Тексерілді: _________________
Сынып жетекшісі: Жанысбаева А.А
Құндылықтар
|
Тәуелсіздік және отаншылдық
|
Күні
|
02.09.2024 жыл
|
Сынып: 9 «А»
|
Қатысқандар саны:7
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің Отаным - Қазақстан!
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Оқушыларды тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру.
|
Сабақтың кезеңі / уақыт
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
Ортасы
|
Амандасу, түгендеу
«Қауіпсіздік сабағы» 10 минут. Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер: ТЖҚ нөмірлері, қоңырау шалу скриптері туралы айту
«Жеке қауіпсіздік» туралы қысқаша мағлұмат беру сілтемелер:
(https://drive.google.com/file/d/1-K6vY097pSASztikbI4JKDX2cg0CFc/view
https://drive.google.com/file/d/1f-XnfFNgrplQsC-G4-xKAt5m89kWbz85/view )
3) Елім менің
4) Еліміздің нышандары
5) Еліміздің ұлы тұлғалары
6) Менің Отаным – Қазақстан
«Елім менің». Құрметті оқушылар адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.
Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.
«Еліміздің нышандары». Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі.
Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.
Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.
Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |