25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

Мұхтар СЕҢГІРБАЙ, 
саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) 
Бізге осы заманғы қоғамды дамытудың экономикалық прагматизмге 
ғана  емес,  бірегей  ортақ  тарихи  және  мәдени  тамырларға, 
халықтарымыздың  тығыз  ықпалдастығына  негізделген  жаңа 
идеология қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Еуразиялық  интеграция:  қазіргі  дамудың  үрдістері  және  жаһанданудың 
сын-қатерлері» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінен. 18 маусым, 2004 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
140
Қазақстан  теміржолының  бірегейлігі  оның  орасан  транзиттік 
мүмкіндіктерінде, ол Еуропа мен Азия елдерін ұштастырады. Біз осы 
артықшылықты пайдалануға тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан теміржолының 100 жылдығына арналған салтанатты 
жиналыста сөйлеген сөзінен. Астана, 6 тамыз, 2004 жыл
Қ
азақстан Президенті республиканың географиялық орналасқан жерін барынша 
тиімді қолдану қажеттігін бірнеше жылдан бері айтып келеді. 
Оған себеп – біз Еуропа мен Азияның тү йіскен жерінде орналасқанбыз. Бұдан басқа 
Иран  арқылы  Парсы  шығанағына,  Ауғанстан  мен  Пәкістан  арқылы  Үнді  мұхитына, 
Қытай  арқылы  Оңтүстік-Шығыс  Азия  мен  Тынық  мұхитының  аумағына  шығуға 
мүмкіндік  бар.  Сондықтан  Қазақстан  көлік  бағыттарының  желісін  дамытуға  баса  ден 
қойып  отыр.  Трансазиялық  темір  жол  магистралі,  «Солтүстік-Оңтүстік»,  ТРАСЕКА 
дәліздеріне  қатысты  жұмыстар,  сондай-ақ  «Батыс  Қытай  –  Батыс  Еуропа»  автокөлік 
жолының құрылысы – соның айғағы.
2013  жылы  ҚХР  Төрағасы  Қазақстанға  мемлекеттік  іс-сапармен  келгенде  «Жібек 
жолының экономикалық белдеуі» атты стратегиялық маңызы бар жоба идеясын ұсынған 
болатын. Аталған идея Президент Н.Ә. Назарбаевтың бұрынырықта айтқан «Қазақстан – 
Жаңа жібек жолы» бастамасымен үндесе кетті. Ресей, Украина, Түркия, Орталық Азия, 
Үндістан,  Пәкістан,  Ауғанстан,  Оңтүстік  және  Оңтүстік-Шығыс  Азияның  басқа  да 
елдерінің басшылары бір ауыздан бұл жобаны іске асыру әлемдік және өңірлік дамудың 
қосымша мүмкіндіктерін тудырады деп негіздеді. 
Қазақстанның көлік-логистикалық мәселелерінің шешімін табу үшін Қазақстан, Ресей 
және Беларусь темір жолдарының негізіндегі бірлескен кәсіпорын формасында Біріккен 
көлік-логистикалық компаниясын құру жобасына қол қойылды. 
Аталған  Біріккен  көлік-логистикалық  компаниясының  құрылуы  баға  саясатының 
бірыңғай  қағидаларын  қабылдау,  қозғалмалы  құрам  паркін  өзара  пайдалану,  бірыңғай 
технология  мен  ЕЭО  аумағындағы  көлік-логистикалық  қызмет  көрсетулердің 
стандарттарын  енгізу,  сондай-ақ  үш  елдің  теміржол  көлігі  инфрақұрылымын  дамытуға 
инвестициялар тарту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Біздің  елдің  транзиттік  әлеуетін  дамытудың  негізгі  бағыты  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы» және «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты болып табылады. Осының 
нәтижесінде Қазақстанның аймақтарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ғана 
емес, аймақтар экономикасының дамуына, көлік-логистикалық шығындарды төмендетуге, 
аймақтардағы көлік-логистикалық қызмет көрсетулер нарығының дамуына, жаңа жұмыс 
орындарының құрылуына, елдік транзиттік әлеуетінің артуына қол жеткізілетін болады. 
Сәкен ЕСПАЕВ, 
экономика ғылымдарының докторы

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
141
Қ
азақстан  –  тәуелсіздік  алғалы  бері  жаһандық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге 
үлесін  қосып  келе  жатқан  бейбітсүйгіш  ел.  Жас  мемлекет  саналса  да,  әлемдік 
тұрақтылықты  сақтау  жолындағы  Қазақ  елінің  атқарған  миссиялары  БҰҰ-ға 
мүше көптеген елдер үшін орындалмас армандай. Қазақстан Президенті БҰҰ-ның 
бітімгерлік әлеуетін нығайту бастамасын ұсынып қана қоймай, нақты іс-әрекетпен 
дәлелдеп берді. 
Негізі, Қазақстан – бітімгершілік саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтап үлгерген 
ел. 1993 жылы 24 қыркүйекте ТМД елдерінің саммитінде ТМД Ұжымдық бітімгершілік 
күштері құрылып, Қазақстан оның белсенді мүшесіне айналды. Қазақстандық бітімгершілік 
күштері Тәжікстандағы азамат соғысынан кейінгі жағдайды тұрақтандыруға, тәжік-ауған 
шекарасында аймақтық қауіпсіздікті сақтау ға бағытталған іс-шараларға қатысты.
2000  жылы  қазақ  жерінде  арнайы  «Қазбат»  бiтiмгершiлiк  батальоны  құрылды. 
Бітімгершілік  жасап,  соғысқа  жол  бермеу,  оның  зардаптарын  жою  ісімен  шыңдалған 
«Қазбат» дами келе, үш батальонға саны артып, 2006 жылы «Қазбриг» деңгейіне көтерілді. 
Қазақстан  бастамасымен  құрылған  БҰҰ  бітімгершілік  күштері  әлемнің  талай  «отты 
нүктелерінде» бейбіт миссиялар атқарды. Жұмыс нәтижесі де елеулі: соғыс аймақтарында 
гуманитарлық зұлматтар мен әскери қылмыстарға жол бермеу, қарулы қақтығыстар өткен 
жерлерді  жарылғыш  заттардан  зарарсыздандыру,  бейбіт  тұрғындарды  қарусыздандыру, 
босқындарға көмек беру, адам құқықтарын қорғау сияқты адамның өмірі мен денсаулығын 
сақтауға бағытталған кешенді іс-шараларды атқару дұрыс жолға қойылды. 
Қандай жанжал ошағы туындаса да, Қазақстан көмек қолын созуға даяр. Ауғанстанға 
тұрақты түрде гуманитарлық көмек беріп, Иракта бітімгершілікпен айналысты, ЕҚЫҰ-ға 
төрағалық  еткен  2010  жылы  Қырғызстандағы  төңкерісті  реттеуге  атсалысты,  Украина 
дағдарысын бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешу үшін ара ағайындық жасауда. БҰҰ 
тарапынан Қазақстанның бітімгершілік миссиялары жоғары бағаға ие болып отыр. 
Сейілбек МҰСАТАЕВ, 
саяси ғылымдар докторы
профессор
Қазақстан  осы  мінберден  15  жыл  бұрын  Ұйымның  (БҰҰ  –  ред) 
бітімгерлік  әлеуетін  нығайту  бастамасын  ұсынды.  Біз  мемлекеттердің 
әскери  бюджеттерінің  1  процентін  ерікті  аударуы  есебінен  БҰҰ 
Бітімгерлік қорын құруды ұсындық. Бұл идея әскери мақсаттағы әлемдік 
шығыстардың  1  процентін  даму  мақсаттарына  аударуды  ұсынған  Бас 
хатшы  Пан  Ги  Мун  тарапынан  қолдау  тапты.  Бұл  шешім  БҰҰ-ның 
Мыңжылдық  даму  мақсаттарына  жету  жөніндегі  стратегиясын  жүзеге 
асыру жолындағы маңызды қадам болар еді деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясының дебатында сөйлеген сөзінен. 
25 қыркүйек, 2007 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
142
2009  жылы  өтетін  Діни  лидерлердің  3-съезін  Біріккен  Ұлттар 
ұйымының аясында өткізуді ұсынғым келеді. Сонымен қатар, Біріккен 
ұлттар ұйымына алдағы таяу жылдардың бірін Мәдениеттер мен діндер 
жақындасуының халықаралық жылы деп жариялауды ұсынамын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясының дебатында сөйлеген сөзінен. 
25 қыркүйек, 2007 жыл
Ә
лемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезін шақыруға тарихи бастамашы 
болған Елбасы құрылтайда осыған дейін өткен съездер әлемнің «өркениеттер 
қақтығысының» шыңырауына құламауына біршама септігін тигізгенін атап өтті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съездеріне қатысушылардың ізгі ниеттері 
Жаратушының  адам  баласының  тағдырына  бұйыртқан  болмысын,  оның  қадір-қасиеттері 
мен ажырағысыз құқықтарын мойындайтынын мәлімдеуінен, сондай-ақ адамзаттың жарқын 
болашақ  үшін  бейбітшілік  пен  келісімге  деген  шынайы  ұмтылысынан  да  айқын  білінді.
Съезге  қатысушылар  адамзаттың  түрлі  діндерді  ұстанушылардың,  халықтар  мен 
мемлекеттердің арасындағы өзара құрметті, түсіністікті және ынтымақтастықты жақсартуға 
бағытталған діндер мен мәдениеттер диалогын ілгерілету жолындағы ізгі бастамасы үшін 
елімізге, Елбасыға зор ризашылық білдірді.
Қазіргі аса күрделі де шиеленіске толы дүниедегі әлеуметтік мәселелерді шешудің және 
жалпыға бірдей бейбітшілік пен өркендеп, дамуға қол жеткізудің маңызды да ықпалды 
құралдарының  бірі  дін  екені  сөзсіз.  Өйткені,  дінсіз  қоғам  жоқ.  Дінді  қажет  етпеген 
қоғамның қадамы баянды болмайды.
Түрлі діндер мен рухани дәстүрлерді ұстанатын барша адамдар үшін дінаралық диалог 
арқылы ілгерілейтін өзара құрметтеу, түсіністік және келісім ортақ құндылық саналады. 
Бұлардың  маңыздылығы  мынада.  XXI  ғасырдың  екінші  он  жылдығында  адамзат 
қоғамдастығы сенімге, достыққа, ынтымаққа, әділеттілікке және жасампаздық қызметке 
деген  ұмтылысын  жоғалтпайды  деп  үмітпен  нық  айта  аламыз.  Сондықтан  біз  әлемдегі 
түрлі діндер мен мәдениеттердің ортақ әлеуеті ретінде оның барлық артықшылықтары мен 
ізгі құндылықтарын пайдалануға тиіспіз. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасының бұл ұсынысы 
аса маңызды деп білеміз.
ХХІ ғасырда адамзат баласы рухани құндылықтарға мұқтаж екенін сезінді. Мейірім, 
адамгершілік, өзара түсіністік, құрмет сынды қасиеттер қашан да адамзаттың асыл міндеті 
болып  қала  бермек.  Рухани  құндылықтар  құнсызданған  қоғам  ешқашан  ілгері  дамып, 
өркениет көшіне ілесе алмайды. Мұны тарихтың өзі дәлелдеп келді және дәлелдей бермек.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары 
діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
143
Э
нергетика  –  геосаясаттың  бір  санаты.  Сондай-ақ  әрбір  мемлекеттің  өндірістік 
күштерінің даму деңгейі белгілі бір дәрежеде энергетикалық ресурс тарды тұтыну 
көлемімен анықталады. Әлемдегі маңызды кендердің 70% астамы энергия көздеріне 
жататындығы энергетикалық ресурстардың маңызды рөлге ие екендігін көрсетеді.
Бүгінгі  күні  Қазақстан  мұнай  мен  газ  қоры  бойынша  әлемдегі  алғашқы  орындарда 
болса, уран қоры бойынша әлемде 2-орын алады. 2017 жылға қарай Қазақстан әлемдегі 
аса ірі мұнай өндірушілердің ондығына кіреді. Уранның ірі қорына ие бола отырып, біз 
атом энергети-касын дамытуда маңызды рөл атқаратын боламыз. Бұл ретте Қазақстан 
жаһандық  энергетикалық  қауіпсіздіктің  басты  элементтерінің  бірі  болып  саналады 
және жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген өз 
жауапкершілігін толықтай сезінеді. 
«Энергетикалық қауіпсіздік» ұғымының белгілі бір ортақ анықтамасының болмауы түрлі 
келеңсіз әрекеттерге жол ашуы мүмкін. Яғни ресурстар үшін күрес саяси-дипломатиялық 
және бірлескен әдіс термен ғана емес, күш қолдану арқылы да жүзеге асуда. Мәселен, 2003 
жылы наурызда басталған Ирактағы соғыс науқаны алыстағы алпауыт елдің мұнай кен 
орындарын иелену мүддесімен үндескені де белгілі.
Энергетикалық  қауіпсіздік  анықтамасындағы  айырмашылық  тараптар  мүддесінің 
өзгешелігіне де байланысты болып тұр. Бір мемлекет экспорттаушы болса, екіншісі – 
импорттаушы,  яғни  олардың  мүдделері  де  әр  түрлі.  Мұнайды  жеткізуші  өнім 
бағасының  жоғары  болуын  қаласа,  тұтынушы  төмен  болуын  қалайды.  Импорттаушы 
мемлекеттерде қауіпсіздік үздіксіз және тұрақты жеткізіп тұрумен байланысты болса, 
экспорттаушы  мемлекеттер  үшін  бұл  сұраныс  тұрақтылығы  мен  бағалардың  ұзақ 
мерзімді орнықтылығын білдіреді.
Сондықтан, «Энергетикалық қауіпсіздік» ұғымы барлық тараптарға ортақ болуы керек. 
Энергетикалық  қауіпсіздікті  әлемдік  деңгейде  орнату  үшін  барлық  тараптар  ымыраға 
келуі  тиіс.  Сол  себептен  келешекте  энергетикалық  қауіпсіздік  мәселесінде  нақты  бір 
мәміле жасалу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Энергия жеткізілімдерінің Еуразиялық 
тұрақтылық пактісін қабылдау ұсынысы осындай күрделі мәселені шешуге бағытталған. 
Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты
Қазақстан  жаһандық  энергетикалық  теңгерім  мен  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етудегі  өз  жауапкершілігін  толық  сезінеді.  Энергия 
көздерінің тұтынушыға жеткізілуін әртараптандыру, сондай-ақ энергия 
көздерін өндірушілер үшін кепілдік беру мақсатында Қазақстан энергия 
жеткізілімдер  тұрақтылығының  Еуразиялық  пактісін  қабылдауды 
ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясының дебатында сөйлеген сөзінен. 
25 қыркүйек, 2007 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
144
Партияның «сыбайлас жемқорлыққа он мәрте күйрете соққы» атты 
арнаулы  бағдарламасын  қабылдау  туралы  мәселе  қарастырып,  онда 
осынау  әлеуметтік  кеселге  қарсы  күрестің  нақтылы  және  кешенді 
шараларын қарастыру қажет. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің 
кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен. 17 қаңтар, 2008 жыл
«Н
ұр Отан» ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерінің тазалығына, 
ішкі  партиялық  және  жеке  тәртіпке  баса  мән  беру  қажеттігін  үнемі  айтып 
келеді. Партияның «Сыбайлас жемқорлыққа он мәрте күйрете соққы» атты арнаулы 
бағдарламасы халықтан қолдау тапты. 
Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  іс-қимылдың  жалпы  ұлттық  жоспарында 
бірнеше  маңызды  бағыт  айқындалған.  Атап  айтқанда,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
заңнаманы  жетілдіру,  мемлекеттік  басқару  функцияларын  нақтылау  және  одан  әрі 
оңтайландыру,  мемлекеттік  аппараттың  жұмыс  сапасын  арттыру  жөнінде  тапсырма 
берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты анықтау мен қарсы іс-қимыл жүйесін 
жетілдіру,  қаржы-экономикалық  салада  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  шараларды 
күшейту,  мемлекеттік  тексерулер  жүйесінің  ашықтығын  қамтамасыз  ету,  қоғамда 
сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру міндеттері алға қойылды.
Осы бағыттар шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық 
бақылау  туралы»,  «Жария  ақпаратқа  қолжетімділік  туралы»  жаңа  заңдар  әзірленіп, 
қабылданатын болады. 
Мемлекеттік  қызметшілерге  кірістерін  ғана  емес,  сондай-ақ  шығыстарын  да 
декларациялау міндеті жүктелетін болды. 
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдардың ғана емес, 
квазимемлекеттік  және  жекеменшік  секторлардың  халыққа  қызмет  көрсету  саласында 
барынша ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
Мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты бірнеше Жарлықтары қабылданды. Бұдан 
да  бөлек  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  халыққа  жылдағы  жолдауында  бұл  мәселеге  ерекше 
тоқталатынын да айтсақ болады.
Партия тапсырысымен жүргізілген әлеу меттік сауалнамалар бойынша жағымды өзгеріс 
байқалады. Мысалы, соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне оң баға 
беретін қазақстандықтардың саны екі есеге жуық өсті (2011 жылы – 24%, 2014 – 45%). 
Алайда  қабылданған  шараларға  қарамастан,  елдегі  жемқорлық  деңгейінің  жоғарылығы 
күрделі  мәселе  күйінде  қалып  отыр.  1994  жыл  мен  2013  жыл  аралығында  мемлекетке 
экономикалық және коррупциялық қылмыстар кесірінен 7,5 миллиард доллардан астам 
шығын келіпті. Сондықтан сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау, оған қарсы күрес 
жүргізу баршаға міндетті. Бұл – өзіміздің әл-ауқатымызға әсер ететін фактор. 
Алданыш НҰРЫМОВ, 
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
145
Н
арықтық  қатынастарға  көшу  алдында  Қазақстанның  еншісіндегі  экономика 
құлдырау  жағдайындағы  экономика  еді.  Іс  жүзінде  бәрін  де  жаңадан  бастауға 
тура келген сәтте оның жетекшісіне болжампаздық, ұйымдастырушылық, іскерлік 
қабілет керек еді. Мұның бәрі біздің Елбасымыздың бойынан табылды. 
1994 жылдан бастап елімізде меншік қатынастары өзгертілді, жекешелендіру жедел 
де жігерлі жүргізілді. Осылайша, экономикада жекеменшік секторы 1998 жылға қарай 
қалыптасып үлгерді. Республикадағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайыздан астамын 
жекеменшік бизнес кәсіпкерлері өндіретін болды.
Мемлекеттік  экономикалық  саясаттың  негізіне  ақша-кредит,  салық-бюджет,  баға 
және  антимонополиялық,  инвестициялық,  технологиялық  саясат  алынды.  Оны  жүзеге 
асыру  үшін  екідеңгейлі  банк  жүйесі  құрылды,  алтын-валюта  резерві  қордаланды,  қор 
биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді қаржы және мемлекеттік институттар 
қалыптастырылды және дамытылды.
Елбасы  бизнесті  мемлекеттен  бөліп  тас таудың  қажеттігін  баса  айтты  және  оны 
өз  бақылауына  алды.  Инновациялық-қабілетті  бизнестің  салмақты  үлесіне  қол 
жеткізу  индустриялық  дамыған  елдерде  маңызды  рөл  атқарады.  Туындап  келе 
жатқан  инновациялық  бизнесті  қолдау  мақсатында,  ғылыми  зерттеулермен,  жаңа 
технологияларды  жасап  және  енгізумен  белсенді  айналысып  жүрген  компанияларды 
ынталандырып отыру қолға алынуда.
Мемлекет  басшысының  тапсырмасына  сәйкес  ел  Үкіметі  үдемелі  индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасын іс жүзіне асыру ауқымындағы шаралар шеңберінде 
бекіткен Қазақстанның индустрияландыру картасының барлық жобалары мемлекеттік 
қолдаумен қамтылған. Оның ішінде қаржылық қолдау, «Бизнестің Жол картасы – 2020» 
және «Өнімділік – 2020» бағдарламасының шеңберінде қолдау, Инвестициялар туралы 
заң  шеңберінде  преференциялар  ұсыну,  инновациялық  технологиялар  сатып  алуға 
гранттар  ұсыну,  визалық  қолдау,  экспорттық  шығындарды  өтеу,  жер  учаскесін  бөлу, 
рұқсат ету рәсімдерін жылдамдату және басқалары ұсынылды.
Осындай мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес өсіп-өркендеп келеді. Енді бизнес 
те елді дамыту ісіне белсендірек араласуға тиіс. Бүкіл өркениетті елдерде осындай үрдіс 
қалыптасқан. Өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстан бұдан шет қалмағаны жөн.
Мырзагелді КЕМЕЛ, 
қоғам қайраткері, 
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор
Ендігі  кезек  –  бизнесте.  Бизнес  әлеуметтік  нысандар  құрылысы  мен 
өңірлерді дамыту ісіне қатысуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» атты республикалық жұмыс 
берушілер форумында сөйлеген сөзінен. 24 қаңтар, 2008 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
146
ЕҚЫҰ төрағалығы біздің елімізде тек сыртқы саяси табыс қана емес, 
жалпыұлттық ауқымдағы құндылық ретінде қабылданады. Қазақстанның 
төрағалықтағы  ұраны  төрт  «Т»  –  «траст»  (сенім),  «традишн»  (дәстүр), 
«транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалығына кірісуіне байланысты 
бейнеүндеуінен. 14 қаңтар, 2010 жыл
Е
ң алдымен, ЕҚЫҰ төрағалығын біздің еліміз үшін ең алдымен сыртқы саясаттағы 
зор  табыс  дер  едім.  ЕҚЫҰ-ның  жалпы  қоғамдық  рөлін  бұрынғы  КСРО  елдері 
тұрғындарынан гөрі кәрі құрлық халқы жақсырақ түсінеді. ЕҚЫҰ төрағалығына кез-
келген ел ұсынылмайды және оған бұл мәртебелі міндет оп-оңай сеніп тапсырылмайды. 
Бұл миссияға ие болу үшін тиісті мемлекетке қойылатын қатаң талаптар жоқ емес.
Кәрі  құрлықтың  КСРО-ға  қатысы  болмаған  елдері,  негізінен,  қатаң  талаптарға  сай 
нормалар негізінде өмір сүрсе, КСРО құрамында болған елдер туралы бұлай деп айтуға 
келе қоймайды. Біздің отанымыз жете дамыған өркениетті елдердің қатарына енді ғана бет 
алып келеді. Тоталитарлық кеңестік жүйеден құтылғанымызға 20 жылдан енді ғана асты. 
Екі буын өкілдерінің жадында ескі жүйе сарқыншағы бар. Осының барлығын түйіндей 
келгенде, біздің еліміз үшін ЕҚЫҰ төрағалығының ауылы әлі алыс еді. бірақ Қазақстан 
Президенті Н.Ә. Назарбаев Еуропа елдері басшыларының ЕҚЫҰ төрағалығын елімізге 
беруге келісімін ала білді. 
ЕҚЫҰ  төрағалығы  –  бізге  көрсетілген  үлкен  сенім.  Төрағалықтағы  ұраны  ретінде 
қабылданған төрт «Т»-ның бірі – «траст» (сенім) бірінші тұрғаны сол себепті.
Екінші  «Т»  –  «традишн»  (дәстүр)  болуының  да  толық  негізі  бар.  Ұлт  ретінде  өзімізді 
сақтағымыз келсе, бесігімізді түзеуіміз керек. Небір алпауыттар қоршап тұрған елімізге ең 
алдымен дамыған елдер тарапынан сенім болмаса, дәстүрімізді де сақтай алуымыз екіталай!
Үшінші  «Т»  –  «транспаренси»  (транспаренттік),  ашық  болу.  Мемлекетіміздің  ішкі 
және сыртқы саясаты ешкімге құпия емес. Бұлақ суындай мөлдір. Мұндай елдерге дұрыс-
бұрыстың барлығы үйір келеді. Мөлдір суда қоқым бірден байқалатындай, транпаренттік 
саясат дос пен дұшпанды да тез ажырату мүмкіндігін береді.
Төртінші «Т» – «толеранс» (төзімділік). Өткенге көз жүгіртсек, «Қазақтан төзімді, әрі 
қонақжай халық бар ма екен?» деген сұрақ туады. Қазақ төзімі таусылған 1986 жылы кеңес 
жүйесінің тірегін шайқады. Төзімділіктің төртінші тұруы оның маңыз дылығы жағынан 
бірінші тұратынын білдіреді. Қазақ халқының қонақжайлығы мен төзімділігін білдіретін 
төртінші Т – ұрандағы алғашқы үш Т-ның берік іргетасы.
Азат ҚОНЫСБЕК,
Германияның «Jumo» өндіріс компаниясының Қазақстандағы өкілі
инженер-кәсіпкер 

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
147
М
иллиондаған адамның түбіне жеткен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, көп 
ұзамай қосполярлы әлем қалыптасып, олардың араларында қырғи қабақ соғыс 
өрті тұтанды. Екі полюс те өз мүдделері үшін жандарын салды. 
Кеңес  әлемі  қырғи-қабақ  соғыс  кезінде  қарапайым  тұрғындардың  жағдайын 
жақсартуды  маңызды  емес  мәселе  деп  қараса,  қарсы  полюс  елдері  бұл  мәселені, 
яғни, халықтың жағдайын жақсартуды алдыңғы қатарға қойды. Кеңес әлемінде халық 
пікірі  билік  пікіріне  сай  келуі  тиіс  еді.  Қарсы  жағдайда  ол  пікір  жаудың  пікірі  деп 
қарастырылатын. Қарсы полюс те халық салыстырмалы түрде демократияға қолдары 
жетіп, билікке қарсы еркін пікір айтатын.
Осыдан-ақ қай полюстің түбінде жеңіске жететіні белгілі болды. Ең алдымен Кеңес 
жүйесіндегі  экономика  сыр  бере  бастады.  Экономикасы  нашарлаған  елдің  билігі  де 
ұзаққа бармайды. Кезінде КСРО тарихында орыс патшасының қайраткерлерін есерсоқ 
деп көрсетсе, өткен ғасырдың 80-ші жылдары Кеңес билігінің кей өкілдерін есерсоқ деуге 
болатын. Бағымызға қарай билікке М.Горбачев тобы келіп, қосполярлы әлем соғыссыз-
ақ бір полярлы әлемге айналды. 
Түркия түрік тілдес елдерді өзіне тартуда. Түркия НАТО мүшесі болса да Еуропа мен 
Америка  үшін  бір  төбе.  Мұнай  өндіретін  араб  елдері  өз  алдына  бір  төбе.  Еуропадағы 
бұрынғы  социалистік  елдердің  өздері  кемінде  екі  топқа  бөлінген.  Мұсылман  елдері 
арасында да ауыз толтырып айтатындай бірлік жоқ. Қосполярлы жүйе жойылғаннан соң 
«қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған» заман келмеді. 
Көпполярлы  жүйенің  қалыптасуына  Ресей  мен  АҚШ  та  үлестерін  қосуда.  Қайта 
құрылған  қосполярлы  әлеммен  қатар,  көпполярлы  жүйе  де  қалыптасады.  Көпполярлы 
жүйе елдері бір аяғымен бір әлемде, екінші аяғымен екінші әлемде тұрады. Көптеген елдер 
екі әлеммен де жақсы қарым-қатынас орнатып, өзара тиімді бірлестіктер құра бастайды. 
Соңғы 20 жылда дүние бірнеше дағдарысты бастан кешірді. Соңғы дағдарыстан көп 
елдер даму жолын таба алмай қиналуда. Аталмыш құрлықтық бірлестіктер дағдарыстан 
шығу  жолын  тауып  бермесе  де,  үміт  отын  жағатыны  сөзсіз.  Біздің  тағдырымыз  бен 
таңдаумыз – алпауыттармен тіл тауып, бірнеше жүйеге мүше бола отырып даму. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет