23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


пікірсайыс технологиясының маңызын ашып көрсетіңіз



бет20/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
45. пікірсайыс технологиясының маңызын ашып көрсетіңіз.

Пікірсайыс дегеніміз — белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз емес ой жарыстыру, білім таластыру өнері. Қазіргі таңда пікірсайыстың әртүрлі форматтары бар. Олардын барлығы жаңа заман педагогикасындағы субъект принципіне негізделген. Қазіргі білім беру принциптеріне сай оқушы объект түрінде емес субъект түрінде қабылданады. Пікірсайыс мұғалім мен оқушылар арасында, оқушы мен оқушы арасында, окушылар топтарының арасында болуы мүмкін. Бұл технология окушы мен мұгалім арасындағы авторитарлы стильдегі қатынасты ашык демократиялық стильге түрлендіруге мүмкіндік береді. Осындай стильдегі карым-қатынас оқушы мен мұғалімнің шығармашылыкқа деген әлеуетін көтереді.

Пікірсайыс технологиясы білім беруде жоғары жетістікгерге жетуге мүмкіндік береді. Пікірсайыс әңгіме болғалы отырган заттар жайлы белгілі бір білімнің болуын талап етеді. Аталмыш заттар жаиындағы білімдер жүйелі болмаған жағдайда да пікірсайысқа түсу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғашқы қатысушылардың белгілі бір жүйелі білімі болады. Пікірсайыс технологиясын оқу үдерісіне енгізу — бүгінгі заманнын талабы. Оқу үдерісін осындай тәртіппен ұйымдастырудың арқасында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

Оқушыларда белгілі бір тақырып бойынша жүиелі білім қалыптасады. Оқушылар әртүрлі мәлімет пайдаланатын болғандықтан көптеген жаңалықтарды тезис түрінде жеткізуге мүмкіңдік береді. Әрбір окушы өздігінен жұмыс жасап, оны жеткізу жолын таңдайтын болғандықтан оку үдерісі бір сарынды емес қызыққа толы, таласты болады. Пікірсайыс негізінде оқушылар жалпыға ортақ деп танылатын әмбебап пікірге келеді. Тақырып бойынша өз бетінше мәлімет жинаған оқушы пікірсайысқа келіп өзінің ойы, ұстанған позициясы қаншалықты шындыққа жанасады, алған білімі қаншалықты қолданысқа ие екендігіне көз жеткізе алады. Мәліметтер төнкерісі болып отырған заманда оқушылар бүкіл жаңалықтарды оқып тануы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда білім беру мекемелерінде жүйелі жұмыс жасайтын пікірсайыс өнерінің алар орны ерекше. Оқушылар осындай пікірсайыс бәсекелеріне катысу арқылы немесе көрермені болу арқылы көптеген мәліметтерді игере алады. Аталмыш пікірсайыс бәсекелерін әртүрлі пәндер үшін арқылы формада ұйымдастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет