25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар


салаларын да қамтитын тарихи жүйе. Бұл ХХІ ғасырда әлемдік дамудан



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

салаларын да қамтитын тарихи жүйе. Бұл ХХІ ғасырда әлемдік дамудан 
қалып  қоймаудың  бірден-бір  амалы.  Сондықтан  мен  «100  инновация» 
бағдарламасын – Қазақстанның инновациялық дамуының жол картасын 
әзірлеуді  ұсындым.  Инновациялық  даму  –  Қазақстан  Барысының 
Болашаққа қарай жасаған зор секірісі! 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. 15 желтоқсан, 2011 жыл
Е
лбасы  «Инновациялық  даму  –   Қазақстан  Барысының  Болашаққа  қарай 
жасаған зор секірісі!» деп бекер айтқан жоқ. Біз әлемдік сұранысқа ие өнімдерді 
шығармайынша жоғары деңгейге көтеріле алмаймыз. 
Сондықтан серпінді технологиялар керек. Әңгіме ғарыш, нанотехнология және басқа 
да жаңалықтар туралы болып отыр. Бүгінгі ғылымның жеткен жетістігі сонша – атомның 
ішіндегіні көруге мүмкіндік беретін микроскоптар бар. Қазір микромеханизмдер өндірісі 
–  басымдықтар  санатында.  Мысалы,  нанотехнология  арқылы  ине  ұшына  ағылшын 
сөздігінің 28 томын сыйдыруға болады.
Бұдан бірнеше жыл бұрын америкалықтар көлемі миллиметрдің оннан біріндей болатын, 
минутына  600  мың  айналымдық  жылдамдық  үдете  алатын  қозғалтқыш  ойлап  тапты. 
Бұл  клеткалар  деңгейінде  тиісті  жұмыстар  жасауға  мүмкіндік  берді,  соның  арқасында 
медицинада аса таңғажайып дүниелер жасалуда.
Бір  сөзбен  айтқанда,  қазір  жаңа  әлем,  жаңа  өлшемдер  ашылды.  Президенттің  100 
инновациялық  бағдарламасын   дайындап,  оны  жүзеге  асыру  қажеттілігін  осы  тұрғыдан 
түсінген абзал. Яғни, күн тәртібінде – адами ресурстардың ел байлығындағы үлесін арттыру 
арқылы өркениетті қоғам құру мәселесі тұр. Болашақта дамыған елдердің деңгейіне жету 
үшін  біздің  елге  адами  капитал  үлесін  бірнеше  есеге  дейін  өсіру  керек.  Ол  –  шикізат 
сатуға  бейімделген  экономиканы  жаңа  технологиялар  сатуға  дейін  өзгерту  деген  сөз.
Президент индустриялық-инновациялық дамудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Қазір 
еліміздің шығысында, батысында, орталығында, Алматыда технопарктер, ал Астанада 
Биотехнология орталығы салынып, жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысының жоспары мен 
міндеті  айқындалған.  Мәселен,  Батысымызда  мұнай-газ  химиясына  ерекше  көңіл 
бөлінсе, Шығыста ядролық энергетика кешенін дамытуға байланысты ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстанда биологиялық отын шығарылуда. Алматы 
қаласында нанотехнология бағдарламасы қолға алынған.
Қысқасы, мақсат – айқын. Оған жету жолындағы жұмыс нақты инвестициялық қаржымен 
қамтамасыз етілген. Осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.
Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
157
Б
ұл бағдарлама бірнеше өзекті мақсат -мұраттарды жүзеге асыруға бағыт талған. 
Біріншісі – елді саяси-әлеу мет тік маңызы бар жаңалықтармен неғұрлым жедел 
хабардар ету. 
Екіншісі  –  ақпараттық-желілік  технологияны  дамытып,  отандық  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын  барлық  жағынан  жаңғырту.  Үшіншісі  –  осы  шаралардың  негізінде 
республиканың ақпараттық кеңістігін бәсекеге қабілетті ету. 
Дамыған  мемлекеттер  интернетке  әлемді  өзгертудің  қуатты  құралы  ретінде  қарайды. 
Интернетке  жаңалықты  барынша  жедел  енгізіп,  жаһанды  елең  еткізетін  тың  идеялар 
ұсыну арқылы өздерінің тілі мен дәстүрін жаһандандыруға көшкен елдер де бар. Бұлардың 
алғы сапында Англия мен Қытай тұр. Бүгінде әлемдік интернет тұтынушылардың жарты 
миллиардтан астамы ағылшын тілін, 500 миллионы қытай тілін пайдаланады. Ал бізде ше?
Қазақстандағы интернет кеңістікті тілдік жағынан жіліктесек, 80 пайызы – орыс тілінің, 
11 пайызы – ағылшын тілінің, 7,5 пайызы қазақ тілінің үлесінде. Қазақ тілінің интернет 
ресурстардағы  осы  қоңыртөбел  ахуалын  жақсарту  ғаламтор  үшін  қазақ  тілінде  барлық 
тақырыптарда  арнайы  мақалалар  мен  хабарлар  әзірлеуді  қажет  етеді.  Сонымен  бірге 
интернеттің  ерекшеліктеріне  қанық,  оған  қазақ  тілін  молынан  енгізетін  журналистерді 
даярлау мәселесі өзекті болып тұр. Оған республикада осы заманғы телетехникамен толық 
жабдықталған,  саланың  халықаралық  деңгейдегі  ғалымдары  дәріс  оқитын  «Массмедиа 
және  коммуникация  институтын»  ашу  арқылы  ішінара  қол  жеткізе  алар  едік.  Екінші 
жағынан,  елімізде  «электронды  үкіметтің»  жоғары  сұранысқа  ие  қызметтерін  мобильді 
форматқа  көшіру  жоспарланған.  Оны  халық  арасында  кең  тараған  мобильді  үкімет 
сервистерін  белсенді  енгізу  үшін  ұтымды  пайдалану  қажет.  Үшіншіден,  ақпараттық 
технологиялар  саласында  транзиттік  әлеуетті  дамытуды  ұдайы  ынталандыру  керек. 
Қазіргі  таңда  өздерін  әлемдік  державамыз  деп  білетін  елдер  былайғы  мемлекеттерге 
«Ақпарат  қуатын  қарсы  қою»,  «Мәдени  ақпарат  агрессиясы»,  «Экономикалық  ақпарат 
агрессиясы»  секілді  арнайы  бағыттарда  күн  сайын  миллиардтаған  ақпарат  таратып 
жатқан кезде бұл саладағы шараларды барынша жетілдіру парыз. Сондықтан Елбасының 
«Ақпараттық  Қазақтан  –  2030»  жалпыұлттық  бағдарламасын  әзірлеу  жөніндегі 
ұсынысының саяси-экономикалық, рухани-ғылыми, әлеуметтік, стратегиялық маңызы зор. 
Алдан СМАЙЫЛ, 
жазушы, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Бізге  «Ақпараттық  Қазақстан  –  2030»  жалпыұлттық  бағдарламасы 
қажет. Біз онда қоғамды жалпыға бірдей компьютерлендіру, ақпараттық 
кеңістікті сандық технологияға көшіру міндеттерін қоюға тиіспіз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. 15 желтоқсан, 2011 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
158
Мен әлем үшін дағдарысқа қарсы шешімдер іздестіруге қатысушылар 
санын радикалды түрде арттыруды ұсынамын. Жаңа коммуникативтік 
алаңды мен «G-Global жобасы» деп атауды ұсынамын. Ол электронды 
желілік Бреттон Вуд секілді жұмыс істей алады. Ал Астана экономикалық 
форумы оның жұмыс алаңы қызметін атқару мүмкін. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. 15 желтоқсан, 2011 жыл
Қ
азіргі  әлемдік  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  –  тәуелсіз  еліміз  куә  болып 
отырған үшінші дағдарыс. 1997-1998 жылдардағы «Азия дағдарысы» деген атпен 
белгілі  дағдарыстан  негізінен  Тынық  мұхит  аймағындағы  қарқынды  дамып  келе 
жатқан  Оңтүстік  Корея,  Индонезия,  Тайланд  сияқты  «Азия  жолбарыстарымен» 
қатар Жапония да зардап шекті. Ол дағдарыс Ресейдің қаржы нарығына да теріс 
әсерін тигізіп, жалпы экономиканы тұралатқан еді.
АҚШ-тан бастау алып, кейін Еуропа және бірқатар Азия мемлекеттерін шарпыған  2007-
2009 жылдардағы қаржылық-экономикалық дағдарыстың да дүние жүзі қауымдастығын 
әрі-сәрі күйге түсіргені белгілі. Бұл дағдарыс Қазақстанды тұралата алған жоқ. Себебі, 
экономикасы жақсы жолға қойылған біздің еліміз бұған тас-түйін дайын еді. Сондықтан 
бұл жолғы сынақтан салыстырмалы түрде жеңіл өттік деуге болады.
Құрамына  жекелеген  елдер  ғана  кіретін  G-20  саммиті,  Азия  мен  Еуропа  елдері 
халықтарының  форумы,  «Жаңа  әлем,  жаңа  капитализм»  коллоквиумы,  Бүкіләлемдік 
экономикалық  форум  сынды  іргелі  ұйымдар  мен  саммиттер  жаһандық  экономикалық 
дағдарысты  түбегейлі  еңсерудің  жолын  әлі  тапқан  жоқ.  Сондықтан  Елбасы  әлемді 
шарпыған дағдарысты жалпының қатысуымен шешу қажеттігін айтып келеді. 
Президент  ұсыныстарының  ең  сүбелісі  ретінде  «G  –  GLOBAL»  атты  жаңа 
коммуникативтік  алаңды  айтуға  болады.  Бүгіндері  осы  электрондық  желі  арқылы 
отандық сарапшылармен қатар әлемнің маңдайалды ғалымдары мен білікті мамандары 
өз пікірлерін ортаға салуда. 
Елбасының бастамасымен 2008 жылғы көктемде құрылған Ғалымдардың еуразиялық 
экономикалық  клубының  мақсаты  әртүрлі  елдердің  экономист-ғалымдары  мен 
практиктерінің  күш-жігерін  біріктіруді  көздейді.  Н.  Назарбаев  өзінің  «Дағдарыстан 
шығу  кілті»  атты  мақаласында  да  әлемдік  экономиканы  тұңғиық  рецессиядан 
шығарудың жолдарын бірлесе іздестіруге шақырады. Бұл мақала Нобель сыйлығының 
лауреаттары Э.Фелпс пен Р. Манделланың, шетелдік және отандық саясаттанушылардың, 
ғалымдардың, талдаушылар мен сарапшылардың тарапынан жоғары бағаға ие болғанын 
атап өткен жөн.
Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
159
Т
әуелсіздік  таңында  туындаған  көкейкесті  мәселенің  негізгісі  –  Қазақстанға 
кеңестік дәуірден мұраға қалған орасан зор ядролық қару-жарақ қоры болатын. 
Мұндай  жаппай  қырып-жоятын  жойқын  қаруды  қолда  ұстап  тұрудың  өзі  қыруар 
бюджеттік  шығынға  ұрындырып  қана  қоймай,  жас  мемлекеттің  ұлттық  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуіне теріс ықпалын тигізері анық еді. Сондықтан, Елбасы ұсынысына сәйкес, 
Қазақстан  халқы  әскери  күш-қуатты  арттыруды  емес,  әлемдік  қауымдастықпен  бейбіт 
қарым-қатынастар  жасау  арқылы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  тұрақты  және  жүйелі 
бағытын таңдады. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей 
ядролық сынақ полигонын жабу арқылы жауапкершіліктің өнегесін көрсетті. Бүгінгі күні 
көзіміз жетіп отырғандай, ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан өз қауіпсіздігінің 
іргетасын берік етіп қалады. Өйткені, жас тә уелсіз елдің жаһандық қауіпсіздікке қосқан 
осы  үлесін  әлемдік  қоғамдастық  лайықты  бағалады.  Ресей,  АҚШ,  Қытай,  Франция, 
Үндістан  секілді  ядролық  қаруы  бар  елдер  Қазақстанды  өзінің  стратегиялық  әріптесі 
деп жариялап, ұлттық қауіпсіздігіне кепілдік берді. Шынында да, Қазақстанның ұлттық 
қауіпсіздігін  ядролық  қарумен  қамтамасыз  ету  жас  тәуелсіз  мемлекет  үшін  тиімсіз  еді: 
– радиоактивті шикізатты өндіру, одан атом қаруын жасау мен сынау, одан кейінгі кезеңде 
қолда  бар  ядролық  қаруды  техникалық  күтіп-баптау  мен  сақтау  қып-қызыл  шығынға 
ұрындырады;
–  әлеуметтік-экономикалық  жағынан  әлсіз,  артта  қалған  ел  ядролық  қаруды  иеленсе, 
оны әлемдік қауымдастық шеттетіп, шектер еді. Мұндай жағдайды Ирак, Иран, Солтүстік 
Корея, Пәкстан сияқты мемлекеттер бастан өткеруде;
–  әлемдік  аренада  ядролық  қаруы  бар  қауіпті  мемлекеттің  болашағы  бұлыңғыр. 
Бұл  –  инвестициялық  ахуал  үшін  қолайсыз дық  тудыратын,  елдің  саяси-экономикалық 
оқшаулануына әкеліп соғатын жол; 
– әскери салаға ішкі жалпы өнімнің басым бөлігінің жұмсалуы қоғамның әлеуметтік 
сала, ғылым-білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты маңызды салаларының 
артта қалуына әсер етеді.
Қазақстанның  қуаты  ядролық  қаруда  емес,  ондағы  барлық  ұлттар  мен  этникалық 
топтардың теңдігі мен бірлігінде екенін Елбасымыз көрегендікпен айқындай білді. 
Сейілбек МҰСАТАЕВ, 
саяси ғылымдар докторы, 
профессор
Ядросыз әлем бұл – ядролық энергияны әскери мақсатта пайдалануға 
толық  тыйым  салу  деген  сөз.  Менің  Жалпыға  ортақ  Ядросыз  әлем 
декларациясын  талдап,  қабылдау  жөніндегі  ұсынысымның  мәні  де 
осында.  Мен  осы  идеяның  тұрақты  жақтаушысы  болдым  және  солай 
болып қала беремін. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты 
халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен. 29 тамыз, 2012 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
160
Ядролық қару – адамзат үшін өз-өзіне ажал шақыру. Ядросыз әлем –   
ол адамзат ұмтылуға тиіс біздің ортақ мақсатымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты 
халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен. 29 тамыз, 2012 жыл
А
дамзатты жаппай қырып-жоятын ядролық қарудың және оны сынау дың зардабын 
өткен ғасырда ең көп тартқан халықтың бірі біздің қазақ халқы болатын. 
АҚШ-тың екінші дүние жүзілік соғыс аяқталар-аяқталмастан-ақ Жапонияның Хиросима 
мен  Нагасаки  қалаларына  тас таған  атом  бомбаларының  зардабы  күні  бүгінге  шейін 
ұмыт  бола  қойған  жоқ.  Сол  кезеңнен  қырғи  қабақ  соғыс  кезеңі  басталып,  Кеңес  одағы 
мен Америка атом және термоядролық қару жарақтың небір сойқанды түрлерін жасауға, 
соларды сынақтан өткізуге кірісті. 
Қазақ  даласы,  соның  ішінде  ұлы  Абай  туған  Шыңғыстау  бөктері  қырық  жыл  бойы 
ядролық қарудың сынақ алаңына айналды. Семей атом сынақ алаңында қуаты Хиросима мен 
Нагасакиге тасталған атом бомбаларынан әлдеқайда күшті 459 ядролық жарылыс жасалса, 
солардың жүз он үші ашық аспан астында сыналды. Бұл бейбітсүйгіш деп келген кешегі 
Кеңес одағының ел аман, жұрт тынышта қазақ халқына жасаған зор қиянаты болатын.
 Қазақ даласы мен баласының көз жасын, тартып жатқан қасіретін көріп-біліп жүрген 
Елбасы Кеңес Одағы тарамай тұрып Семей ядролық сынақ алаңын өз жарлығымен жапты 
да  Қазақстанның  өз  еркімен  ядролық  қару  жарақтан  бас  тартатындығын  мәлімдеді.  Ол 
үшін әуелі тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына ұлы державалардың 
кепілдігін  алып  алды.  Сол  кездегі  АҚШ  Президенті  Б.  Клинтон:  «Дүние  ядролық  қару 
тарату  мен  ядролық  терроризмнің  тағы  бір  қаупінен  құтылды.  Бұл  істе  Президент  
Н. Назарбаевтың алға шыққанын ашық мо йындаймын», – деген болатын.
Елбасының Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тиімді қадам жасағанын қазір уақыттың 
өзі  анық  көрсетті.  Ядролық  қарусыз  ел  екеніміздің  арқасында  бейбітсүйгіш  ниетімізді 
әлемге танытып, іргелі мемлекеттермен ынтымақтасып, зор табысқа жеттік. Оның үстіне 
ядролық  қаруы  бар  кейбір  елдердің  кейінгі  мезгілде  қандай  қиындықтармен  бетпе-бет 
келгенін көріп отырмыз. Кеңес дәуірінде сынақ алаңы болған Семей полигоны сұрапыл 
кезеңнің зардап-залалын әйгілеп, тарихтың сабағын сан ұрпаққа ұқтырып тұрады. Бұл – 
барша жұртқа белгілі ақиқат.
Қазақстанның  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  –  әлемнің  ядролық  қарусыз 
дамуының тамаша жолын салып берген және сол идеяны үнемі жүзеге асыруға белсенді 
атсалысып келе жатқан тұлға. Қазақстан – осы мақсатқа лайық ел.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, 
Парламент Сенатының депутаты, 
саяси ғылымдар докторы, 
профессор

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
161
А
дамзат баласын ядролық қауіптен құтқаруға шешуші үлес қосатын жаһандық 
деңгейдегі антиядролық қозғалыс құру – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан 
тұңғыш мемлекет ретіндегі біздің парызымыз.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
ұсынысы  бойынша,  29  тамыз  –  Ядролық  сынақтарға  қарсы  халықаралық  күн  болып 
бекітілді.  Бұл  күн  елімізде  жыл  сайын  лайықты  атап  өтіліп,  халыққа  тарих  сабағын 
ұқтыратын іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ,  бүгінде  Қазақстан  халықаралық  «АТОМ»  жобасын  іске  қосып  отыр. 
Оның атауы, Елбасымыз атап көрсеткендей, ағылшын тілінен аударғанда «Сынақтарды 
жою – біздің миссиямыз» дегенді білдіреді. Бұл тек қазақстандықтардың ғана емес, әлем 
халқының миссиясы. Оған атсалысу – баршамыздың міндетіміз.
Жобаның негізгі мақсаты – әлемдегі бүкіл атом сынақтарын тоқтату. Онлайн-петицияға 
қол қою арқылы бұл іске кез-келген адам қатысып, жер бетiнде бейбiтшiлiк сақталуы үшiн 
атом бомбасына қарсы дауыс бере алады.
АТОМ жобасында ядролық қарудың қазіргі бар арсеналының өзін қолданса, Жер шары 
қандай күйге түсетіндігі ғылыми тұрғыдан анықталған болжаммен беріліп, осыншалық 
қасіретті қарудың жалпы адамзат үшін қаншалықты зиянды екендігі ашып көрсетілген. 
Сондықтан, жобаның мақсаты бүкіләлемдік ауқымда кеңінен танытылып, қоғамдық қолдау 
күшейсе, ядролық державалар басшылары да оның талаптарына құлақ асар еді.
Елбасының ядролық қаруды толығымен және де мәңгілікке жою жолындағы өзіне дейін 
ешкім  атқара  алмаған  еңбегіне  барша  адамзатың,  болашақ  ұрпақтың  ризашылық  сезімін 
білдіретіні ешқандай күмән туғызбайтын ақиқат. Себебі, күллі әлем тыныштықты қалайды.
Олай  болса,  Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевты  ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ 
ғасырдың басындағы әлемдік тұрғыдағы бейбітшілік ісіне зор үлес қосқан аса көрнекті 
саяси және мемлекет қайраткер деп тануымызға толық негіз бар.
Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ,
саяси ғылымдар докторы, 
профессор
Қазақстан бүгінде халықаралық «АТОМ» жобасын іске қосып отыр. 
Жобаның  атауы  ағылшын  тіліндегі  –  Эболиш  Тестинг.  Ауэ  Мишн 
(«Abolish Testing. Our Mission») – төрт сөздің бірінші әріптерінен тұрып, 
«Сынақтарды жою – біздің миссиямыз» дегенді білдіреді. Жоба шеңберінде 
жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам әлем үкіметтерін 
ядролық сынақтардан біржола бас тартуға шақырған онлайн-петицияға 
қол  қойып,  ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  келісім-
шарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізе алады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты 
халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен. 29 тамыз, 2012 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
162
Алтай  мен  Жерорта  теңізінің  аралығында  200  миллионнан  астам 
ағайын  өмір  сүруде.  Егер  біз  барлығымыз  бірігетін  болсақ,  әлемдегі 
үлкен күшке айналамыз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Түркияда өткен қазақ-түрік бизнес-форумының жабылу салтанатында 
сөйлеген сөзінен. 12 қазан, 2012 жыл
Е
лбасының бұл түйінді пікірі астарында келешекте бастары біріксе, үлкен күшке 
айналатын Алтай мен Жерорта теңізі аралығында өмір сүріп жатқан түркітілдес 
мемлекеттермен қатар аталмыш кеңістікке тарыдай шашылып кеткен ірілі-ұсақты 
ұлыстар мен этникалық топтарды бір-бірімен жақындастыру мұраты жатыр. 
Бұл тұрғыдан келгенде, 2009 жылы Нахичеванда бас қосқан Қазақстан, Әзербайжан, 
Қырғызстан, Түркия мемлекет басшылары саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
бастамасымен  дүниеге  келген  Түркітілдес  мемлекеттер  ынтымақтас тық  кеңесінің 
маңызы өте зор. Бұл күнде Кеңестің бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып, ірі халықаралық 
институтқа айналып келеді. Оның халықаралық ұйымдар мен түркі дүниесіне танымал 
бірнеше институттары бар. Мәселен, кеңестің күнделікті жұмысын үйлестіретін хатшылық 
Түркияның Стамбұл қаласында орналасса, түркітілдес халықтардың бастарын олардың 
ортақ мәдени құндылықтарының негізінде ұйыстыратын екінші институты – ТҮРКСОЙ 
Анкарада  орналасқан.  Кеңестің  үшінші  институты  –  Түркітілдес  мемлекеттердің 
Парламент ассамблеясы. Бұл институттың мекенжайы Әзербайжанның астанасы Бакуде. 
Төртінші институты – Астанада орналасқан Халықаралық түркі академиясы. Бұл – түркі 
әлемінің  басын  бір  жерге  түйістіретін  ортақ  ғылыми  орда.  Осы  орталыққа  топтасқан 
түркі дүние ғалымдары ғылымның барлық саласы бойынша ортақ зерттеу жұмыстарын 
жүргізіп,  конференциялар  өткізіп,  олардың  қорытындысымен  күллі  түркі  әлемін 
сусындатып  отырады.  Бүгінде  академияның  жеке  кітапханасы,  музейі,  баспаханасы 
қатар  қалыптасты.  Ынтымақтастық  кеңесінің  бесінші  институты  –  төрт  мемлекеттен 
сайланған Ақсақалдар кеңесі. Бұл орган жыл сайын тұрақты түрде екі рет бас қосып, 
мемлекет басшыларының саммиттерінде талқыланатын мәселелерге қатысты пікірлері 
мен  ұсыныстарын  ортаға  салады.  Әзірше  Түркітілдес  мемлекеттер  ынтымақтастық 
кеңесі осы халықаралық институтқа мүше төрт мемлекет басшыларының төрт саммитін 
өткізді. Бесінші саммиттің кезегі Қазақстанға келіп тұр.
Қорыта  айтқанда,  Елбасы  бастамасымен  құрылған  Түркітілдес  мемлекеттердің 
ынтымақтастық кеңесінің көздеген мақсат-мүддесі толық іске асатын болса, Алтай мен 
Жерорта теңізі аралығында орналасқан 200 миллионды құрайтын түркі халықтары алып 
күшке айналатыны күмән тудырмайды. Алайда бұл алып күш өзгені қорқыту үшін емес, 
керісінше, ең алдымен, өзгеден қорықпау үшін қажет екенін естен шығармаған жөн. 
Әділ АХМЕТОВ, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 
Ресей мен Қазақстанның Жоғары мектеп ғылым академияларының академигі, 
профессор

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
163
Х
алықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астананың 
EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге мүмкіндігі жоғары деп есептейді. Ол 
біздің еліміздің үш артықшылығына ерекше мән беретінін жеткізді. 
Оның пайымдауынша, біріншіден, Қазақстан басшылығының саяси еркі бар, екіншіден, 
бұл істі абыроймен атқаруға қажетті қоры жеткілікті, үшіншіден, біздің еліміз ұсынған 
«Болашақтың энергиясы» тақырыбы бүгінде бүкіл дүние жүзінде маңызға ие болып отыр.
Қазақстан  елордасы  ұсынған  тақырып  –  «Болашақтың  энергиясы»  –  энергияның 
баламалы көздеріне және «жасыл» технологияларға арналған.
Астанадағы  ЕХРО-2017  көрмесі  Орталық  Азия  аймағы  мен  ТМД  елдерінде  өтетін 
алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға – 2017 жылғы 
10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және көптеген 
халықаралық ұйымдар қатысады деп жоспарланып отыр. Көрмеге 5 миллионнан астам 
адам келеді деп болжануда. Бұл – Қазақстанның халықаралық ілгері жылжу жолындағы 
үлкен қадам. 
ЕХРО-2017-ні  өткізу  елорданың,  сондай-ақ  тұтастай  алғанда  республиканың 
экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға себеп болады.
Елорданың  және  оның  маңындағы  аймақтардың  шағын  және  орта  бизнесінің  дамуы 
ерекше  серпін  алады,  ең  алдымен,  халыққа  қызмет  көрсету,  қонақ  үй  бизнесі  және 
ішкі  туризм  салаларының  ұтары  мол.  Бұл  шара  елорданың  көрме  нысандары  мен 
инфрақұрылымы  құрылысына  елеулі  көлемде  жеке  инвестициялар  тартуға,  оларға 
қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және 
елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік 
ресурстарын шоғыр ландыруға мүмкіндік береді.
Күннен  күнге  дамып  жатқан  заманауи  технологияларды  тиімді  пайдалану  үкіметтік 
деңгейде  қолға  алынса,  біздің  дәстүрлі  энергия  көздеріне  тәуелділігімізді  айтарлықтай 
төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап 
қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. 
Сондықтан  да  біздің  Тәуелсіз  жас  мемлекетіміз  үшін  EXPO-2017  көрмесін  өткізудің 
маңызы өте зор. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет