. балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мектебім мейірімділік мекені». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру (Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік жарастық махаббат шыдамды Кім мейірімді?