№22 (203), желтоқсан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 4.71 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата02.01.2017
өлшемі4.71 Mb.
  1   2   3   4

№ 22 (203),  

желтоқсан, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Қазақстан жаңа жаһандық нақты 

ахуалда: өсім, реформалар, даму

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!



(Басы. Соңы 2-бетте).

Құрметті профессор-оқытушылар, сала 

қызметкерлері, студент-жастар!

Тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!



30 қараша күні Қазақстан Президенті 

Қазақстан халқына Жолдауын жария 

етті. Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз 

жаhандық дағдарыстан қалай шыға 

алатындығын айтты.

Президент Жолдауын аса күрделі, 

қиын кезеңде жария етті: шикізаттың 

әлемдік бағасы түсуде, экономикалық 

өсім баяулады, мұнайдан түсетін супер 

табыстар жоқ. Әлем тұрақсыз бола түсті. 

Жетекші державалар бір-біріне қарсы 

санкциялар енгізді. Олардың арасындағы 

сенім күрт төмендеп кетті. Бірақ Президент 

Қазақстанның бұған дейін де дағдарысты 

бастан кешіріп, одан шыға білгенін, 

Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде 

өмірге келгендігін, содан бері біз жаһандық 

дағдарыстың – тек қауіп қана емес, сонымен 

бірге жаңа мүмкіндіктер әкелетіндігін 

білетіндігімізді еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың 

ортасында Қазақстанның дағдарыстан 

шығуына көмектескен: жекешелендіру, 

трансұлттық ком 

панияларды тарту, 

астананы дамыту, мұнайды экспорттаудың 

жолдарын іздеу, «Қазақстан–2030» 

Стратегиясын әзірлеу және оны іске 

асыруды,   Ұлттық қорды құру сияқты негізгі 

бағыттарды еске түсірді.

Бұл жолғы дағдарысқа дайындықты 

Қазақстанның алдын ала бастағанын қадап 

айтты ҚР Президенті. 

Атап өтер болсақ, біз қазірдің 

өзінде индустриялық-инновациялық 

дамудың екінші бесжылдығын бастадық, 

яғни шикізат ресурстарына ғана қарап 

қалмайтын эко номика құрудамыз, «Нұрлы 

Жол» Мемлекеттік инфра 

құрылымдық 



Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сіздерді қазақстандықтар үшін ең ұлы да, қастерлі мереке болып саналатын – 

еліміздің Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Біз бүгінде Тәуелсіздіктің арқасында – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ 

тұтас халыққа айналдық. Тірлігі – жарасқан, бірлігі – бақ ашқан елміз. Қазақ 

халқында «Ынтымақты елдің – ырысы мол» деген даналық бар. Бірлігіміздің 

арқасында қазақ елінің аты төрткүл дүниеге таралып, Көк байрағы биікке 

желбіреді.

Тәуелсіздіктің арқасында жоғымызды тауып, рухани-мәдени байлығымызды 

түгендедік. Оны өзіміздің университеттен айқын аңғаруға болады: 

Елбасымыздың Жолдауын жүзеге асыру мақсатында сапалы білім – саналы 

тәрбие беру үшін  Стартап аймағы, оқу-лаборатория ғимараты ашылып, 

нәтижелі жұмыстар атқарылды. Университетіміз әлемдік деңгейде білім беру 

саласы бойынша жоғары сатыға шығып, ТМД арасында топ жарды. «Қызмет 

көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ҚР Президентінің «Алтын 

сапа» сыйлығын иелендік. Әлемдік деңгейде берілетін марапат – «Алтын 

жұлдызға» қол жеткізіп, «Ірі кәсіпорын» номинациясы бойынша Орталық және 

Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан 10-Халықаралық турнир жеңімпазы 

атандық. Мұндай жоғары атақ пен марапатқа ие болу – профессор-оқытушылар 

құрамы және ұжым еңбегінің нәтижесі. 

Еуразия ұлттық университетінің осындай жетістіктері – бүгінгі Тәуелсіз 

Қазақстанның арқасында қол жеткен зор табысы деп білемін. 

Құрметті әріптестер!

16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарға бірге қол 

жеткізе берейік!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс 

тілеймін.



Ректор  Е.СЫДЫҚОВ

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

даму бағ дарламасын қабылдадық, 

дағ 

дарысқа қарсы шаралардың 



маңызды аспектісі ұлттық 

валютамыз теңгенің еркін бағамға 

көшуі жүзеге асырылды, «5 

институттық реформа бойынша 

100 нақты қадам» Ұлт жоспары 

іске асырылуда, шағын және 

орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік 

кедергілер жойылуда. Осының 

барлығы өз жемісін беруде.

Тарихи тәжірибе негізінде 

және жағдайды есепке ала 

отырып Нұрсұлтан Назарбаев 

дағдарысқа қарсы бағытталған: 

өсім, реформалар, даму сияқты 

басты стратегиямызды жария 

етті.


Осыған байланысты ҚР 

Президенті таяу уақыттарда 

Үкіметке келесі бес бағыт 

бойынша дағдарысқа қарсы 

және құрылымдық кешенді 

жаңаруларды жүзеге асыру қажет 

екендігін тапсырды.

І. 


Қаржы секторын 

тұрақтандыру. Ұлттық банк 

банк секторының барлық 

субъектілеріне жұмыс істе мейтін 

несиелер бойынша стресс-

тестілеу жүргізуі қа 

жет. Оның 

нәтижелері бо 

йынша оларды 

мойындау және есептен шығару 

жөнінде шаралар қабылдау керек. 

Капиталдандыру проблемаларын 

шеше ал 


ма 

ған банктер қаржы 

жүйесінен «кетуі» тиіс. 

«Долларсыздандыру» құрал-

дарын кеңейту арқылы ұлттық 

валютаға деген сенімді нығайтуға 

қол жеткізудің маңызы зор. Біздің 

бәріміздің де ұлттық валютамыз 

– теңгеге сенуіміз қажет, – деді 

Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев инфля-

циялық шектеу шең 

берінде 

Ұлттық банк орта мерзімді 

болашақта инфляция деңгейін 

4 пайызға дейін төмендетуді 

тапсырды. Ол үшін пайыздық 

мөлшерлемелерді икемді өзгерту 

тетігі толыққанды пайдаланылуы 

тиіс. 


Ұлттық банктегі инсти-

туттық кемшіліктерді жою 

қажет. Біртұтас Зейнетақы 

қорын, Проблемалы несиелер 

қорын және басқа да қаржы 

институттарын оның бақы-

лауынан шығару керек. 

2016 жылы зейнетақы 

активтері жеке қазақ-

стандық немесе шетелдік 

компаниялардың басқаруына 

берілуі тиіс. Зейнетақы 

жиналымдарының  табысты лығын 

арттыру мақсатында зейнетақы 

қаржыларын инвестициялауға 

көзқарастарды қайта қараған 

жөн.

2. 

Бюджет саясатын 

оңтайландыру. 

Президент 

бұл бағытты қарапайым тілмен 

«Көрпеге қарап көсілу» 

керек деп тұжырымдады. Бұл, 

дегеніңіз бюджет шығын 

дарын 

оңтайландыру: тиімсіз шығындар 



немесе жеке сектор есебінен 

жабылуы мүмкін шығындар 

бюджеттен шығарылуы тиіс. 

Бюджет шығындарын Ұлттық қор 

есебінен жабу – көрегендік емес. 

Біз алдағы жылдардың қандай 

боларын білмейміз. Сондықтан 

менің ұстанымым қағидатты 

– Ұлттық қор қаржыларын 

ағымдағы шығындарға пайда лану 

тоқтатылуы тиіс.

Бізге мемлекеттік кірістер 

мен шығыстардың бүкіл жүйесін 

қайта қарау қажет. Ең алдымен, 

бюджеттің кіріс базасын ұлғайту 

керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тің 

орнына сатудан түсетін салықты 

енгізу қажет. Барлық тиімсіз 

салықтық жеңілдіктерді жойған 

жөн. Салықтық режімдерді 

оңтайландыру қажет – тек үш 

деңгей ғана қалуы керек. Олар 

– жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін 

патент және шағын және орта 

бизнес, сондай-ақ, аграрлық 

сектор үшін арнайы салық режімі. 



3.  Жекешелендіру және 

экономикалық бәсекелестікті 

ынталандыру.  Бүгінде  тұрақ ты 

экономикалық өсім ді қамтамасыз 

ету үшін ішкі ресурстарды 

барынша босатудың маңызы зор. 

Ол үшін біз екі тиімді құралды – 

кең ауқымды жекешелендіруді 

және бәсекелестікті ұлғайтуды 

пайдалануға тиіспіз. Бүгінде өсім 

мен бәсекелестікті не ұстап тұр? 

Ең алдымен, үлкен мем-

лекеттік сектор – 7 мыңнан 

астам кәсіпорындар. «Самұрық-

Қазына» және «ҚазАгро» 

холдингтері өнеркәсіп пен ауыл 

шаруашылығының орасан зор 

активтеріне тиімді бақылау жасай 

алмайды. «Самұрық-Қазына» 

қорының активтері, «ҚазАгро» 

және «Бәйтерек» холдингтері 

бюджет пен банктер арасындағы 

тиімсіз делдалдарға айналды, –

деді ҚР Президенті.

Қазір мемлекеттік сектор 

нысандарын жекешелендіруге 

шектеулерді алып тастау ма ңызды. 

«Мемлекеттік мү 

лік туралы» 

Заң мен Азаматтық кодекстің 

бірқатар ережелерін қайта қарап, 

жекешелендіруге жатпайтын 

стратегиялық нысандардың 

санын қысқарту қажет. Олар-

дың ішінде, «Самұрық-

Қазына», «Бәйтерек» және 

«ҚазАгроға» кіретіндері де 

бар. Жекешелендіруден кейін 

осы үш басқарушы холдингтің 

бәрі ықшам ұйымдарға қайта 

құрылымдалатын болуы тиіс. 

Жекешелендіру әділетті 

нарықтық баға бойынша, ашық 

және бәсекелі жүзеге асырылуы 

керек.

4. Жаңа инвестициялық 

сая саттың  негіздері.  Президент 

келесі міндеттерді қойды: 

экономиканың жыл сайынғы 

өсімін 5 пайыз деңгейінде 

қамтамасыз ету; өңделген 

тауарлардың экспортын 2015 

жылмен салыстырғанда кем 

дегенде екі есе ұлғайту, оны 

жылына 30 миллиард долларға 

дейін жеткізу; экономикаға жыл 

сайынғы инвестициялардың 

көлемін 10 миллиард доллардан 

астамға ұлғайтып, тұтастай 

алғанда 10 жыл ішінде – кем 

дегенде 100 миллиард долларға 

жеткізу; 660 мыңнан астам жаңа 

жұмыс орындарын құру, еңбек 

өнімділігін 2 еседен астамға 

арттыру. 

5. Жаңа әлеуметтік саясат.

Біз бұған дейін қабылданған 

бағдарламаларға сәйкес, 

білім беру және денсаулық 

сақтау салаларын жаңғыртуды 

жалғастыруымыз керек. Мен 

2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап денсаулық сақтау саласы 

қызметкерлерінің еңбекақысы 

орташа алғанда – 28 пайызға 

дейін, білім беру саласы 

қызметкерлерінікі – 29 пайызға 

дейін, әлеуметтік қорғаудағы 

қызметкерлердікі 40 пайызға 

дейін артатынын жариялаймын. 

Мұнда бюд жет қызметкерлерінің 

түрлі категорияларына қатысты 

сараланған тәсіл қолданған 

ұтымды. Алдағы жылы мүге дектігі 

мен асыраушысынан айырылуға 

байланысты 

әлеу меттік 

жәрдемақылардың 25 пайыздық 

өсімі, сондай-ақ, стипендиялар 

қамтамасыз 

еті ле тін 

болады. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап біз инфляция деңгейінің 

алдын ала отырып, ынтымақты 

зей нетақыны 2 пайызға индек-

стейміз.  2016 жылы «Б» 

корпусындағы мемлекеттік 

қызметшілердің еңбекақысы 30 

пайызға арттырылатын болады. 

Мен 2017 жылдан бастап 

жаңа жоба – «Баршаға арналған 

тегін кәсіби-техникалық білім» 

бағдарламасы басталатынын 

жариялаймын. Тұтастай алғанда, 

Жолдауда ілгерілетіп отырған 

шаралардың барлығы нақты 

сипатқа ие және, әдеттегісінше, 

сенімді қаржыландырумен 

қамтамасыз етілген, – деп сендірді  

Нұрсұлтан Назарбаев.

Дағдарыстардың бәрі  өткінші, 

өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт 

мұраты, ұрпақ болашағы сияқты 

ұлы құндылықтар ғана мәңгі. 

Мен айтып өткеннің барлығы 

жеңуге болатын, біз жеңе алатын 

бөгеттер. Біз көлденең шыққан 

кедергілерге кідірмей, дамыған 30 

елдің қатарына қосылу мақсатына 

қадам басамыз.

Рухы биік, еңбегі ерен, 

бірлігі мығым Мәңгілік Ел 

болу үшін бізде бәрі бар. 

Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, 

тұғырын нығайтқан біздің тарих 

алдында жүзіміз жарқын! Біздің 

тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – 

тұрақтылық, білегіміз – бірлік! 

Мен халқыма сенемін. Көк 

байрағымыздағы алтын қырандай 

еліміз қанатын кеңге жайып, 

асқар биіктерден көрінсін! 

Барды бағалап, жоқты жасай 

білген жасампаз жұртымыздың 

көк байрағы әрдайым биікте 

желбіресін! 

Алға, Қазақстан! – деп сөзін 

аяқтады Елбасы.

Мемлекеттік мереке – Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті 

күнінің дәл қарсаңында жария етілген 

 

Елбасы Жолдауы елдік мәселеге қай 



уақытта болсын көздің қарашығындай 

жауапкершілікпен қарауды міндеттеп отыр. 

Жолдаудың «Қазақстан жаңа жаһандық 

нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп 

аталуының өзі отаншыл жанның санасын 

селт еткізеді. 

Жаңа жаһандық нақты ахуал – сіз бен 

бізден өзімізге, әлемге ақылмен, парасатпен, 

адамшылықпен, жүрекпен қарауды талап 

ететін кезең. Айналамыздағы түрлі мүдделер 

тоғысқанда, кейде нәзік те шетін, кейде 

найзағай отындай, кейде – жұмбақ жағдайлар 

қат-қабат келіп жатады. Бірақ заман дамыған 

сайын адамзат ақылы әлгі қилы қиындық пен 

күрделілік түйінін шешуге жұмылады.

Жолдауда Елбасы «Ең жақсы жоспар – 

уақыт талабына бейімделген жоспар» дей 

отырып, өсу мен дамуды қамтамасыз ететін 

кешенді іс-шараларды нақтылап айтты. 

Білім саласының өкілі ретінде біз Мемлекет 

басшысының осы Жолдауда «2017 жылдан 

бастап жалпыға бірдей тегін кәсіптік-

техникалық білім беру» жаңа жобасы 

басталатынын жариялаймын деген шешімін 

зор өрлеу үстінде қабылдадық.

Расында, мемлекеттік әлеуметтік 

саясаттың басымдығы – адами капиталға 

бағытталған инвестицияны дамытуға 

негізделетіні мәлім. Ал білім мен тәрбие 

жүйесі – адами капиталдың арқауы. Елбасы 

Жолдауда: «Бұл деген не? Бұл – ең алдымен 

қабылданған бағдарламалар аясында білім 

беру, денсаулық сақтау саласын жаңғыртуды 

жалғастыру дегенді білдіреді. Біз дәл осы 

салалардан ешқандай да үнемдемейтін 

боламыз. Өйткені, білім беру де, денсаулық 

сақтау салалары да – бұл біздің болашағымыз, 

бұл – біздің азаматтар» деп тереңнен 

толғады.

Осы тұста Мемлекет басшысы 

бұрыннан жүйелеп жүрген және осы жолы 

шегелеп айтқан жұмысшы мамандығының 

қадірі деген ұғымға екпін түсіре кеткіміз 

келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, 

айналамыздың бәрі жұмысшының 

алтын қолымен тұрғызылып, гүлденген, 

баянды етілген. Жыл сайын өсіп-жетіліп, 

ауысып отыратын жаңа толқынға осыны 

санасына кіретіндей айтып отырмасақ, 

құндылықтардың бүгін, ертең және 

болашақта танылуына, қабылдануына зияны 

тиюі әбден мүмкін.

Кез келген бастауыш техникалық 

кәсіпті меңгерген азамат, ұлт ұғымымен 

байыптасақ, «жерде қалмайды». Мұны ХІХ 

ғасыр соңында дана Абай да айтқаны белгілі. 

Тарихқа көз салсаңыз, ұлт зиялыларының 

бәрі дерлік мектеп жасында-ақ бір 

кәсіпті лайықты меңгерген. Бұл олардың 

тіршілігінде, қайраткерлік дамуында көп 

пайда тигізген. Қазақта тағылымды нақыл 

бар: «Ерінбеген – етікші болады» деген. 

Жасырып не керек, қазір де, бұрын да 

сапалы етік бағаланған. Ал «мықты етікші 

болуды армандаған жан шебердің жанында 

бес жыл жүріп үйренгені» ескі деректерде 

жазылған. Кәсіби шеберлік, мамандық 

жолында ерінбеу, іздену деген – осы! 

Мұның қызығын алғаш өзі, онан соң халқы 

көреді. Кәсіптік техниканың әрбір саласына 

осындай ұстаным қажет.

Жолдауда білім саласына қатысты 

нақтыланған тағы бір шешім – 2016 жылдың 

қаңтарынан мұғалімдер жалақысының 

29 пайызға дейін көбейтілетіні. Рас, 

бұл – ұстаздар үшін елеулі көмек. Сонау 

тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан 

бері педагогтер қауымы күн-түн демей 

оқушы-жастарға орнықты тәрбие, білім, 

өнеге беріп келеді. Осыны ескеріп, 

Президент тапсырмасымен ұстаздар секілді 

әлеуметтік маңызды мамандардың тұрғын 

үй мәселесін шешу бағдарламалары да 

жүзеге асты. Нарықтың аты нарық болса 

да, мемлекетіміздегі мұғалім мәртебесін 

көтеру, оларды лайықты құрметтеу мен 

ынталандыру қоғамның міндеті екенін 

ұмытпауымыз керек. Өркениетті барлық 

елде осындай. Ендеше, озық 30 ел қатарына 

кіруге жұмылған Қазақстан азаматтары 

балаларын оқытып жүрген мұғалімдер 

қауымын бағалаудың, педагог мамандық 

қадірін арттырудың тетігін табуды бірлесіп 

ақылдасуы тиіс деп санаймыз.

Елбасы осы жолы Қазақстан аймақтары 

өндіріс пен шаруашылықты дамытуға 

мамандануы қажет дегенді айтты. Мысалы, 

дәстүрлі «жемісті өңір», «өндірісті 

өңір», «бидайлы өңір», «мұнайлы өңір» 

т.б. дегендей. Ал ел жүрегі – Астана 

мен ХХ ғасырдың  күрделі кезеңдерінде 

республикаға орталық болған Алматыны 

«ақылды қала» ретінде даму болашағын 

айқындады. «Ақылды» деген анықтама – 

ғылым мен технологиясы дамыған, мәдениеті 

мен сәулеті жаңа заманға сай түзілген дегенді 

білдіреді. Мысалы, 17 мыңға жуық білім 

алушысы, 3 мыңға тарта ғалымдары мен 

оқытушылары бар Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті зерттеу оқу 

орны ретінде  талантты шәкірттерімен, 

ғылыми жаңалықтарымен «қала ақылына» 

ақыл қосады. Оның әлеуетін көтереді. 

Елорданың табиғи ғылыми-технологиялық 

жанды тетігіне айналады. Астанамен 

бірге тыныстайды, өседі, өрістейді, 

қарыштайды. Ел жүрегі мен орталық қалалар 

ақылды, парасатты болса, технологиялық 

жетістіктерге қол жеткізсе, мемлекеттің зор, 

тегеурінді күшіне айналады. Солай болғанда, 

бізді дағдарыс та, «жау» да алмайды.

«Дағдарыс – өткінші, ел тәуелсіздігі, 

ұлт мұраты, ұрпақ болашағы – мәңгі» деді 

Елбасы. Жолдауды жариялау барысында 

Нұрсұлтан Әбішұлы халқымыз үшін құнды 

ұғым, асыл арман – «Мәңгілік Ел» идеясын 

тұжырымдап, түйіндеп отырды. Рас, мәңгілік 

– мәңгілікті ойлаған, мәңгілік үшін күрескен 

әр сәттен, әр күннен тұрады. Осындай 

үзіліссіз ой мен табанды күресті Елбасы тағы 

бір жария етті. Елдің де, елдіктің де абыройы 

көтерілді.



Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Н. Гумилев атындағы 

 Еуразия  ұлттық 

университетінің 

ректоры, академик

Қазақстан жаңа жаһандық нақты 

ахуалда: өсім, реформалар, даму

Елдің де, елдіктің де абыройы көтерілді



(Соңы. Басы 1-бетте).

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

Елбасы Жолдауын қолдаймыз!

Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы 

аса маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Елбасы өз сөзінде ұлттық 

теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын арттыру мақсатында 

атқарылатын нақты іс-шараларды атап көрсетті. 

Сонымен қатар ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-

ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 

мен білім алушылардың шәкіртақысын, зейнетақыны белгіленген пайыздық 

мөлшерде көбейту т.б. мәселелер де қамтылды. 

Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты 

арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның 

болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын 

жақсартудың нақты жолдары көрсетілді.



Гүлбаршын СЫЗДЫҚОВА  

Қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры, филология 

ғылымдарының докторы 

30 ноября 2015 года 

Президент Республики Казахстан 

обратился к народу с очередным 

Посланием «Казахстан в новой 

глобальной реальности: рост, 

реформы, развитие». Важными 

пунктами Послания выделены 

борьба с кризисом, продвижение 

отечественной продукции, 

легализация имущества, развитие 

предприятий, поддержка технических 

специальностей, - в общем, всё то, что 

необходимо для поднятия экономики 

нашей страны. 

Бағыт-бағдарымыз айқындалды

Обсудили главнейшие тезисы Послания

Жолдауға  арналған  кеш

Мақсат -

Мәңгілік 

ел болу

Отан» и обладатели президентских 

стипендий, в том числе студенты 

нашего университета. 

Участники собрания обсудили 

главнейшие тезисы Послания, вклю-

чая пункты о повышении зарплаты 

бюджетникам,  медраб отникам,  соц-

раб 

отникам, учителям, стипендии 



студентам, о политике поддержки 

малого и среднего бизнеса. 

Помимо этого, было обсуждено 

решение об официальном вхож-

дении Казахстана в ВТО и пред-

ло 


жение Главы государства о 

выпуске брендового товара казах-

станского качества. Студенты 

единогласно поддержали  решение 

Н.А. Назарбаева о продвижении 

отечественной продукции на 

мировом рынке. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, 

реформалар, даму» атты жаңа Жолдауын 

аса ден қоя тыңдадым. Онда мемлекет 

басшысы  дағдарыс қыспаққа алып тұрған 

кезеңде  халықтың әл-ауқатын әлсіретпей, 

тығырықтан шығу жолдарын нақты көрсете 

отырып, Ұлттық валютаға деген сенімді 

нығайту өте маңызды екендігін және 

Қазақстан ДСҰ-ның толық құқықты мүшесі 

болғанын атап өтті. 

Әрине, әлемде дағдарыс дендеп тұрған 

кезеңде, халықтың алдағы уақытта жағдайы 

қалай болар екен? деген сауал мені де 

мазалағаны рас. Бүгін сол сауалдардың 

жауабын Елбасының өз аузынан естіп 

білдік.

Мәселен, Елбасының: "Зейнетақы 



қаржысын бизнесті қаржыландыру үшін 

пайдалануды тоқтату керек", – деп айтқан 

ойын мен қолдаймын. Өйткені, әр адам 

болашақта зейнетақымен қамтамасыз 

етілуіне алаңдайтыны сөзсіз. Бұдан 

бөлек бюджет саласында еңбек ететін 

қызметкерлер жалақысы 2016 жылдың 

қаңтарынан бастап өсетінін естіп 

қуанып жатырмыз. Әрине, Жолдауда 

көптеген мәселелерге қатысты межелі 

бағыт-бағдарлар сараланып, салмақты 

таразыланған. 

Елбасы айтқандай, «Әлемдегі ең 

дамыған 30 мемлекеттің қатарына 

қосылып, бай да қуатты елдермен иық 

түйістіру – мақсатымыз» болса, Жолдауда 

көрсетілген жолмен жүретін болсақ, қазақ 

елінің басына туатын ондай күннің де алыс 

емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана 

тәуелсіздігімізді баянды етіп, Мәңгілік 

ел – Қазақ елі болатынымыз айдан анық. 

Жолдаудағы: «Санаулы күндерден кейін 

біз азаттық туын желбіреткен Тәуелсіз 

мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына 

аяқ басамыз. Бұл - Тәуелсіздікті нығайту 

жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек 

ғасырлық белесін қорытындылайтын 

мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету 

- оған қол жеткізуден де қиын екенін 

біз осы жылдар ішінде көріп-білдік. 

Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай 

нығайту үшін бізге әлі талай күрделі, өтпелі 

көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. 

Ең жақсы жоспар – заман талабына 

бейімделген жоспар. Біз де заманның 

беталысына қарай межелерімізді белгілеп, 

жоспарларымызды нақтылап отыруымыз 

қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, 

жері гүлденген, қасиетті Отанымыз – 

Қазақстанды мәңгілік ел ету»,  деген Елбасы 

сөздері әр қазақстандықтың қаперінде 

жүрер ізгі сөздер деп ойлаймын. 



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> Ахметов А., Ахметова Г
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет