25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырмен тең



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#7360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

марапат жауғаН күН

 

„

ата-бабамыздың мыңдаған жыл бойы армандаған азаттығы, тебіренген тәуелсіздігі осыдан 



тура 25 жыл бұрын дәуірлерді дүр сілкіндіріп орындалды. Бейбітшіліктің бақанымен шаңырақ 

көтеріп, достығымен керегесін кеңейткен егемендік жолында мыңдаған қазақстандықтың маңдай 

тері төгілді. Қоғамның әр саласында қаз-қаз басқан Қазақстанның дамуына күш-жігерін сығып 

беріп, сарп еткен жандар көне шаһарда да аз емес. мерекеде олардың еңбегі еленіп, есімдері 

мақтанышпен айтылды.

Ерен еңбек –

 еңселі мақтаныш

Шаңырағы  шаттыққа  нұрланған  ширек 

ғасырда мерекелік медальге ие болған қала 

әкімі Нұржан Календеров ел дамуына өзіндік 

салмақты  үлесін  қосудан  шаршамайтын 

шаһар азаматтарының басын қосып, сүбелі 

еңбектеріне алғыс айтып, ардақты да аяулы 

сәтте  лайықты  марапаттарын  табыс  етті. 

Шараны  құттықтау  сөзімен  ашып  берген 

қала  басшысы  мемлекетіміздің  тарихи 

тағдырын,  кешеден  келешекке  жалғасқан 

жалынды жігерін, мызғымас тіршілігін, жер 

қайыстырған қуатты қадамы мен жаһанға 

жаңғырған  жетістіктерін  жіпке  тізіп  өтті. 

Бұдан  әрі  Нұржан  Сәбитұлы  салтанатты 

түрде  бүгінгі  жемісті  нәтижелерге  бір 

қолдың  саласындай  жұмыла  сеп  болып 

жүрген  азаматтардың  атын  атап,  түсін 

түстеп, олардың еңбектеріне толағай табыс 

тіледі. Атап айтқанда, қалалық мәслихаттың 

шешімімен  өңіріміздің  әлеуметтік-

экономикалық  дамуына  қосқан  үлесі, 

өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен халықтар 

арасындағы  достықты  нығайтудағы  ерен 

еңбегі  және  қоғамдық  өмірге  белсене 

араласқаны үшін «Жамбыл-Жылу» МКК ди-

ректоры Жұмабек Бөлекбаев, жеке кәсіпкер, 

облыстық  қоғамдық  кеңестің  мүшесі 

Әбдрахым  Едігеев,  «Қазфосфат»  ЖШС 

Минералды тыңайтқыштар зауытының  бас-

шысы Төлепбек Исаев, №1 қалалық балалар 

ауруханасы  бас  дәрігерінің  орынбасары 

Ғибадат  Кемелбекова,  «ТаразПассТранс» 

ЖШС  директоры  Мәмбет  Күшікбаев, 

ТИГУ доценті Сәуле Мұсаева, М.Х. Дула-

ти атындағы ТарМУ ректоры Махметғали 

Сарыбеков,  облыстық  «Ақ  жол»  газетінің 

директор-бас редакторы Көсемәлі Сәттібаев, 

«Тараз-Су» МКК басшысы Марат Смаилов 

және  еңбек  ардагері  Жұман  Түкебаевқа 

«Тараз  қаласының  Құрметті  азаматы» 

атағы берілді.  Ал Президент Жарлығына 

сәйкес,  мемлекетіміздің  қалыптасуы  мен 

дамуына,  егемендіктің  нығаюына  елеулі 

үлес  қосқаны  үшін  қала  әкімі  Нұржан 

Календеров  және  орынбасары  Кенжебек 

Олжабай, «Тараз-Арена» КМК директоры 

Дәулетбай Есімбеков, «Жамбылхимстрой-

инженеринг» ЖШС басшысы Юрий Мина-

ков, облыстық онкологиялық диспансерінің 

бас дәрігері Абай Нұржанов, №2 қалалық 

ауруханасы  бас  дәрігерінің  орынбаса-

ры  Гулам  Умаров,  қалалық  деңгейдегі 

қоғамдық  кеңестің  төрағасы  Қаржаубай 

Бекболатов, «Жамбылгипс» АҚ 1-ші вице-

президенті Қахар Момынов, «Қазақтелеком» 

АҚ  филиалы  Жамбыл  облыстық  теле-

коммуникациялар  дирекциясының  бас 

директоры  Жанықұл  Сартбаев,    «Егемен 

Қазақстан» республикалық газетінің Жам-

был  облысы  бойынша  меншікті  тілшісі 

Оралхан Дәуіт, қалалық мемлекеттік кірістер 

басқармасының  басшысы  Ерлібек  Зикеев, 

«Нұрбанк»  АҚ  филиалының  директоры 

Оксана Иловская, қалалық жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің 

басшысы Гауһар Олжабаева, қалалық эко-

номика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 

басшысы  Қайсар  Сарытай  «Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» 

мерекелік  медалімен  наградталды.  Бұдан 

бөлек шаһардың дамуына қосқан қомақты 

үлесі  мен  еңбек  жолында  қол  жеткізген 

елеулі жетістіктері үшін тағы 10 азамат қала 

әкімінің  Құрмет  грамотасымен  марапат-

талды. Салтанатты жиын соңында қалалық 

деңгейдегі  қоғамдық  кеңестің  төрағасы 

Қаржаубай  Бекболатұлы  мен  облыстық 

«Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі 

Сәттібайұлы  сөз  тізгіндеп,  жоғарыда  

аталған  азаматтардың  ерен  еңбектерін 

Еңбектің еленгені.   суреттерді түсірген Н.тұрғынбек.

мақтанышпен жеткізді.  

Жемісті жолға – 

лайықты марапат

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 

қала  әкімі  Нұржан  Календеров  бірқатар 

азаматтарды  мерекелік  медальмен  мара-

паттады. 

Алдымен қалалық мәдениет үйінде бастау 

алған    салтанатты  жиында  сөз  сөйлеген 

шаһар басшысы қала жұртшылығын мерейлі 

мерекемен құттықтады.

– Баршаңызды еліміздің Тәуелсіздік күні 

мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 

Бұл  –  Қазақ  елінің  жаһанға  танылған, 

барлық  игілігіміздің  бастауы  болған  ең 

басты  мерекеміз.  Сіздер  осындай  айту-

лы  күн  қарсаңында  марапатқа  ие  болып 

отырсыздар. Бұл – жеке азаматтар арқылы 

барша халқымыздың ерен еңбегіне деген 

баға. Кез келген ел өзінің ерен өнерімен, 

мәйекті мәдениетімен ерекшеленеді. Бүгінгі 

марапаттарыңыз  құтты  болсын!  –  деді 

Нұржан Сәбитұлы. 

ҚР  Президентінің  Жарлығына  сәйкес, 

мемлекеттің  қалыптасуы  мен  дамуына 

және егемендіктің нығаюына елеулі үлес 

қосқаны үшін, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 25 

жылдығы құрметіне орай «ҚР Тәуелсіздігіне 

25 жыл» мерекелік медалімен өңіріміздің 

әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 

дамуына  үлес қосқан 20-дан астам азамат 

марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, 

бизнес,  білім  беру,  денсаулық  сақтау 

салаларының  көрнекті  өкілдері,  әскери 

қызметшілер, құқық қорғау органдарының 

қызметкерлері, спортшылар, ғылым және 

мәдениет  қызметкерлері  бар.  Сондай-

ақ  жиында  облыс  әкімінің  Құрмет  гра-

мотасымен    қала  әкімі  аппаратының 

ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің 

бас  маманы  Салтанат  Әлішбаева,  қала 

әкімі  аппаратының  бас  инспекторы                                                                 

Болат Баудинов, қалалық сәулет және қала 

құрылысы  бөлімі  басшысының  орынба-

сары  Айдар  Молдабеков  марапатталды. 

Ал  облыс  әкімінің  Алғыс  хатына  қала 

әкімі аппаратының бас инспекторы Марат 

Мейрбеков лайық деп танылса, облыстық 

мәслихаттың  Құрмет  грамотасы  қала 

әкімі аппаратының бас инспекторы Қанат 

Нұрлановқа  табысталды.  Сонымен  қатар 

жиында  «Нұр  Отан»  партиясы  Жамбыл 

облыстық  филиалының  Құрмет  грамо-

тасымен    қала  әкімінің  кеңесшісі  Жанна                                                                                             

Сембекова  мен  қала  әкімінің  жер 

қатынастары  бөлімі  басшысының  орын-

басары  Арнұр  Тоқсабаев  марапатталды. 

Қаланың  дамуына  қосқан  қомақты  үлесі 

мен  еңбек  жолында  қол  жеткізген  елеулі 

жетістіктері  үшін  қала  әкімінің  Құрмет 

грамотасына    «Диамонд»  халықаралық 

әмбебап тауар биржасы» АҚ-ның президенті                     

Нариман Мауленов, қалалық соттың судия-

сы Джибек Арустамбаева, қалалық соттың 

төрағасы  Алмаз  Ибраев  пен  қалалық 

әділет  басқармасы  басшысының  орынба-

сары Нағима Ақынбекова және №2 соттың 

кеңсе  бөлімінің  бас  маманы  Ерболат 

Жақсыбаев лайық деп танылды. Жиын ба-

рысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 

орай Абай атындағы облыстық кітапхана 

қызметкерлері кітап көрмесін көпшілікке 

таныстырды.  Салтанатты  жиын  соңы 

мерекелік концертпен жалғасын тапты.



Еңбек елеусіз 

қалмайды

Мереке  қарсаңындағы  марапат  қала 

әкімінің мәжіліс залында жалғасты. Қала 

әкімі Нұржан Календеров әуелі сөз алып, 

шаһардың жеткен жетістіктерін атап өтіп: 

«Тұғырлы Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!»- 

деп  келушілерді  мерекемен  құттықтады. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне орай 

«ҚР  Тәуелсіздігіне  25  жыл»  мерекелік 

медалімен  «Жамбыл-Тараз»  газетінің 

директор-бас  редакторының  орынбасары 

Ерман  Әбдиев,  қала  әкімінің  кеңесшісі-

баспасөз хатшысы Гүлбахрам Дүйсекова, 

қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді да-

мыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, 

№5 қалалық емхананың бас дәрігері Шолпан                                                                                       

Иманбекова,  №6  қалалық  емхананың  бас 

дәрігері  Дүйсенкүл  Керімбаева,  зейнет-

кер  Маруа  Омарова,  «Таразтрансэнерго» 

МКК-ның бас инженері Арман Бектібаев, 

қала  әкімі  аппаратының  бас  инспекторы 


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

5

МЕРЕкЕ



 

„

Қала жастары Қр тәуелсіздігінің 25 



жылдығына орай елордамыз астана 

қаласына ізгі тілектерін жеткізді.

арайлы астанам – 

бас қалам!

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Арай-

лы  Астанам  –  бас  қалам!»  атты  жастар  акциясы 

өтті. Қала жастарының басын қосып, еліміздің 25 

жыл ішінде түрлі саладағы жетістіктерін мақтан 

ету  және  жеке  табыстарға  жетуге  деген  ниетін 

қалыптастыруды мақсат еткен ілкімді шараны қала 

әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық 

орталығы  ұйымдастырды.  Акцияның  алғы  сөзін 

алған Жастар ресурстық орталығының басшысы                                                                                                                         

Е л д о с   Т ө л е н д и е в   ж и н а л ғ а н   ж а с т а рд ы 

Егемендігіміздің  25  жылдығымен  құттықтап, 

Сарыарқаның  төсі,  Еуразияның  жүрегінде 

орналасқан  еліміздің  бас  қаласы  Астана 

жалпыұлттық  сипатқа  ие  болған,  халықтың 

асыға  күткен  зор  қуанышына  айналған  елорда 

болғандығын  жеткізді.  Жастығына  қарамастан, 

Астана  қаласының  бүгінгі  күні  қол  жеткізген 

жетістіктеріне тоқталды. 

- Бүгінгі күні мемлекетіміздің бас ордасы шығыс 

пен батысты, сан алуан мәдениет пен өркениетті 

жақындастыратын орынға айналды. Сонымен қатар 

дінаралық үн қатысуды насихаттауға бағытталған 

түрлі  халықаралық  шараларды  өткізіп  тұратын 

маңызды  қала.  Астананың  мәдени  және  рухани 

өмірі  де    күн  санап  өркендеп  келеді.  Еліміздің 

астанасы - қарыштап дамыған мемлекеттік мәңгілік 

достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына 

мақтана  көрсетер  жетістіктері  де  аз  емес.  Аста-

на  –  болашағы  жарқын  қала.  Сондықтан  да 

Қазақстанның мәртебесі артып, бас қаламыз одан 

әрі дами бермек. Барша қазақстандықтар үміт артып, 

үлгі етіп отырған елорданың қарышты қадамы, шы-

нында да, мақтан етуге лайық. Сайын Сарыарқаның 

төсіндегі әз-Астанамыз жылдар өте алып Азия мен 

Еуропаның  шоқтығы  биік  қалаларының  біріне 

айналатынына сенім мол. Астана – барша жұртқа 

мәлім  Елбасының  туындысы,  ерен  идеясының 

Марат Аккулиев, қала әкімі аппаратының 

қаржы-шаруашылық  бөлімшесінің 

бас  маманы  Асан  Кәукеш,  қала  әкімі 

аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас ма-

маны Әсел Әбділдаева, қала әкімдігінің 

сәулет  және  қала  құрылысы  бөлімінің 

басшысы  Ілияс  Бекежанов,  қала 

әкімдігінің дене шынықтыру және спорт 

бөлімінің басшысы Оксана Борисюк, қала 

әкімдігінің  тұрғын  жай-коммуналдық 

шаруашылық,  жолаушы  көлігі  және 

автомобиль  жолдары  бөлімінің  бас-

шысы  Бақытжан  Жақсылықов,  қала 

әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас-

шысы Сәкен Жұманқұл, қала әкімдігінің 

құрылыс  бөлімінің  басшысы  Мақсат 

Нұржанов,  қала  әкімдігінің  қаржы 

бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков, 

қала  әкімдігінің  ауыл  шаруашылығы 

бөлімінің басшысы Абзал Тлеубаев, қала 

әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысының 

орынбасары  Нұрбол  Қалдыбаев,  қала 

әкімдігінің  мәдениет  және  тілдерді 

дамыту  бөлімінің  сектор  меңгерушісі 

Кәмилә Абашова, орталықтандырылған 

көпшілік кітапханалар жүйесінің бөлім 

меңгерушісі Тамара Пак марапатталды. 

Сондай-ақ  салтанатты  жиында  қала 

әкімінің Алғыс хатына «Оңтүстік ары-

лу» қоғамдық қорының төрағасы Дәурен 

Бағжанов  пен  қала  әкімі  аппаратының 

кеңсе  бөлімшесінің  бас  маманы  Әлия 

Тойбаева  лайық  деп  танылды.  «Нұр 

Отан»  партиясының  бағдарламалық 

мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге 

асыруға  қосқан  қомақты  үлесі  үшін 

қала  әкімі  аппаратының  азаматтардың 

хал ақтілерін тіркеу бөлімінің басшысы 

Бақытнұр Тлеубекқызы партияның Алғыс 

хатын иеленді. Ал қаланың әлеуметтік-

экономикалық дамуына қосқан қомақты 

үлесі үшін №3 балабақша меңгерушісі 

Ләззат Байназарова қалалық мәслихаттың 

Құрмет  грамотасымен  марапатталса,  

қалалық мәслихаттың Алғыс хаты бірқатар 

азаматтарға табысталды. 



Партия үздіктері 

анықталды

Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай 

«Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық 

филиалы Тәуелсіздік құрдастарын партия 

қатарына қабылдап, қалалық филиалға 

қарасты бастауыш партия ұйымдарының 

жеңімпаздарын марапаттады. Әуелі сөз 

алған «Нұр Отан» партиясы қалалық фи-

лиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Арын  Асқарбеков  жиылған  көпшілікті 

мерекемен құттықтады.

  –  Тәуелсіздік  кез  келген  елдің  баға 

жетпейтін ең қастерлі құндылығы болып 

табылады. Біз – азаттықтың арқасында 

айымыз оңынан туып, төрткүл дүниеге 

түгел  танылған  халықпыз.  Ширек 

ғасырда  әлемдік  деңгейдегі  тұлға  – 

Елбасының  сындарлы  саясатының 

арқасында  Қазақстан  демократиялық, 

саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы 

тұрақты,  халқының  әл-ауқаты  жоғары, 

жаһанға бейбіт тірлік, берекелі дамуымен 

танылған  мәртебелі  мемлекет  ретінде 

қалыптасты. Барлықтарыңызды мерейлі 

мерекемен құттықтаймын, – деді Арын 

Ілиясұлы. 

Сонымен қатар салтанатты жиында «Нұр 

Отан» партиясының Құрмет грамотасы 

мен Алғыс хаты партияның бағдарламалық 

мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге 

асыруға  қосқан  қомақты  үлесі  үшін 

бірқатар азаматтарға табыс етілді.  Бүгінде 

партия құрамында 1 миллионнан астам 

мүше болса, соның 16 мыңнан астамы 

тараздықтар. Күні кеше Астана қаласында 

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппа-

ратында «Нұр Отан» партиясының үздік 

қоғамдық  қабылдауы»  республикалық 

байқауында  Тараз  қалалық  филиалы 

лауреат атанса, «Үздік бастауыш партия 

ұйымы»  аталымы  бойынша  «Арай-

СтройМаркет» ЖШС жүлделі ІІІ орынды 

иеленген болатын. Осы орайда, жиында 

Арын Асқарбеков серіктестіктің дирек-

торы мен қоғамдық қабылдау бөлмесінің 

басшысын  партия  атынан  құттықтады. 

Сонымен қатар ең үздік бастауыш партия 

ұйымдарын анықтау және олардың жұмыс 

істеу тәжірибесін тарату мақсатында «Нұр 

Отан» партиясы жыл қорытындысының 

нәтижесі бойынша қалалық үздік баста-

уыш партия ұйымының жеңімпаздарын 

марапаттады.

Сала мақтаныштары 

салтанатқа бөленді

Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай  

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік 

кірістер  департаментінің  талап  пен 

тәжірибені тоғыстырған білікті маман-

дары  мерекелік  марапатқа  ие  болды. 

Қалалық мәдениет үйінде өткен мерекелік  

жиынға облыс әкімінің бірінші орынба-

сары Бекболат Орынбеков, Мемлекеттік 

кірістер департаментінің басшысы Асқар 

Тынысбеков,  Қаржы,  Қазынашылық, 

Ішкі  аудит,  Мемлекеттік  мүлік  және 

жекешелендіру департаменттерінің бас-

шылары қатысты.  Жиналған көпшілік ең 

алдымен сахнада орнатылған лэд-экранда 

тікелей эфир арқылы Астана қаласындағы 

Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  қатысуымен  өткен    сал-

танатты жиынды тамашалады. Жемісті 

жетістіктер мен жағымды жаңалықтарға 

толы Мемлекет басшысының сөзінен кейін 

мерекелік  кешті  Мемлекеттік  кірістер 

департаментінің басшысы ашып берді. 

- Тәуелсіз еліміздің  құрылғанына 25 

жыл толуы – ел өміріндегі ең маңызды 

оқиға.  Осы  күні  Қазақстан  алғаш  рет 

ресми  түрде  әлемдік  қоғамдастықпен 

танылған тәуелсіз ел мәртебесін алды. Бұл 

заманалық маңызы бар оқиға  еліміздің 

көптеген ұрпағының мыңдаған жылдар 

бойы армандаған мүддесі мен үмітінің 

орындалу нәтижесі болып табылады. 25 

жылда еліміз дамыған елу елдің қатарына 

енді.  Бүгінде мемлекетіміздің жыл санап 

даму қарқыны артып келеді. Дағдарысқа 

қарамастан,  қашанда  еліміздің  кіріс 

бөлігі жүз пайыздан астам көрсеткішке 

ие  болуда.  Мәселен,  соңғы  20  жылда 

өңірдегі  кіріс  көлемінің  көрсеткіші  19 

есе  өскен.  Егер  1995  жылы  жергілікті 

қазынаға 3,6 млрд. теңге кіріс түссе, 2015 

жылы  67,8  млрд.  теңгеге  артып  отыр.  

Екіншіден, салада кәсіби білікті маман-

дар  шоғыры  қалыптасты.  Үшіншіден, 

материалдық-техникалық базамыз жетілді. 

Мұның бәрі жұмысты жеңіл әрі жедел 

атқаруға  септігін  тигізіп  отыр,  -  деген 

Асқар  Станиславұлы  өңірдегі  жалған 

кәсіпкерлікпен  күрес  жұмыстарының 

нәтижелерімен бөлісіп, сала ардагерлері 

мен бірқатар білікті мамандар шоғырын 

мерекеге орай марапаттап, оларға Қаржы 

министрінің,  Мемлекеттік  кірістер 

комитетінің  және  Жамбыл  облысы 

әкімі мен өзінің атынан медальдер мен 

Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарды                                                                      

табыстады.  Мерекелік  марапатқа  ие 

болған қуанышты мамандардың қарасы 

қалың. Сала ардагерлері де сөз тізгіндеп, 

жас мамандарға ізгі тілектерін жеткізді. 

Департамент басшысы сала ардагерлеріне 

естелік сыйлықтар тарту етті. 

– Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдары  

Қазақстанның ең маңызды да сындарлы 

кезеңі болып тарих қойнауына енді. Өткен 

25 жыл ішінде еліміз ауызбіршілігі мен 

ынтымақ-ырысын  ыдыратпай  сақтай 

отырып, жоғары экономикалық-әлеуметтік 

табыстарға қол жеткізді.  Мемлекеттік 

кірістер  органдары    бүгінде  еліміздің 

қаржы  тұрақтылығын  бақылайтын 

маңызды салалардың бірі болып отыр. Бұл 

саланың маңызды көрсеткіштерінің бірі - 

бюджетті толтыру. 2016 жылдың 11 айын-

да облысымыздың кірісшілері жергілікті 

бюджетке  63,9  млрд.  теңге  өндіріп, 

берілген болжамдық жоспарды артығымен 

орындады. Берілген болжамдық жоспар 

107,3  пайызға  орындалып,  өткен  2015 

жылғы түсімдермен салыстырғанда 7,4 

млрд. теңгеге асыра орындалған, - деген                                                                                         

Бекболат Серікбекұлы сала мамандарының 

еңбегіне толағай табыс тіледі.

Са лт анатты  шара  жамбылдық 

өнерпаздар  мен  саладағы  өнерлі 

мамандардың орындауындағы концерттік 

бағдарламамен жалғасты.  

Дайындағандар

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ,

Арайлым ШАБДЕНОВА.

Ортақ жүк, ортақ жеңіс!   суретті түсірген Н.тұрғынбек.

жемісі.  Бұл  –  туған  елінің  болашағына  деген 

перзенттік парызының айқын көрінісі. Мемлекет 

басшысы қаланың өсуі мен өркендеуін қалт жібермей 

қадағалап, ерекше назарда ұстап келеді, - деді Елдос 

Жанатбекұлы.  Расында,  Астана  байтақ  еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық дамуының қуатты көзі рөлін 

атқарып келеді. Себебі жаңа Астананың бастаушысы 

Елбасы, қолдаушысы ел-жұрты екені әмбеге аян. 

Бүгінде бүкіл ел Астанаға қарап бой түзеп, ол қаланың 

мерекесі тек астаналықтардың ғана емес, барша қалың 

қазақтың ортақ мерекесі. Елімізде өмір сүріп жатқан 

түрлі ұлттардың ортақ қуанышы. Акцияға жиналған 

жастардың пікірі осы арнада тоғысты. 

 Шара барысында сөз тізгіндеген қалалық арда-

герлер кеңесінің мүшесі Нина Жолдасбаева Астана 

қаласы туралы жылы лебізін білдіріп, болашағына 

үлкен сеніммен қарайтындығын жеткізді. Ал қала 

жастарының атынан құттықтау жеткізген «Жасыл ел» 

жасақтарының штаб меңгерушісі, ТарМПИ Жастар 

ісі жөніндегі комитет жетекшісі Берік Үскембаев жас 

қалаға деген ақжарма тілегін білдірді. Сондай-ақ №51 

орта мектептің оқушысы, жас ақын Мирас Сабырәлі 

елордаға деген сүйіспеншілігі мен жүрекжарды тілегін 

өлеңмен өріп, сезімін жыр шумақтарымен тулатты.     

Жастардың  Отан  алдындағы  жауапкершілігін 

сезіндіріп, еліне деген сүйіспеншілігін арттырған акция 

соңы қала жастарының концерттік бағдарламасына 

ұласты.         



ҚОғАМ

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



тОлайым жылдар 

жЕмісі

 

„

аймақта білім саласын қаржыландыру көлемі 1999 жылдан 



бері  33,4 есеге өсіп, ол қаржы бүгінгі күні 90,3 млрд. теңгені 

құрап отыр.

Білім саласында бәсеке бар

Арайлым БАҚЫтжАНҚЫзЫ

Өңірлік  коммуникациялар  қызметінің 

алаңында  журналистермен  кездескен  об-

лыс әкімдігі білім басқармасының басшысы 

Сұлушаш Құрманбекова сала жетістіктеріне 

тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыста 

97 мектеп, 11 мектепке қосымша ғимарат, 25 

балабақша, 1 колледж, 2 колледжге қосымша 

ғимарат, 2 колледжге жатақхана - барлығы 138 

білім нысаны салынып, пайдалануға беріліпті. 

2016-2017  оқу    жылында  6  мектеп  пен  1 

мектептің қосымша ғимараты, 5 балабақша 

және  1  балабақшаның  қосымша  ғимараты 

пайдалануға берілсе, құрылысы жүріп жатқан 

4 мектеп пен 1 мектептің қосымша ғимараты 

келер жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. 

Ағымдағы жылы 42 білім нысанын күрделі 

жөндеуден,  118  білім  нысанын  ағымдағы 

жөндеуден өткізуге 4 млрд. 937  млн. 579 мың 

теңге бөлінген. Жыл басында апатты жағдайда 

тіркелген  11  мектептің  2-і  жаңа  құрылыс 

есебінен  жаңа  оқу  жылында  пайдалануға 

берілсе,  3  мектептің  мәселесі  2017  жылы 

шешіледі. Ал 6 мектептің мәселесі 2017-2018 

жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жо-

спарланыпты. Бүгінгі күні анықталғаны  облыс 

бойынша  9  мектеп  апатты  жағдайда.  Жаңа 

оқу жылында оқушы орнының тапшылығына 

байланысты  2  мектеп  3  ауысымда  жұмыс 

істейтіндігі анықталды. Бүгінгі күні облыс бой-

ынша 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. 

Елбасының Жарлығымен қабылданған «Ба-

лапан» бағдарламасы аясында мектеп жасына 

дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие 

және оқытумен қамтылуына үлкен мүмкіндік 

жасалған. Осы жылдар аралығында өңірде 280 

(132 балабақша, 148 шағын орталық) мектепке 

дейінгі білім мекемесі  ашылып, онда 29728 

бүлдіршін қамтылған. 

  –  Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруға, 

имиджін  көтеруге,  материалдық  ынталан-

дыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2012 жылдан 

бастап  19  педагог  республикалық  «Үздік 

педагог»  байқауында  жеңімпаз  атанып, 

айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген 

мөлшерінде  гранттар  иеленді.  Сондай-ақ 

2012 жылдан бүгінгі күнге дейін 25767 пе-

дагог  білімдерін  жетілдірді.  Үш  деңгейлік 

курстардан  өткен  4077  педагогтың  айлық 

жалақыларына  үстеме  ақы  төлеу  үшін 

1  млрд.  41  млн.  69  мың  теңге  бөлінді. 

Оқушыларды  оқулықпен  қамтамасыз  ету– 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет