25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар


лемдік  әдеби  жауһарлардың  қатарынан  орын  алатын  «Абай  жолы»  роман-



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

лемдік  әдеби  жауһарлардың  қатарынан  орын  алатын  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясының авторы шығармашылық жолын бастаған жылдары қазақ ұлтының 
жалпы ахуалы өте ауыр еді. 
Патшалық  езгіден,  отарлық  бұғаудан  басын  азат  етіп,  жаңа  жағдайға,  төңкерістің 
түбегейлі бетбұрысына иланған қалың ел енді не істерін білмей дағдарып жатты. Тап осы 
кезде, ұлттық интеллигенция халыққа барлық күш-жігерімен, қалам қайратымен, нақты 
іс-әрекетімен көмекке келді.
Адамзат  қоғамының  даму  бағыттарымен  және  өз  уақытындағы  қазақ  жұртының 
жай-күйлерімен  жақсы  таныс  жас  Әуезов  те  халқына  деген  шексіз  сүйіспеншілікпен, 
парасатқа суарылған отаншылдық сезіммен рухани көшбасшы бола білді. Халқының ауыр 
тауқыметіне назаланған жазушы ұлт болашағы үшін не істеу керектігі жөнінде бірнеше 
мақалалар да жазды. Мәселен, Жапонияны қазаққа үлгі ете сөйлеген мақаласында оның 
саяси  көзқарастарында  жалған  ұлтшылдық  емес,  жан-жақты  реформаторлық  қасиет 
бар еді. «Білімді жұрттар, – дейді М. Әуезов – Японияның ішіне өз саудасын кіргізіп, 
олардың қанын соруға айналды. Япония білімді жұрттардан келетін зиянды көрген соң 
оларға өткел бермегісі келді… Көп айлалы, қомағай, білімді жұрттардың ортасына түсіп, 
өзіндігінен  айрылып,  халыққа  жем  болатын  уақыт  келді».  Құлдық  қамытын  мәңгілік 
киіп  қалудан  Жапонияны  құтқарған,  М.  Әуе зов  санамалаған  жайттар:  Жапонияның 
патшалық түрін өзгертіп, конституция жолымен үкімет басындағы адамдарды халықтың 
өзі сайлауы; олардың оқу-білімге қауырт көшуі; Еуропа білімінің тек өзіне керектісін 
ғана қабылдауы. М. Әуезов өз мақаласында «Япония Европа не істесе соған көз жұмып, 
ере берген жоқ» деп атап көрсетті.
М. Әуезов «Абай» журналының 1918 жылғы №9 санында жарияланған «Қазақ қашан 
жетіледі?»  деген  мақаласында  мәдениетке,  ғылымға  ұмтылу;  экономикалық,  кәсіптік 
байланыстардағы ұлтаралық қатынастар; бірлік, шекара мәселелері; ауыр өнеркәсіптерді 
жолға  қоятын  ғылыми-мәдени  орталықтар;  ұлттың  дербес  мемлекеттік  құрылымы, 
автономия  сияқты  мәселелердің  кезек  күтіп  жатқан  түйткілдеріне  тоқтала  кеп,  тіптен 
біздің жұрттың керенау кердең рухсыздығына жапон жұртын шендестіре отырып налиды. 
М. Әуезов ұлт тәуелсіздігіне күллі қазақ болып, бірлікпен, ұлтжандылықпен ұмтылу керек 
деп ой қорытады.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
филология ғылымдарының докторы

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
221
Б
ұл  –  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  IV  сессиясында  Елбасының  сонау 
1997 жылы жасаған баяндамасынан алынса да, бүгінгі күндері өзінің зәрулігін 
һәм  мән-мағынасын  жоғалтпаған  тұжырым.  Тіптен  дәл  қазір  Қазақ  хандығының 
құрылғанына 550 жылдан асқан кезде бұл байламның қажеттілігі арта түсті.
Атам  қазақтың  басынан  нендей  қилы  заман  өтпеді,  халқымыз  қандай  зұлмат  пен 
нәубетті  бастан  кешпеді?  Сол  басқа  түскен  батпан  жүктің  бәрін  көтеруге,  көнуге 
тура  келді.  Халық  болып  ысылдық,  ел  болып  қалыптастық,  егемен  мемлекет  болдық. 
Жаңаруға бет бұрдық. Басқалармен тереземіз теңелді, Бұл талпынысымызды уақтылы 
һәм  заңды  құбылыс  деп  білеміз.  Демек,  осы  бағыт-бағдардан  айнымау  бүгінгі  күннің 
зәрулі мәселесіне айналып отыр.
Еліміздің қазіргі дамуын өркениетті даму деп атасақ, оны қандай сипаттарынан көруге 
болады? Соңғы уақытта дүние жүзі деңгейінде жаһандану үрдісі белең алып, бар тұрмыс-
қарекет  соның  ырғағына  икемделе  бастады.  Осындай  жағдайда  біз  бұл  күнге  қалай 
жеткенімізді үнемі есте ұстап, өзімізді өзіміз қамшылап отыруға тиіспіз. 
Біз  бұл  күнге  оңай  жете  қалған  жоқпыз.  Жәнібек  пен  Керей  қазақтың  туын  тіккенге 
дейінгі аласапырандарды айтпағанда, бүгінгі байтақ мекенімізді сақтау жолында тарихтың 
небір  зұлматты  шайқастарын,  езгіге  салған  бодандығын,  еңсені  басқан  темір  құрсауын 
көрдік. Соның бәрінен өттік. Дербес ел болсақ деген үміт үнемі алға жетеледі. Сондықтан 
біз  енді  осы  тәуелсіздігімізді  қызғыштай  қорып,  әлем  көшінің  соңында  емес,  басында 
жүруге, өзгелермен тең болуға бар күшімізді салуға тиіспіз. 
Шынында да, талай  тар  жол  тайғақ кешуді бастан  өткізген  халқымыз әйтеуір  түптің 
түбінде  өз  жеріне  өзі  қожа  болып,  тату-тәтті  тіршілікке  қол  жеткізіп,  бақытты  өмір 
сүруге  құқылы  еді.  Ел  мен  жері  үшін  қасық  қаны  қалғанша  шайқасқан  ержүректігіміз, 
өзгелерге қылдай қиянат қылмайтын ықылас-пейіліміз, қиын-қыс тау кезеңге қарамастан 
ұрпағымызға берген тәлім-тәрбиеміз біздің жақсылыққа жетелеуге тиіс болатын. 
Тәуелсіздік  Қазақ  елінің  талай  ғасыр  төгілген  қаны  мен  терінің  өтеуі  ретінде  келді. 
Сондықтан біздің өз жерімізде мемлекет құруға толық заңды құқымыз бар еді. Президенттің 
басшылығымен халқымыз соны жүзеге асырды. Мемлекет басшысының сөзінде осы ой 
тұжырымдалып айтылған.
Дәуренбек ӘУБӘКІР, 
философия ғылымдарының докторы
профессор
Қазақстанның  тәуелсіздігі  –  қазақтарға  тағдырдың  тартқан  сыйы 
емес, өзінің байырғы жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қолы 
жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасынан. 
Алматы, 6 маусым, 1997 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
222
Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Одан жеңіл болмайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті 
Студенттер сарайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен. 
Алматы, 5 қаңтар, 1998 жыл
У
ақыт – философиялық тұрғыда прагматикалық ұғым. Іскер, үнемшіл, ізгілікті, 
жақсылық  жасау  жолында  ізденіске  түскен  жанның  ғұмырлық  ұстанымы  – 
уақытты қадірлеу, оны меңгере білу. Уақыттың көне замандар мифологиясында 
арнайы атауы болған, ол – Хронос. 
Бертін келе, барлық философтар, ғұламалар уақыт туралы терең ойларын қалдырған. 
Сөйтіп, жаңа заман философиясы буржуазиялық қоғамның негізін қалап, адамзат тарихында 
бұрын-соңды болып көрмеген технологиялық және ғылыми үрдістерге бастады. 
Елбасы айтқандай, уақытқа өкпе артқандар өркениеттік дамудың кең даңғылдары емес, 
соқпақтарына түсіп, татымсыз тұрмыс кешіп келеді. Уақытты экономикалық мүмкіндік 
деп  түсінген,  одан  пайда  табуды  кәсіпке  айналдырғандар  қазіргі  дамыған  капиталистік 
елдердің негізін салды. 
Студенттер  алдында  сөйлеген  сөзінде  Президент  уақытқа  өкпе  арту  адамның  өзінің 
бойындағы қабілеті мен қасиеттеріне өріс ашпай, тұншықтырып, тұмшалап, тоғышарлыққа 
бастайтынын меңзеп отыр. 
Жеңілдік  уақытқа  өкпе  артқаннан  болмайды,  керісінше,  уақытты  пайдалана  білу 
мәдениетін қалыптастырып, адам, ел тұрмысында болатын жеңілдіктерге жол ашу керек.
Уақыт  деген  ұғымды  ата-бабаларымыз  метафоралық  түсінікке  салып,  «заман»  деп 
те  атаған.  Халқымыздың  заман  дегендегі  ұғымы  «әлеуметтік  уақыт»  дегенмен  барабар 
түсінік. Сонда заманға өкпе артуға бола ма, одан не жеңіл болады? 
Заманға өкпе арту үшін адам алдымен өзі туралы ойланғаны абзал. Заманның жаманы 
жоқ. Заманды жаман ететін де, оны көркейтіп өсіретін де – адамдар. Адамдардың уақытқа 
өкпе артпауы жойылса, заман да өзінің көтеріп тұрған ауыр жүгінен жеңілдейді. 
Хакім Абай «Тоты құс түсті көбелек» деген өлеңінде уақыт туралы, заман туралы айта 
келе, «әркімді заман сүйремек, заманды қай жан билемек?» деген сауал қойып еді. Заманды 
билеу – уақытқа өкпе артпай, оны меңгеру деген сөз, сонда ғана адамға жеңіл болмақ. 
Заманды билейтін адам – кемел адам. Біз талдап отырған афоризм – кемел адамның 
аузынан шыққан сөз. 
Кемелдік  –  уақыттың  сындарынан  өтіп,  оған  өкпе  артпай,  керісінше  оны  меңгеріп, 
ырыс-береке несібеге, халқымыз айтқандай, уақытты құт деп қабылдап, барша жұртқа 
жеңілдік жасау. 
Ғарифолла ЕСІМ, 
ҚР ҰҒА академигі, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
223
А
дам  болмысы  ежелден  адамзаттың  мәдени  тарихында  ғылым  мен  білімнің, 
философия мен халық әдебиеті әлемінің негізгі нысаны болып келеді. 
Көптеген  ғылыми  зерттеулер  мен  әдеби  шығармаларда  адам  бақыты  үшін   ақыл-
парасаттың маңызды екені айтылып, дәлелденуде. Әсіресе, даналықтың алғашқы көрнекті 
үлгілерін  ұсынған  ұлы  өркениеттерде  адам  өміріндегі  ақыл-парасаттың  маңыздылығы 
ерекше  сипатта  көрсетілгені  белгілі.  Ежелгі  Грекия,  Қытай  мен  Үнді  елдеріндегі 
данагөйлер адам ақылының рөлі мен орнын жан-жақты анықтауға тырысқан және оны 
толыққанды  иемденген  жан  ғана  бұл  ғұмырды  лайықты  деңгейде  сүре  алатындығын 
тұжырымдап отырған. Ал енді қазақ халқы тарихының түркілік кезеңінде өмір сүрген Әбу 
Насыр әл-Фараби бабамыз өзінің философиялық трактаттарында ақыл-парасаттың адам 
өмірін жақсарту үшін атқаратын маңызды рөлін жан-жақты айқындап берген. Данагөйдің 
пайымдауынша адам өзінің өмірін жақсартуы, барынша кемелдендіруі, үйлесімдендіруі 
үшін  бо йындағы  ашылмаған  әмбебап  қасиеттерін  жетілдіруі  керек.  Адам  ғылым  мен 
білімді,  өнер  мен  мәдениеттің  әртүрлі  қырларын  игеруге  тиіс.  Міне,  сонда  ғана  оның 
«қайырымды адам» деңгейіне дейін көтеріле алатыны анық. 
Кейін  Абай  да  өзінің  «толық  адам»  туралы  тұжырымдары  мен  ойларын  өрнектегені 
белгілі. Ал қоғамда қайырымды, ізгілікті адамдар көбейген сайын тұтастанған қайы рымды 
қоғам  құрудың  мүмкіндіктері  арта  түседі.  Сонымен  қатар  әркімнің  өз  өмірін  жақсарта 
түсуіне мүмкіндіктер ашылады. Әрине, қоғамның әлеуметтік ортасы қанша жақсарғанмен 
жеке адам өзінің ақыл-парасатын жетілдіруге ұмтылмаса, онда тұлғаның қалыптасуы мен 
дамуы тежеледі. Демек, жалпы ізгілікті қоғамның қалыптасуы үшін әрбір адамның ақыл-
парасаттық әлеуетін тиімді пайдалануға деген ынта-жігері мен шынайы ұмтылысы керек 
екені айқындала түседі. 
«Талаптыға  нұр  жауар»  дейді  халқымыз.  Міне,  осы  түбегейлі  де  іргелі  терең  ой 
кейінгі  замандарда  өмір  сүрген  қазақ  ақын-жырауларының,  би-шешендерінің,  қазақ 
зиялыларының  шығармашылығынан  біршама  кең  көрініс  тапқанын  байқаймыз.  Қазіргі 
технократияланған, технологияланған әлем адамдарға көптеген ақпарат көздерін ұсынып 
отыр, пәрменді дамудың, өзгерістердің дәуірінде өмір сүрген кісі өзінің ақыл-парасатына 
сүйенгені абзал. Тұтынушылық идеологиясын ұсынып отырған әлеуметтік шындық кез 
келген пендені өзінің жетегіне ертіп кетуге дайын тұр. Шын мәнінде әрбір адам өзінің 
жеке басындағы ерекше дарындарын әлеуметтік ортада көркем рауаждандыра (паш ете) 
алуы  үшін  өзіне  тән  ерекше  «меніне»  тиісті  қырларды,  қасиеттерді  ақыл-парасатының 
көкжиегі арқылы уақтылы жүзеге асыра отырып, өз өмірін жақсарта алады.
Серік НҰРМҰРАТОВ, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор
Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті 
Студенттер сарайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен. 
Алматы, 5 қаңтар, 1998 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
224
Астана келбеті – ұлт келбеті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан елордасы – Астананың тұсаукесер рәсімі салтанатында 
сөйлеген сөзінен. Астана, 10 маусым, 1998 жыл
Е
лбасының бұл сөзі, шынтуайтына жүгінсек, үлкен көрегендіктің нышаны екеніне 
бүгінде толықтай көзіміз жетіп отыр. 
Астанаға келген шетелдік қонақтар әдепкіде таңғалысын жасыра алмай, бір жағынан, 
сеніңкіремегендей  сыңай  танытатын.  Алайда  қазір  «ары-берісі  небәрі  жиырма  жылдың 
аумағында осынша істі тындыру мүйізі қарағайдай, ауқатты, өркениеті шарықтаған елдің 
ғана  қолынан  келеді»  деген  түсінік  олардың  саналарға  орныға  бастағаны  байқалады. 
Байыбын аңдап қарасақ, сол шетелдіктердің ішінде кешегі кеңестік дәуірде қазақ деген 
ұлтты білетіндерінен білмейтіндері басымырақ еді. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемен 
ел болғанымыздың арқасында ғана барша әлемге қазақ екенімізді таныттық. 
Белгілі ғалым Александр Гаркавец дәлелдеп бергендей, Ұлы Жібек жолының бүкіл өн 
бойында көне қыпшақ тілі ұзақ уақыт іскерлік тіл рөлін атқарған екен. Сөйт сек, біздің 
ата-бабалар  екі  мың  жылдай  бұрын  қазіргі  Қазақстан  жерінің  оңтүстігінде  Ұлы  Жібек 
жолының жұмысын дөңгелеткен болса, солтүстігімен бірнеше ғасыр бойы ғұн дәуіріндегі 
халықтардың ұлы көшін жөңкілткен болып шығады.
Енді жоғарыдағы Елбасы сөзін жаңғыр тып, бүгінгі күнімізге қайтып оралайық. Дүние 
жүзі жұртының көз жауын алардай еңселі де көрікті, жарасты да салтанатты Астанамыз 
бар  әлемге  Қазақ  елінің  бірлігі  мен  татулығын  паш  етіп  тұр.  Бұл  көңілге  демеу,  жанға 
жылулық ұялатпай ма?! Жай ғана өз жұртымыздың көңілін марқайтып қоймайды. Көңілге 
ұялаған  күдік-күмәннің  бәрін  сейілтеді.  Қазір  шетелдіктердің  біразы  «Мына  қазақтар 
дүниеде  теңдесі  жоқ  қаланы  небәрі  жиырма  жылдың  ішінде  салып  алса,  біз  бұлардың 
қабілет-қарымына қалай сенбейміз!?» деген ойдың жетегінде жүрген сияқты.
Мемлекет басшысы «Астана келбеті – ұлт келбеті» деген сөзді айтқанда елорданың 
құрылысы жаңа ғана салынып жатыр еді. Сол жылдарда-ақ елдің назарын аударған қала 
бүгінде әлем халқы қызыға тамашалайтын шуақты шаһарға айналды. Әсем ғимараттар бой 
көтерді, көрікті көшелер орнықты, айналасына жасыл орман пайда болды. Қала өзіндік 
келбетімен,  өзіндік  архитектурасымен  ерекшеленді.  Жұрт  еліміздің  өзге  өңірлерінен 
Астанаға  қарай  көптеп  ағылды.  Олар  елордалық  атанып,  жаңа  қаланың  дамуына, 
руханиятының  жетілуіне  үлес  қосуға  тырысты.  Осынау  кезеңде  астаналықтардың 
менталитеті  қалыптаса  бастады.  Халықаралық  аса  ауқымды  шаралар  осында  өтетін 
болды. Достығымыз бен бірлігіміздің үлгілері осы шаһарда көрініс тапты. Қазір, Елбасы 
айтқандай,  Астана  келбеті  бүкіл  ұлттың  келбетін  танытады.  Біздің  қаламыз  қазіргі 
сипаты бұған әбден лайық. 
Дәуренбек ӘУБӘКІР, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
225
Ж
иырмасыншы  ғасырдың  бірінші  жартысында  ашаршылық,  тoталитаризм 
трагeдиясы алдан шыққаны белгілі. 
Тікeлeй  нeмeсe  жанама  шығындардың  кeсірінeн  тeк  қазақтардың  өзі  бірнeшe  жылда 
халқының 40 пайыздайынан айырылып қалған еді. Қазақ халқының басына түскeн oсынау 
қиын сәттерге eшқандай ұлттың кінәсі жoқ, мұның өзі сoл кеңестік-тоталитарлық жүйeнің 
табиғатынан  туындаған  болатын.  Бұлай  дейтініміз  –  осы  алапаттан  ондаған  миллиoн 
oрыстар,  украиндықтар,  eврeйлeр  де  oпат  бoлды.  Өйткені,  тoталитаризм  ұлтқа  қарап 
жатпайды. Мұны бүкілхалықтық трагедия деу керек. 
Тәуелсіз  мемлекетіміздің  құрамындағы  басқа  халықтар  да  қалыптасудың  күрдeлі 
прoцeстeрін бастан кeшіп oтырғаны мәлім. Бұл да қазақ ұлты жағынан түсіністік пeн өзара 
теңдік қатынасты талап eтeді. Басқаларға бұлай қарамайынша, өзін, өзінің ұлттық қадір-
қасиeтін күштeп сыйлатуға бoлмайтыны әркімгe дe түсінікті. 
Қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың тeңдігін барынша 
қамтамасыз  eту  –  келелі  міндеттердің  бірі.  Өйткені,  кeз  кeлгeн  басқа  жoл  апатты 
қақтығыстарға,  дeмoкратиялық  рeфoрмалардың  тeжeлуінe  әкeліп  сoқтыруы  мүмкін. 
Oсыған  байланысты  біз  үшін  өзeкті  идeoлoгиялық  міндeт  –  ұлтаралық  келісімді 
қамтамасыз eту бoлып табылады. 
Қазір  Қазақстанның  өтпeлі  кeзeңдeгі  ұлттық  саясатының  арнайы  біртұтас 
тұжырымдамасы жасалған. Oған сәйкес, рeспубликада тұратын ұлттар мeн ұлыстардың 
өзіндік eрeкшeліктeрінe тән мұқтаждарына зeрттeу жүргізіліп, oлардың eркін дамуына 
қатысты Кoнституция eрeжeлeрі жүзeгe асырылуда. Ұлттық шeктeлу мeн oқшаулануды, 
шoвинизмнің,  ұлтшылдық  пeн  сeпаратизмнің  көріністeрін  жoю  үшін  алдағы  уақытта 
әлі  де  көп  іс  атқару  керек.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  халықтар  арасындағы  кeлісімді, 
бірігуді  жүзeгe  асыратын  қыз мeтті  өз  мoйнына  алатын  үкімeттік  eмeс  құрылым  – 
республикамыздың  Тұңғыш  Президенті  Н.  Назарбаевтың  бастамасымен  құрылған 
Қазақстан халқы ассамблеясы. 
Сонымен қатар, сыртқы саясатта да шие леністер мен тайталастықты әскeри жoлмeн 
шeшуден  барынша  бас  тартып,  «жақсы  араздықтан  жаман  татулық  жақсы»  дeйтін 
қағиданы берік ұстанамыз. Жақын жәнe алыс бoлашақтағы ұлттық мүддeлeрді қoрғау 
мeн күштeрдің тeңдeстігін қамтамасыз eтудeгі біздің мықты құралымыз – көпвекторлы 
сыртқы саясат, басқа мeмлeкeттeрдің ісінe араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалына 
басымдық беру болып отыр. Бұған Елбасы айтқандай, кеңпейіл қазақ халқының сенімі 
мен дос тыққа адалдығының да ықпалы зор.
Сатай СЫЗДЫҚОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Небір  қатал  сындарды  бастан  кешкен  қазақтар  бұл  үшін  басқа 
халықтарға кінә таққан жоқ әрі өзінің ұлттық кеңпейілділігін, сенімі 
мен достыққа адалдығын сақтап қалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясында жасаған баяндамасынан. 
21 қаңтар, 1999 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
226
Адамзат дамуының қазіргі кезеңінде дін атаулының қай-қайсысы да 
ұлттық мәдениеттерді сақтап қалудың нақты тетігіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясында жасаған баяндамасынан. 
21 қаңтар, 1999 жыл
А
дамзат тарихында діндер алуан түрлі сипатта көрініс беріп келді. Олардың кейбірі 
әлемдік діндер мәртебесіне дейін көтерілді. 
Бірнеше  ұлттар  мен  этностар  дүниетанымдық  жүйесі  бір  діннің  қағидаларын 
мойындап, соның негізгі түсініктерін өздерінің ұлттық рухани дүниесінің басты құндылық 
бағдарларына  айналдырды.  Адамзат  тарихында  жекелеген  халықтар  өздерінің  ұлттық 
діндерін  дара  ұстануымен  де  айрықшаланды.  Мәселен,  жапондар  үшін  синтоизм  діні 
маңызды болса, еврейлердің рухани әлемінде иудаизм діні жетекші орын алды. 
Шынайы  діни  түсініктер  жер  бетіндегі  ұлттық  мәдениеттердің  мән-мағынасымен, 
тарихи болмыстарымен түбегейлі қайшылыққа келмейді. Ешқандай іргелі діни кітапта 
ұлттық  мәдениеттерге  шек  қойылып,  олар  керексіз  немесе  жетілмеген  дүние  ретінде 
жоққа  шығарылмайды.  Ұлттық  мәдениеттер  адамзаттың  тарихи  сахнасында  әлемдегі 
өсімдіктер әлемі мен хайуанаттардың әрқайсысы әрқилы болып келетіні сияқты олардың 
көптүрлі тұрғыда болғаны қисынды құбылыс. Мәдениеттердің өзіндік қырларын танытуы 
жалпыадамзаттық мәдени байлықты қомақты ете түседі. Философияда құбылыстардың 
мәнін сипаттаудағы әмбебап әдістемелік іргетас, тұрғы ретінде «көптүрліліктің бірлігі» 
қағидаты  мойындалады.  Сөйтіп,  тек  ғылым  ғана  емес,  діннің  өзі  ғаламның  сан  түрлі 
қырларының өзара байланысын, өзара астасуын дәріптейді. Себебі, тұтас әлемнің әрбір 
құрамдас бөлігінің өзіндік атқаратын қызметі, мәндік тереңдігі мен мағынасы бар екені 
анық. Жалпы, ұлт мәдениетінің рухани байлығын ұлттық тарих тұрғысынан айғақтаған, 
әлемге паш еткен халық дінге қарсы әрекет жасаған болып табылмайды. Керісінше, ол 
осы  рухани  әлемді  байытады,  оған  игілікті  қызмет  атқарады.  Ал  енді  қазіргі  заманда 
кейбір шет елдерде жаңадан пайда болып жатқан жасанды, дәстүрлі емес діни ағымдар 
мен бағыттар Отанымыздың кеңістігіне енуде. 
Дін  мен  ғылым  біріге  отырып  ұлттық  мәдениеттің  гүлденуіне  қызмет  атқарған 
жағдайда  ғана  қоғамда  жасампаздық  пен  үйлесімділік  ахуалы  орнайды,  елде 
ұлтаралық  және  конфессияаралық  жарасымдық  орнығады.  Бейбітшілікті  қолдайтын 
дін  әруақытта  кез  келген  ұлттың  өзіндік  ерекше  болмысын  жоққа  шығармайды,  ол 
адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастарды реттеп, барынша үйлестіруге үлес 
қосады.  Ислам  мен  хрис тиан  діндерінің  түбегейлі  дүниетанымдық  тұғырларында 
адамдарды  ұлтына,  тіліне,  діліне  және  нәсіліне  қарап  алалау  мен  тұрпайы  жіктеу 
қарастырылмағаны осыған айғақ.
Серік НҰРМҰРАТОВ, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
227
Т
үркістан  өңірі  қазақ  ұғымында  киелі,  қасиетті  мекен  ретінде  ғасырлар  бойы 
қадірленіп  келеді.  Түркістан  көне  дәуірлерден  бастап  тек  діни-мәдени  орталық 
болып қана қойған жоқ, төрт тараптың жолы түйіскен Ұлы Жібек жолының кіндігі, 
сонымен бірге саяси орталық ретінде де маңызға ие болды. 
Түркістан – қазақ тарихының өзегі. Түркістан – қазақ мемлекеттілігінің алтын бесігі. 
Мағжан  ақынша  айтқанда,  Түркістан  –  ер  түріктің  мекені.  Түркістан  –  рухани  орта. 
Түркістан – қазақ хандығының астанасы болып, қазақ мемлекеттілігінің іргетасын берік 
қалаған жер. Сондықтан да, Түркістанда Хақназар ханнан бастап, онға тарта Қазақтың 
ханы, жүздеген би-шешендері мен батырлары жерленген.
Түркістан үшін талай рет шайқастар да болған. 1819 жылы қоқандықтар Түркістанды 
жаулап алғанда жетпіс қойды құрбандыққа шалып, Түркістанды жаулап алуын үлкен мереке 
ретінде тойлағандығы тарихтан белгілі. Өйткені, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы 
ғана емес, Орталық Азия халықтарының рухани орталығы, күллі түрік рухани әлемінің 
алтын қазығы. Түркістанда атақты әулие Қ.А. Иасауидың мазары орналасқан және Иасауи 
тарихатының орталығы бар. Иасауи ілімдері қазақ мемлекеттілігінің дамуына ықпал етті.
Бұл  кесене  қазақ  хандарының  таққа  отырғызылып,  ел  билігіне  кірісетін  киелі  орны 
ретінде  де  белгілі.  Бұл  туралы   Н.Ә.  Назарбаев:  «Түркістанда  қазақ  хандары  таққа 
отырғызылды. Көршілес мемлекеттердің елшілері қабылданды. Аса маңызды мемлекеттік 
мәселелер талқыланған аса жоғары мәртебелі жиындар өткізілді. Ондағы Күлтөбеде үш 
жүздің игі жақсылары Тәуке ханның басшылығымен қазақ мемлекеттілігін нығайтудың 
заңдық  негізін  –  «Жеті  жарғыны»  қабылдады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Түркістан  –  қазақ 
халқының ұлттық мемлекеттілігін дүниеге әкелген алтын бесік әрі оны кемелдендірген 
өнегелі мектеп» деп Түркістанның қазақ тарихындағы маңызын айшықтап берді.
Бүгінгі Түркістан рухани орталық болу міндетін абыроймен атқарып келеді. Онда 
халықаралық  қазақ-түрік  университеті  орналасқан.  Түркілік  мұратты  көздейтін 
еларалық  жиындар  сонда  өтеді.  Елбасы  ұғымында  Түркістан  тарихы  –  күллі  түрік 
халықтары тарихымен тамырласып жатқан алтын қайнар. Ол – түркілік руханияттың, 
ортақ  мәдениеттің  орталығы.  Мұны  Мемлекет  басшысының  «Түркістан  ендікпен 
өлшегенде  де,  бойлықпен  өлшегенде  де  жер  шарының  кіндік  тұсына  орналасқан»  – 
деген сөзі дәлелдей түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет