40. компьютерлік оқыту технологиясының пайдаланудың басым жақтарын көрсетіңіз.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы ретінде;
Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы ретінде;
Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;
Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;
Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын жасыу;
Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;
Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.
Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген, өндірістен қол үзбей сырттай оқитын қызметкерлерге де қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. Компьютер оқу материалының берік мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және де басқа да электрондық кітапханалар толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |