№22 (203), желтоқсан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.01.2017
өлшемі4,71 Mb.
#1038
1   2   3   4

Сый­құрмет көрсетілді

6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

  

Тұңғыш Президент 



және Ел Тәуелсіздігі

 Ұлы Дала 

ұландарына  

ұлағат


Дөңгелек үстел

Елдік дәрістері

Жастар сессиясы

Филология факультеті шетел 

тілдері кафедрасында Тұңғыш 

Президент күні мен  Тәуелсіздік 

мерекесіне орай кафедра 

оқытушылары п.ғ.к. Д. Құрманаева 

мен п.ғ.к. Н. Қасымбекованың 

 

және аға оқытушы У. Нұрға­



лиеваның ұйымдастыруымен 

«Ерен Елбасы – кемел көшбасшы» 

атты дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған шараны өткізудің 

мақсаты – студенттерді ҚР 

Президенті Н.Назарбаевтың 

өмірі мен шығармашылыққа толы 

атқарылған істерімен таныстырып, 

олардың саяси сауаттылығын 

арттырып, 

көш басшылық 

қабілеттерін дамыту болды. Іс­

шараға МЖБ­21, МН­22, ККжТ­

21, Есеп және Аудит­11, Тур­21 

топтарының студенттері қатысты. 

Студенттер өздерін әртүрлі 

салалардың мамандары (техника 

маманы, тарихшы, саясаткер, 

экономист, әлеуметтанушы, 

лингвист) ретінде қойып, 

Елбасымыздың Қазақстан үшін 

әр салада атқарған және атқарып 

жатқан істері туралы үш тілде түрлі 

ақпараттар беріп, ойларымен бөлісті. 

Елбасының балалық шағы 

жайында баяндалған фильмнен үзінді, 

еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері 

Елбасының басқаруымен орындалған 

жұмыстар жайлы слайдтар көрсетілді.

Елбасымыздың атқарған істері 

жайлы сұрақтар қойылып, пікірталас 

жүргізілді. Cонымен қатар, МЖБ 

– 21 тобының студенті Асылбек 

Жолдыұлы Елбасымызға арнаған 

өзінің жыр шашуын оқыды.

Іс­шара соңында шетел тілдері 

кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., 

доцент Ж.Сағымбаева және 

кафедраның аға оқытушылары 

А. Хамитова Г. Арыстанқұлова 

студенттерді Тұңғыш Президент 

күнімен және Тәуелсіздік 

мерекесімен құттықтап, дөңгелек 

үстелді өткізу барысында белсене 

қатысқан студенттерге алғыс 

хаттарын тапсырды. 



Г. ТАЖИТОВА

шетел тілдері кафедрасының 

аға оқытушысы

Ерен Елбасы – кемел көшбасшы



Отырар кітапханасында ҚР 

Тұңғыш Президенті күні мен 

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған 

«Тәуелсіздік және Ұлы Дала 

құндылықтары» атты тақырыпта 

тарих факультеті студенттеріне 

академик, белгілі қыпшақтанушы 

Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы дәріс 

оқыды. 

Дәріс барысында академик Б.Көмеков 

«Қазақ хандығы – 2,5 мың жылдық 

тарихы бар, түбі сақтар қауымына 

барып тірелетін қазақ мемлекеттілігінің 

ажырамас бөлшегі. Осы жерде көп 

жерде ескеріле бермейтін мемлекет пен 

мемлекеттілік ұғымдары бір­бірінен 

несімен ерекшеленетінін атап өтсем 

деймін. Мемлекеттілік дегеніміз – көне 

дәуірлерден бастауын алып, осы заманда 

да жалғасып келе жатқан тарихи үдеріс. 

Бұл үдеріс қазір де өз даму жолына түсіп, 

бір жүйеден екінші жүйеге ауысуда. Қазақ 

хандығы да осы тарихи жолдан өткен 

болатын», – деп атап көрсетті. 

Ғалымның пікірінше, монғол 

шапқыншылығы қыпшақтарды күйретсе 

де, олардың мәдениетін жоя алған жоқ. 

Мұның дәлелі – ХІІІ ғасырдың аяғында, 

ХІV ғасырдың басында «Кодекс 

Куманикустың» дүниеге келуі. Бұдан 

басқа да қыпшақ тіліндегі көптеген 

сөздіктер жазылды. «Бұл жерде 

маңыздысы – Қазақ мемлекеттілігінің 

негізгі дәні осы қыпшақтар мемлекетінде 

жатқандығында. 

Болат Ешмұхамбетұлы дәріс соңында 

Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын 

биіктетіп байытатын, абыройын асырып, 

өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп 

отыратын, білім мен білік жолын таңдаған 

кейінгі ұрпақ жастарға сәттілік пен ақ жол 

тіледі.


Баспасөз қызметі

Партия хатшысы Ф.Қуанғанов 

атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздігі 

таңында құрылған президенттік 

институты мемлекет  басқарудың 

 

жаңа   құрылымының негіздерін 



қалыптастыруға жол ашты және 

экономикадағы өтпелі кезеңді жеңіп 

шығу үшін, республикамыздың саяси 

жүйесін реформалау үшін қолайлы 

жағдайлар жасады. «Біздің еліміз 

әлемдік саясатта халықаралық жоғары 

беделі бар, жауапты да сенімді әріптеске 

айналды», – деді Ф.Қуанғанов. 

Сондай­ақ, партия хатшысы 

өзінің кіріспе сөзінде қазіргі уақытта 

елімізде өткізіліп жатқан реформаларға 

тоқтады. Оның айтуынша, реформалар 

пакеті, бірінші кезекте, азаматтардың 

мемлекетке сенімін арттыруға, 

азаматтық бастамаларды және 

қоғамдық бақылауды кеңейтуге, 

демек, маңызды мемлекеттік 

шешімдер қабылдауда әрбір азаматтың 

белсенділігі мен қызығушылығын 

арттыруға бағытталған. 

Осыған қатысты ол «Бес 

институционалдық реформаларды іске 

асыру бойынша 100 нақты қадам» 

Ұлт жоспарын іске асыру жастар 

келешегіне кең жол ашатынына сенім 

білдірді. 

Жастар ұйымының көшбасшылары 

сонымен қатар «Бес институционалдық 

реформаларды іске асыру бойынша 100 

нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске 

асыруда жастардың перспективасы 

мен қатысу мүмкіндіктерін талқылауға 

атсалысты. 

Баспасөз  қызметі

Университетімізде «Нұр 

Отан» партиясының «Жас 

Отан» Жастар қанатының 

ұйымдастыруымен «Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш 

Президенті және Ел Тәуелсіздігі» 

атты Жастар сессиясы болып 

өтті. 

Шараға «Нұр Отан» 

партиясының хатшысы 

Ф.Қуанғанов, «Қазақстан 

Азаматтық Альянсы» ЗТБ 

басшысы Н.Ерімбетов, ҚР 

Парламенті Мәжілісінің 

депутаты М.Айсина, «Жас 

Отан» Жастар қанатының 

төрағасы Ш.Байманов, ҚР 

Президентінің «Болашақ» 

халықаралық стипендияттары 

қауымдастығының атқарушы 

директоры Е.Мақаш,  «Жасыл 

ел» қоғамының басшысы 

Р.Хамидуллин, «Сенім» 

кәсіподақ ұйымының атқарушы 

директорының орынбасары, ЕҰУ 

студенті К.Байрамов, Астана 

қалалық Жастар мәслихатының 

депутаты А.Алябаев қатысты.

 

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол 

тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,  

қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, 

елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. 

Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 


7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

БІЛІМ  САЛАСЫ 

ДАМУДА

Университетіміздің ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған 

«Тәуелсіздік рәміздері және сәулет» тақырыбында танымал сәулетші, профессор, 

Мемлекеттік Елтаңба авторы Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы сәулет-құрылыс 

факультетінің «Сәулет» мамандығының 1 курс студенттеріне дәріс оқыды. 

Ж. Мәлібеков рәміздердің ұғымын ашып, Тудың қазақ елі үшін қаншалықты маңызды болғанын 

және Туды бейбіт кезде құрметтеп сақтап, тек жауға шыққан кезде шығарылып отырғанын айтып 

түсіндірді. «Қыз Жібек» киносында Төлегеннің өзіне лақтырылған Туды жерге тигізбей ұстап 

алғанының астарында Туға деген үлкен құрметтің жатқанын айтты. 

Сәулетші Ж. Мәлібеков ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы мен философиясына, салт-

дәстүрімізбен тығыз байланыстылығына толық тоқталып өтті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет 

болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды 

талап еткенін, ол үлкен жауапкершілік пен бірқатар қиындықтардан өткенін баяндап берді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерді өзі тікелей қадағалап отырғанын, 

оларды қабылдауда өзінің үлкен үлесін қосқанын автор үлкен сүйіспеншілікпен айтты. 

Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Серіктай Кәкенұлы дәріс соңында Жандарбек ағамызға 

зор табыстар тілеп, қызықты да, тәрбиелік маңызы зор дәрісі үшін алғысын білдірді.

"Еуразия-ақпарат"

Бірлігіміз жарасқан

Мұражайда  мол мұра

Тәуелсіздік  рәміздері 

және сәулет

Тәуелсіздік мерекесі 

қарсаңында филология 

факультеті, шетел тіл-

де рі 

кафедрасының 

оқы  тушылары 

Ж.Тө-

ле  ге нова  мен  Ж.  Арыс-

танбекованың тобы 

Тур-25, Рэт 19 шетелден 

келген студенттерге арнап 

қызықты кездесу өткізді.

Кездесу №5 студенттер 

үйінде өткізіліп, оған Қытай, 

Ауғанстан, 

Мон ғолия, 

Индия, Ресей, Өзбекстан, 

Шешен мемлекеттерінен 

келген студенттер қатысты.

Кездесуде дархан 

және ұлан-ғайыр қазақ елі 

туралы бейнеслайдтың 

тұсаукесері жасалды. 

Слайдта алаш елінің 

кемелдігі, Елбасымыздың 

көрегенді саясаты туралы 

ақпараттар ұсынылып, 

қазақ салт-дәстүрімен, 

соның ішінде бәйге, көкпар, 

ұлттық тағамдар сол 

сияқты ұлт нышандарымен 

таныстырылды. 

Кездесу барысында 

2014  жылдың  26 қыркүйегінде Астанадағы Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылымдық 

бөлімше ретінде Қазақстанның "Білім тарихы" музейі ашылған 

болатын. Музейдің экспозициялық жоспарының хронологиялық 

 

негізін бірден-бір толықтыру нысаны болып табылатын еліміздің 



білім-ағарту саласының өсіп-өркендеу динамикасын мейлінше 

ауқымды әрі тарихи фактілерге сүйеніп іздену барысында нақты 

ақпараттық тарихи құжаттар, материалдар жинастырылып, тың 

деректер табылуда.

«Білім тарихы» музейінің «Президент және жастар» 

экспозициясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, Қазақстанның барлық 

аймақтарында іссапарларда болған кездердегі жастармен кездескенде 

түскен фотолары бірден көз тартса,  «Елбасы Н.Ә. Назарбаев 

және Отандық білімнің жаңаруы»  атты экспозицияда Нұрсұлтан 

Әбішұлының балалық шағындағы ата-анасымен, Шамалғандағы Д.А. 

Фурманов атындағы мектептің, еңбек жолынан сыр шертетін 1957 

жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіндегі, 

Теміртау қаласындағы 1 мамыр мейрамы кезіндегі парадта түсірілген 

фотоларымен қоса жеке куәліктері, 1959 жылы Украинада, 1962 жылы 

Мәскеуде алған мақтау қағаздары бар.

Мемлекет басшысы өзінің сөзінде «Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 

жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі 

барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен 

әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін 

қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық 

және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру 

керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік 

кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет», – деп қадап айтқан еді.

Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту саласында 

өзгерістер байқалды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ғылым 

Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары 

жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. 1989-1991 жылдары 

Білім министрлігі 15 шет мемлекеттің министрлігімен, мекемелермен, 

жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Нәтижесінде, АҚШ, 

Қытай, Германия, Польша және  Испаниямен  5 ірі келісімшартқа 

отырды. 1991 жылдардан бастап жаңа үлгiдегi мектептер мен 

арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары: лицей, гимназия, 

кәсiптiк-техникалық  мектептер, колледждер өмiрге келдi. Елбасы 

Н.Ә. Назарбаевтың идеясымен «Болашақ» бағдарла масы жасалды. 

Қазақ жастары АҚШ-қа, Англияға және басқа да алдыңғы қатарлы 

елдердің әйгілі университеттеріне оқуға жіберіле бастады,  Қытайда, 

Монғолияда тұратын қазақ балаларын Қазақстандағы жоғары оқу 

орындарында оқыту мәселесі қолға алынды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елімізде білім саласы 

қарқынды дамып келеді. Бүгінде музей қорында Елбасының еңбектері, 

Қазақстан   халқына Жолдаулары, шетел авторларының ел тәуелсіздігі 

туралы жазған кітаптары бар. Алдағы уақытта да экспозиция жаңа 

материалдармен толыға бермек.

С. МҮТАЛАПХАН,

«Білім тарихы» музейінің меңгерушісі

Шетел студенттеріне арналды 

 

қонақтарға қазақ елі және өз 

ұлттары туралы қызықты да 

ауқымды сұрақтар қойылды. 

Қонақтар басым көпшілігіне 

мүдірместен жауап берді. 

Бір қызығарлығы, қытайлық 

студенттердің қазақ 

ортасына сіңіп кеткені 

соншалық, олар өздеріне 

қазақша есімдер қойып 

алыпты. 


Бірінің есімі Қайрат пен 

Өтеген болса, қыздарының 

аттары Шұғыла мен 

Фатимаға ауысыпты. Бұның 

өзі ұлтқа деген асқан құрмет 

және өзімізге үлгі болары 

айдан анық. Қонақтар 

өз елдері туралы, салт-

дәстүрлері жайлы қызықты 

мәліметтер келтірді. Кештің 

қорытындысы әсем әнмен 

аяқталды.  Кездесудің соңы 

естелік суретке түсуімен 

тәмамдалды. Қонақтар ерек-

ше көңіл-күймен тарқасты.

Ж.  ТӨЛЕГЕНОВА,

 шетел тілдері 

кафедрасының  аға 

оқытушысы 


8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

Бәрекелді!

Ғылыми семинар

Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында 

Филология факультеті, шетел 

тілдерінің теориясы және 

тәжірибесі кафедрасының ШТ-15 

тобының студенттері мерекелік 

концерт өткізді. 

Биыл Қазақ хандығы құрылуының 

550 жылдығы аталып өтуде. Бұл шара 

жастарды тәрбиелеуде және олардың 

отанға деген патриоттық сезімін 

оятуда үлкен рөл атқарады. 

Мерекелік концерт Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік ән ұра­

нын орындаудан және «Қызғалдақ» 

биімен басталды. Кө 

рермендердің 

назарына «Сұлтан 

дар кеңесі» 

қойы 


лымы ұсынылды. П.Дүйсеков 

тобының студенттері Қазақ 

хандығының құрылу тарихы жайлы 

баяндады. Себебі, бұл барлығымыз 

үшін өте маңызды және өз еліміздің 

тарихын білу әрқайсысымыз үшін – 

міндет. 

Іс­шара барысында мемлекеттік 

және ағылшын тілдерінде бірнеше 

бейнероликтер көрсетілді. Патриот­

тық жалынға толы өлеңдерімен 

А. Зәрубек, Л. Сәтбек, Ш. Рахым, 

Ж. Қонаева, А. Тоқтар, А. Әлібек 

және Л. Төлепберген сахнада өз 

өнерлерін паш етті. Сонымен 

қатар Қазақстанның тарихы жайлы 

білімдерін ұштауға арналған сұрақ­

жауап сайысы өткізілді. 

Аталған шараны ұйымдастырушы 

кафедраның тәрбие ісіне жауапты аға 

кураторы С. Исаев пен жауапты ШТ­

15 тобына алғысымыз шексіз. 



Д.БАЙДРАХМАНОВ,

шетел тілдерінің теориясы мен 

тәжірибесі  кафедрасының  

меңгерушісі 

Қазақ  хандығы: Ұлы Дала тарихы

Қазақ әдебиеті кафедрасы жанындағы М.Жұмабаев атындағы Әдеби 

бірлестіктің ұйымдастыруымен (жетекшісі, профессор Р.С.Тұрысбек) – 

«1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиеттанушылары» деген тақырыпта 

ғылыми семинар өтті.

Дөңгелек  үстел  шеңберінде  өткен  ғылыми  семинарды   ҚР ҰҒА 

академигі    С. Қасқабасов  кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Орайлы 

тұста, академиктің  өзі  «Ұлттық әдебиеттану туралы сөз» деген тақырыптағы 

іргелі ізденістерін де жиналған жұртшылыққа бүкпесіз айтып, әдеби­ғылыми 

зерттеулер бағыты мен жүйесін, қазіргі үрдіс төңірегіндегі негізгі  ұстаным, 

қымбат құндылықтар хақындағы кең көлемдегі ойлары мен толғаныстарын 

ортаға салды. Қазақ білімпаздары мен ғылымының корифейлері – Қ.Сәтбаев, 

М. Әуезов, Е. Бекмаханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, 

Т.Нұртазин, М. Қаратаев, М. Базарбаев, Р. Бердібай, С. Қирабаев, Т.Кәкішев, 

Ә. Шәріпов, т.б. туралы әсерлі әңгіме, тартымды естеліктер айтты. Отандық 

ғылымға қосқан еңбектеріне тоқталды. Адами әлемі, біліми­ғылыми 

құндылықтары назарға алынды.

Кезекті тұста профессор С. Негимов «Ы. Дүйсенбаев – әдебиет 

тарихшысы әрі эпостанушы», профессор Қ. Алпысбаев «С. Ордалиев 

және ұлттық драматургия», Р.С. Тұрысбек «М. Атымов және сөз өнерінің 

поэтикасы» деген тақырыптарда сөз алып, білім­ғылым мәнін, әдеби­зерттеу 

бағыттары мен жүйесін, көркемдік­эстетикалық   құндылықтар хақында,  

белгілі әдебиетші ғалымдардың есімі мен еңбектері төңірегінде кең түрде 

сөз етті. Әсіресе, ұлттық сөз өнерінің арғы­бергі арналары мен зерттеу 

ісіндегі негізгі  ұстанымдары, отаншылдық Һәм ұлтжандылық қасиеттері, 

адамгершілік­зиялылық қырлары, интеллектуалдық деңгей­дәрежесі, өмір 

мен өнердегі орны, өріс­өрнектері жан­жақты атап өтілді. Бастысы, әрине ел 

тарихы мен ұлт руханиятына қосқан үлестері,  адамдық­сыйластық сырлары 

қызғылықты жәйттермен жеткізілді.

Қазақ әдебиеттанушыларының өмірі мен шығармашылық мұраларына 

арналған Ғылыми семинарды академик С.Қасқабасов қорытты.

Р. САҒЫМБЕКҰЛЫ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі  

Тәуелсіздік мерекесі 

қарсаңында Корей Рес-

публикасының Елші-

лігі жанындағы Корей 

мәдени орталығы корей 

тілінде жыл сайын 

өтетін шешендік өнер 

сайысын ұйымдас-

тыр ды. 

Бұл 

жол ғы 

сайысқа халықаралық 

қатынастар факультеті 

«5В020900 – шығыс-

тану»  ма ман дығы  корей 

бөлімінің 2 және 3 курс 

студенттері қатысты. 

Сайыс екі кезеңнен 

тұрды. Бірінші кезеңде 

қатысушылар «Мен үшін Қазақстан» тақырыбында шығарма жазып, әділ 

қазылар алқасына өзінің баяндамасын бейнежазбасына түсіріп жіберді. 

Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ­ден екінші турға 6 студент өтті. 

 Сайыстың екінші кезеңі әділ қазылар алқасы алдында «Мен үшін Корея» 

тақырыбында 3 минуттық тұсаукесер жасау түрінде өтті. 

Әрбір баяндама тұсаукесердің сауаттылығы, байланысуы, құрылымы және 

шеберлігі негізінде бағаланды. Қазылар алқасы «еуразиялықтарды» жоғары 

бағалады. 

Финалдық турдың қорытындысына сәйкес 3 студентіміз жеңімпаз атанды: 

А. Ахмедина І орынды иеленді, ІІ орынды А.Еркінқызы, ал ІІІ орынды Н. 

Сағынғалиева иеленді. Жеңімпаздарға Корей мәдени орталығы бағалы 

сыйлықтар мен грамота ұсынды. 

Айта кететін жәйт, студенттеріміздің осындай жеңіске жетуіне Оңтүстік 

Кореядан арнайы шақыртылған корей тілінің профессорлары, PhD докторы 

Ким Хе Енг пен Ан Сан Хунның көп көмек көрсетті. 



"Еуразия-ақпарат"

«Еуразиялықтар» жеңімпаз атанды

Ұлттық  әдебиеттану ғылымының 

арғы-бергі  кезеңдері

9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

Тіл саясаты және ономастика

Әдеби-сазды кеш

Дөңгелек үстел

Тұңғыш Президент күні мен 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 

Студенттер үйінің дирекциясының 

қолдауымен және шетел тілдерінің 

теориясы мен тәжірибесі 

кафедрасының студенттерінің 

ұйымдастыруымен №5 Студенттер 

үйінің кино залында халқымыздың 

ғұлама ойшылы, ұлы Абай өмірі 

мен шығармаларына студенттерді 

терең бойлату мақсатымен 

 

Абайдың 170 жылдығына арналған 

«Абай – дара, Абай – дана қазақта» 

атты әдеби-сазды іс-шара өтті. 

Іс-шараға Филология факультеті 

деканының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары Гүлмира Әбдімәулен, 

шетел тілдерінің теориясы 

және тәжірибесі кафедрасының 

меңгерушісі Досым  Байдрахманов 

және де әдебиет сүйер қауым мен 

білім нәріне құмар студенттер 

қатысты. Іс-шараның өту барысында 

студенттерден Абай атамыз жайлы 

сұхбаттар алынды; студенттердің 

қатысуымен атамыздың өмірінен 

«Абайдың Әбдірахманмен диалогі» 

атты көрініс қойылды; ғұлама 

атамыздың жүрегінен шыққан 

өлең жолдары оқылды; шетел 

тілдеріне аударылған өлеңдері 

студенттеріміздің орындауында 

оқылды; домбырамен ән айтылды. 

Мерекелік шараға студенттер 

үйлерінің әкімшілігі атынан педагог- 

ұйымдастырушы  Айгүл  Сексембаева 

қатысып студенттердің өнерін 

тамашалады. 

Іс-шараны жүргізушілер – ШТ-

11, ШТ-13 топтарының белсенді 

студенттері Назым  Арыстанбекқызы 

мен Диас Қалибеков.

ШТ-15 оқу тобының студенттері 

Абайдың әр адамның бойына ақыл 

мен парасатты ұялататын «Қара 

сөзін» оқыды. «Алқа ұйымының» 

мүшелері де тысқары қалмай, 

келіп атсалысты. Сонымен қатар, 

филология факультетінің деканының 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Гүлмира Абдімаулен, шетел 

тілдерінің теориясы және тәжірибесі 

кафедрасының меңгерушісі Досым 

Байдрахманов кеште сөз сөйлеп, 

ұйымдастырушы студенттерге өз 

жылы лебіздерін білдірді .

Осылайша артына өлмейтін 

мұра қалдырған «Қазақтың 

энциклопедиясы» атанған 

данышпанымыздың 170 жылдығына 

арналған әдеби-сазды кешіміз көптің 

көңілінен шықты. 

Залды көрермендермен толтыруға 

және аппаратурамен қамтамасыз 

етуге қол ұшын берген студенттер 

үйлерінің дирекциясына алғысымыз 

шексіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет