білім 

және  ғылым  министрі Аслан 



Сәрінжіпов, Л.Н. Гумилев 

атындағы 

Еуразия 

ұлттық 


университетінің ректоры, 

ҚР ҰҒА академигі  Ерлан 

Сыдықов,  бірінші проректор 

Жәмилә 


Нұрманбетова, 

рек тор 


кеңесшісі  Әсемгүл 

Молдажанова  және Президент 

стипендиясының иегерлері мен 

БАҚ өкілдері қатысты. 

Қазақстан Республикасы 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың талантты 

магистранттарға тағайындаған 

стипендиясы Қазақстан білімі 

мен ғылымын дамытуға

зияткерлік ұлт қалыптастыруда 

Елбасының қосқан зор үлесі 



Президент стипендиясын табыс етті

болып табылады. Президент 

стипендиясы жастарды ғылыми 

қызметке тартуға, ғалымдар мен 

педагогтарды дайындауға соны 

серпін беретіні сөзсіз.  

2015 жылы конкурсқа 

 

ғылыми-зерттеулердегі жоға-



ры жетістіктері, жетекші 

журналдардағы ғылыми жария-

ланымдары, үздік үлгерімі мен 

белсенді қоғамдық қызметі үшін 

ұлттық оқу мекемелеріндегі 

46 магистранттың құжаттары 

ұсынылған. Ережеге және 

кон курстық 

комиссияның 

ше ші міне  сәйкес  Назарбаев 

стипендиясына үміткерлердің 

ішінен үздіктердің үздігі 

іріктеліп, Қазақстан Респуб-

ликасының Білім және ғылым 

министрі Аслан Сәрінжіпов 

Назарбаев стипендиясының 

10 үміткеріне сертификаттар 

мен төсбелгілерін салтанатты 

түрде тапсырды. Аламанда оза 

шауып, жүзден жүйрік, мыңнан 

тұлпар танылған 2015 жылғы 

стипендия иегерлерінің ішінде 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің магис-

транты А. Шамшет те бар. 

«Біз  сіздермен  Тұңғыш 

Президент күні  қарсаңында 

кездесіп  отырмыз.  Қос  қуаныш 

құтты  болсын.  Енді  үлесімізді 

Қазақстанның 

дамуына 

қосуымыз  керек.  Елбасының 

Қазақстанды  мықты,  гүлденген 

және 


жан-жақты 

дамыған 


елге  айналдырсам  деген  асыл 

арманын  іске  асыратын  жастар 

–  сіздер  сияқты  болуы  тиіс. 

Президент осы миссияны 

келер  ұрпақтың  алдындағы 

зор  жауапкершілік  деп  біледі. 

Президент 

сти пендиясының 

иегерлері 

Елба сының 

сенімін  ақтайды  деп   сенемін. 

Жеңістеріңіз жемісті болсын!» 

– деді министр.  

Салтанатты рәсімнен ке-

йін Елбасы стипендиясының 

ие 


герлері жас ғалымдарға 

осындай қолдау көрсеткені үшін 

Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлына, Білім және ғылым 

министрі Аслан Сәрінжіповке 

өздерінің ал ғыс-тілектерін біл-

дір ді. Ал  өз кезегінде министр 

Аслан Бәкенұлы  Назар 

баев 


стипендиясы иегер лерінің сау-

ал дарына жауап беріп, олармен 

ашық-жарқын сұхбат жасады. 

Әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры 

Ерлан Сыдықовен және  белгілі  ғалымдармен кездесті.

Шынында да бұл есте қалар ерекше жүздесу болды. Оған 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін әр жылдары 

бітірген түлектері: Ерлан Сыдықов, Жәмилә Нұрманбетова, 

Абзал Талтенов, Жабайхан Әбділдин, Мырзатай Жолдасбеков, 

Рахметқажы Берсімбай, Намазалы Омашев, Серік Негимов, 

Рәтбай Мырзақұлов, Шолпан Жарқынбекова, Бақытжан 

Оразалиев, Кенже Жұмағұлов, Ербол Қаржаубаев, 

Баубек Сомжүрек, тағы басқалар құрметті қонақ ретінде 

шақырылды. Қонақтарды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

университетінің ректоры Ғ. Мұтанов «ҚазҰУ-дің 80 жылдық 

мерекелік медалімен» марапаттады. 



Жылы шырайлы 

жүздесу 

Ынтымақтастыққа жол ашылды

Филология факультеті  Шетел  тілдерінің  теориясы мен тәжірибесі  кафедрасының 

меңгерушісі Д. Байдрахманов 5В011900 ­ «Шетел  тілі:  екі  шетел  тілі»  мамандығы 

бойынша  қос  дипломды  білім  беруді  құру  және  жүзеге  асыру  бойынша  Қытай  Халық 

Республикасындағы екі жоғары оқу орындарында болды. 

Бірінші  кездесу  Бейжің  қаласындағы  Орталық  Ұлттар  университеті (Minzu University of 

China)  Шетел  тілдері  факультетінің  басшылары  Чжан На және  Лиа  Хуамен  болды.  Сонымен 

қатар Халықаралық департамент басшысы Луй Юпингпен де кездесу өткізіп, уағдаластыққа қол 

жеткізілді. 5В011900 - «Шетел  тілі:  екі  шетел  тілі»  мамандығы  бойынша  біріккен  бағдарлама 

жасалынатын  болып  келісілді.  Екі  тараптың  модульдық  оқу  бағдарламалары  және  келісім-

шарт  жобасы  талқыланды.  Екінші  кездесу  Шеньян  қаласындағы  Шеньян  педагогикалық 

университеттерінде өтті. Халықаралық білім беру институтының басшысы Ван Жуймен болған 

кездесуде де 5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша қос диплом аясында 

біріккен бағдарлама талқыланды.

Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі Д. Байдрахманов қос дипломды білім беруді құру және жүзеге 

асыру бойынша іссапар барысында университет ректоры Е. Сыдықовтың қолы қойылған Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ және Шеньян педагогикалық университеттері арасындағы ынтымақтастық 

жөніндегі  келісім-шартты  Шеньян  қаласындағы  Шеньян  педагогикалық  университетіне  алып 

барды. Шеньян  педагогикалық  университетінің ректоры Линь Цзяюньнің  қолын  қойдыртып, 

түпнұсқа келісім-шартты алып келді. Сөйтіп, екі университет арасындағы ынтымақтастыққа жол 

ашылды. 

Баспасөз қызметі

Халықаралық қатынас

Ақпарат айдыны

Жақында Ғылыми  кеңестің  кезектен  тыс  мәжілісі  болып 

өтті.  Мәжілісті  Еуразия  ұлттық  университетінің ректоры, ҚР 

ҰҒА академигі,  Ғылыми  кеңес  төрағасы  Ерлан  Сыдықов  ашып, 

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  арнаған «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар, даму» атты  биылғы 

Жолдауы  туралы  баяндама  жасады. «Жолдаудың  аты  айтып 

тұрғандай,  негізінен  мұнда  дамудың  әрі  қарайғы  бағыттары 

айқындалған.  Бұл  ретте,  кадрлар  даярлау  мәселесіне,  оның  ішінде 

кәсіптік жұмысшы кадрларына ерекше ден қойылғандығын айт кету 

керек. 2017 жылдан  бастап  кәсіптік  мамандықтарға  тегін  оқыту 

мәселесі халық көңіліне қонды. Өйткені, «мектепті бітіргеннен кейін 

түлектердің 20-30 пайызы  назардан  тыс  қалып  қояды» деген  дерек 

бар. Олар жоғары оқу орындарына бара алмайды немесе жұмыссыз 

жүріп  қалады.  Сондықтан  Елбасы  Жолдауы  мемлекетімізді  қайта 

жаңғырту бағдарламасы», - деді Ерлан Бәтташұлы. 

Жолдауға  қолдау  білдірілгеннен  кейін  Ғылыми  кеңес  жұмысы 

белгілі ғалым, ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты, физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор 

Қайрат  Камалұлы  Қадыржановтың 70 жасқа  толуына  байланысты 

салтанатты шарамен жалғасты. 

Шара барысында Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан  Сыдықов  Ғылыми кеңестің 

шешімімен мерейтой иесіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің  құрметті  професссоры  атағы мен Гумилев медалін 

тапсырса,  Ядролық физика институтының бас директоры Саябек 

Сахиев, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының 

докторы, профессор Мырзатай 

Жолдасбеков, Словакия 

Республикасының  Қазақстандағы  Төтенше  және  Өкілетті  елшісі 

Петер Юза, ҚР  Парламенті  Сенатының  ғылым  және  әлеуметтік-

мәдени даму жөніндегі комитет төрағасы  Ахан  Бижанов,    ҚР 

Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев, сонымен қатар 

Біріккен ядролық зерттеу институтындағы (Дубна қ.) әріптестері – 

Станислав Покуляк пен Владимир Кореньков және ҚР Энергетика 

вице-министрі  Бақытжан  Жақсалиев,  Қазақ  ұлттық  академиясының 

вице-президенті  Нұралы  Бектұрғанов,  Ғылым  қорының  президенті 

Амандық Төлешов, ҚазҰУ проректоры Тілекқабыл Рамазанов, тағы 

басқа да  ғалымдар  мерейтой  иесі  Қайрат  Қадыржановты 70 жасқа 

толу мерейлі жасымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. 

Шара аясында  Қайрат  Қадыржановтың «Бәрі  есімде...» («В 

памяти моей…») атты  кітабының  тұсаукесер  рәсімі  болып,  жаңа 

шығарманы қоғам қайраткері, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі 

Ғаділбек Шалахметов таныстырды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет